Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

Коронавирустық эпидемия кезінде адамдармен қалай араласамыз
Елде карантиндік шаралардың жеңілдеуіне байланысты салтанатты іс-шаралар, еске алу кештері және басқа да бас қосулар қайта жандана бастады.
Коронавирустық эпидемия жағдайында қалай оқшаулануымыз керек?
Бүгінде көптеген адамдарда коронавирус анықталуда. Біразында коронавирустық инфекция ешқандай симптомсыз немесе болмашы көріністермен өтуде. Сонымен бірге ауру көбінесе сиптомсыз басталғанмен, бірнеше күннен соң симптомдар байқалып жатады. Мұны инфекцияның беймәлім немесе жасырын кезеңі деп атайды.
Коронавирустық пандемия кезінде неге маска кию маңызды
Маска неден қорғайды? Коронавирус жұқтырған адам жөтелген кезде, тіпті жай ғана сөйлесіп, тыныс алған кезде де вирустық бөлшектерді бөледі. Вирустар ағзаға ауыз, мұрын және көз арқылы енеді. Маскаларды кию арқылы сіз өзіңізді инфекциядан қорғайсыз.
Коронавирустық инфекцияның зардабы
Соңғы уақытта менің достарымның, жақындарымның және туыстарымның көбісі коронавирусты жұқтырды. Олардың көбісінде инфекция симптомсыз немесе жеңіл түрде өтуде. Араларында ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде болғандары да бар. Ауру дендеп барады, күн санап науқастар саны көбейіп жатыр.
Коронавирустық инфекцияның алдын алуда және емдеуде қымыздың орны бөлек
Қымыз – көшпелі ата-бабаларымыздың әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, оны қоректік, емдік сусын ретінде медицинада кеңінен қолдануға болады. Атақты тарихшы Геродоттың өзі қымыз туралы жазған болатын. Сондай-ақ, біздің дәуіріміздің басындағы қытай шежірелерінде саяхатшылар, миссионерлер, орта ғасырлардағы этнографтар және кейінгі кездердегі мәліметтерде де осынау бір сусын жайында айтылады.
Коронавирустық инфекцияны емдеу және ауру ағымының әртүрлі өтуінің себептері
Коронавирус инфекциясы көп жағдайда симптомсыз немесе болмашы көріністерімен жүреді. Алайда, ауру көбінесе суық тиюдегі ұқсас симптомдармен бірге өтеді: дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел, тамақтың қышуы мен жұтынудағы ауырсыну, мұрынның бітелуі, тыныс алудың қиындауы, ентігу, дененің және бұлшықеттердің ауырсынуы секілді.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны әзірлеу турасында
Бүгінде көпшілігімізді коронавирусқа қарсы вакцинаның қашан дайын болатыны мазалайды. Қазіргі коронавирус геномы ғылыми түр¬де талдана бастаған жарты жылдың ішінде вакцинаға қатысты 140 жоба на¬зарға алынып, оның 20-сы клиникалық сынақтардан өтіп жатыр.
Коронавирустар қалай мутацияға ұшырайды?
Вакциналар коронавирустың таралу тізбегін толығымен тоқтатқанша, оған тірі қалу үшін мүмкіндігінше көп адамдарға жұғып үлгеруі маңызды. Ол үшін коронавирус өзінің генетикалық құрылымын үнемі өзгертіп отырады, яғни мутацияға ұшырайды.
Коронавирустар қалай ауру тудырады және ол қалай білінеді?
Коронавирустар адам ағзасына ауа өтетін жолдар арқылы кіреді де, өкпенің төменгі жақ бөлігіне жайылып, онда орналасқан жасушаларды үлкен мөлшердегі коронавирус өңдейтін «фабрикаға» айналдырады. Мұның барлығы ақыр соңында жасушалардың тез тозуына, тіпті өліміне алып келеді. Осылайша өкпе тіні коронавирустық инфекцияның жайылуына басты себепшісі болып табылады.
Коронавирусқа қатысты қандай болжамдар бар және кезекті локдаунды күтеміз бе?
Жаз мезгілінде коронавирустың жаңа толқыны келе жатқаны туралы ескерткен болатынмын. Содан кейін Вашингтон университетінің профессоры Крис Мюррейдің моделі бойынша маска тағу және әлеуметтік арақашықтық сияқты сақтық шараларын сақтау жеткіліксіз болса, сондай-ақ ауруханалар секторы уақытылы дайын болмаған жағдайда Қазақстанда қараша айында COVID-19 ауруының жоғары деңгейін болжаған едім.
Коронавирусқа қарсы тиімді вакцина жайлы
Бостондағы Moderna компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы Pfizer және BioNTech әзірлеген вакцинадан асып түсетін нәтиже көрсетті. Moderna вакцинасының тиімділігі 94 пайызды құрайды.
Коронавирусқа қарсы вакциналар: вакцина сынақтары қалай жүргізілуде? Олардың жасап шығарылуы біздің пандемияны жеңуімізге қаншалықты көмектеспек?
Жақында неміс BioNTech биотехнологиялық компаниясы мен Pfizer фармацевтикалық концерні бірлесіп жасаған коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімділігі 90 пайыз болды деп хабарланды. Бұл көрсеткіш нені білдіреді? Вакцина сынақтары қалай өткізіліп жатыр? Оның жасалуы біздің індетті жеңуімізге қалай көмектеспек?
Коронавирусқа қарсы вакцина және иммунитет
Вакцинаның атқаратын міндеті – ол біздің иммундық жүйеге вирустарға қалай қарсы күресу жолын үйретеді. Қолданыстағы вакциналардың көпшілігі өлі немесе әлсіреген вирустарға, немесе оның фрагменттерін пайдалануға негізделген. Осының арқасында вакцина ауру туғызбайды, бірақ вакцина ағзаға енген кезде біздің иммундық жүйеміз нақты жауымызды тануда және қауіп туындаған жағдайда тойтарыс беру үшін оны жіті зерделейді екен.
Коронавирус. Тазалық - денсаулық кепілі
COVID 19 вирусы қазіргі таңда бар елдің бойына қорқыныш үйіргені анық, жаппай таралуымен бірнеше елді қамтып сондықтан да, қазіргі таңның ПАНДЕМИЯсы болып отыр. Сондықтан да келесі пайдалы кеңестерге құлақ асқан жөн.
Коронавирус: қайдан пайда болды және ол қаншалықты қауіпті
Ең алдымен, вирустар дегеніміз не екендігі жайлы толықтай түсініктеме беріп өткен жөн деп есептеймін. Жалпы вирустар планетамызда шамамен 4 млрд жылдай өмір сүріп келеді. Олар бактериялар мен саңырауқұлақтар сияқты микроорганизмдер болып табылады.
Коронавирус: Қазақстан үшін үлкен сабақ
Төтенше жағдайға байланысты Қазақстан республикамыздан шығуға және сырттан кіруге қозғалыс шектелген. Сондай-ақ, ірі сауда кешендері мен ойын сауық орталықтары, кинотеатрлар мен көрмелер жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар спорттық ойын түрлерін өткізуге және отбасылық мерекелер ұйымдастыруға да қатаң тыйым салынады.
Коронавирус: әрі қарай не істеу қажет?
Адамзат баласы бұған дейін SARS-CoV-2 короновирусына тап болған емес. Сол себепте адамдарда оған қарсы тұра алатын иммунитет те қалыптаспаған. Мәселені вакцина шешер еді. Алайда оны жасап шығару бірнеше ай уақыт жұмсалады. Оның тиімділігі мен адам өміріне қауіпсіздігін толық анықтау үшін кемінде 1 жыл қажет. Ал бұл тым ұзақ уақыт.
Коронавирус мутацияланады ма?
Жауабы – иә, мутацияланады. Коронавирус әрдайым мутацияланады және бұл шамамен екі апта сайын орын алып тұрады. Алайда, мутацияның көпшілігі вирустың әрекет етуіне айтарлықтай әсер ете қоймайды.
Коронавирус және жүктілік
Жүкті әйелдерде әдетте, иммундық қорғаныс әлсірегендіктен тыныс жолдарының инфекцияларына көбірек ұшырайды. Сонымен қатар жүкті әйелдер инфекция жұқтырғанда көбіне ауыр салдарға душар болады, тіпті баланың денсаулығына да зияны тиіп жатады.
Коронавирус және басқа да ауруларға қарсы күресте қолданылатын технологиялар
Елестетіп көріңізші, смартфоныңызға сіз жақында супермаркетке барған уақытта, ол жақта коронавирус жұқтырған адамның болғандығы туралы хабарлама келіп тұрса. Оның үстіне, ол кісінің қандай азық-түлік өнімдерін сатып алғандығы жайлы мәлімет берілсе.

