Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

Кардиологтар инсульттан қорғау үшін бұдан былай аспиринді ұсынбайды
Қазіргі таңда дәрігерлер жүрек-қан тамырлары аурауларының қауіп факторларын яғни гипертониялық ауруды, қант диабетін және қандағы холестериннің жоғары деңгейін тиімді емдей бастады. Бұл аурулардың алдын-алу үшін аспиринді қолданудың қажеті жоқ.
Карантиннен қалай шығамыз
Қазақстанда төтенше жағдай режимі алынып тасталды, бірақ карантиндік шаралар біраз уақытқа жалғаспақ. Вакциналар мен тиімді дәрі-дәрмектердің болмау салдарынан, карантин бүгінге коронавирустан қорғанудың жалғыз механизмі болып табылады.
Карантиннен кейінгі өмір: супермаркетте, шаштаразда, стоматологта, жұмыста және ұшақта коронавирустан қалай қорғануға болады
Шектеу шараларының жеңілдетуіне байланысты дүкендер, шаштараздар және ойын-сауық орталықтары жұмыс істей бастады. Көпшілік адамдарға жұмысқа баруға және ұшақпен ұшуға рұқсат берілді. Дегенмен, коронавирустық пандемия толығымен жойлыған жоқ және инфекция қаупі әлі де сақталмақ.
Карантин не үшін қажет және ол қанша уақытқа созылады?
Қазақстанда төтенше жағдай мен карантинді сәуір айының соңына дейін созды. Бұл неліктен маңызды?

Біз далаға шығып, дүкенге немесе кафега баратын болсақ короновирустың тасымалдаушысы болып табылатын адамдарды кездестіруіміз ықтимал, тіпті олардың өздері вирус тасымалдаушысы екендерін білмеуі де мүмкін. Олардың кейбіреулері кейінірек ауырса, ал 50 пайызында ауру білінбей, ешқандай симптомсыз өтуі де мүмкін.
Карантин және көңілдің жайлығы
Сөйтіп, Қазақстанда төтенше жағдай мен карантинді сәуірдің соңына дейін созды. Әлемде де жағдай мәз емес. Коронавирус пандемиясы – бұл тарихи оқиға, бұрын болып көрмеген көлемді әлемдік дағдарыс болып тұр. Ол кәрі-жас, бай-кедей, әлсіз-мықты, ауру-сау демей барлық адамдардың өмірлеріне әсер етуде.
Кальций сүйектер мен тістердің мықтылығы үшін ғана маңызды емес
Сүйектер мен тістердің құрылымдық негізі кальций екендігі көпшілігімізге мәлім. Сонымен қатар, кальций қанның ұюына, жүрек жиырылу ырғағын реттеуге және тамыр тонусына қатысады,нерв импульстарын өткізеді, стресске қарсы тұруға көмектеседі, жасуша мембраналарының өткізгіштігін реттеуге және негізгі гормондар мен ферменттердің бөлінуіне қатысады.
Іш қатуды емдеу және алдын алу
Іш қату - адамдардың көп жария еткісі келмейтiн нәрселердің бірі. Егер сізде мұндай проблема туындаған болса, онда ол ауыр және өте жайсыз құбылыс екенін білесіз. Бүгінде ересек жастағы адамдардың шамамен 2% іш қатудан зардап шегеді; соның ішінде әйелдер мен қарт адамдар осы жайсыздыққа жиі ұшырап жатады.
Иттер қатерлі ісікті иісінен тани алады
Жыл сайын ғылыми зерттеулер дамып келеді, соның бірі иттердің ауруларды иіс арқылы ажырата алуы турасындағы зерттеулер. Мысалы: адамның досы болып саналатын осынау бір жануар науқастардың тыныс алуынан шыққан демнің иісі арқылы оның бойында өкпе қатерлі ісігі бар-жоқтығын ажыратып береді. Бұл пікірді неміс ғалымдары айтып отыр. Олар иттердің өкпе қатерлі ісігіне шалдыққан адамнан бөлініп шыққан органикалық заттарды иіс арқылы сезеді деп қорытындылады. Күндердің бір күнінде иттердің бұл аурудың бастапқы кезеңінде диагноз қою үшін пайдаланылады деп зерттеушілер үміттеніп отыр.
Инсультті емдеу және қауіп факторларын бақылау
Инсульт кезінде ми жасушаларына қан бармай қалады, нәтижесінде тіндер өледі немесе зақымданады. Инсульттің екі түрі бар: ишемиялық (ең көп таралған) және геморрагиялық. Егер миға баратын қан бірер уақытқа тоқтап қалса, оны «мини-