Сізге мұның бәрі бір қиял-ғажайып болып көрінер. Алайда, жақында Оңтүстік Кореяның 90 пайызға жуық тұрғындары коронавирус жұқтырған адамдармен соңғы уақытта тығыз байланыста болу мүмкіндігі жайлы осындай хабарламалар алған болатын.
Коронавирус диагностикасы
Әдетте коронавирустық инфекцияны диагностикалау үшін тесттің екі түрі қолданылады. Біріншісі – COVID-19 инфекциясын тудыратын вирустың өзін анықтау. Оны полимеразды тізбекті реакция деп атайды.

Екіншісі антиденелердің, яғни коронавируспен күресу үшін ағзада өндірілетін иммундық молекулалардың болуын анықтайды. Ол серологиялық тест деп аталады.
Коронавирус адам ағзасында қалай пайда болды?
Коронавирустар адамзатпен бірге 55 миллион жылдан бері бар, ал біздің планетамызда шамамен 4 миллиард жылдай өмір сүріп келеді. Олардың мінсіз таратушылары – жарқанаттар болып табылады.
Компьютер алдында сағаттап отырасыз ба? Онда мына жайттарды ескергеніңіз жөн!
Егер мойынның ұюы, арқаның сіресіп қалуы, көздің қандай да бір заттың тұрғанын сезінуі және оң қолдың мұздауы сіздің әдеттегі жұмыс күніңізде болатын белгілер болса – онда сіз компьютерлік буынның классикалық өкілісіз деген сөз. Бірақ, бұл сіз компьютермен жұмыс істегенде оның жағымсыз салдарына шыдамдылық танытып келісу деген сөз емес. Ахуалды қалай өзгертеміз?
Климаттың өзгеруі және пандемия
Осыдан тура 5 жыл бұрын, 2015 жылдың мамырында, қазақ даласында бұрын-соңды болмаған оқиға орын алды. Мен оны қазіргі коронавирустық пандемиямен салыстыруға болады деп санаймын. Сол кезде әлемдегі ақбөкен популяциясының үштен екісі қырылып қалды. Оның себебі pasteurella multocida деп аталатын бактериядан болды. Бұл бактерия мыңжылдар бойы ақбөкендердің денесінде зиянсыз өмір сүрген болатын, ал сол жылы кенеттен агрессивті түрде әсер еткен еді.
Кейде бастың ауырғаны, қақсауы басқа да сырқаттың бар екендігінің белгісі болуы әбден мүмкін
Кейбір бас аурулары одан да қауіпті аурулардың белгісі болуы әбден мүмкін. Қандай кез болса да, өз уақытында кешіктірмей медициналық емге жүгінген дұрыс.

Тілді таңдау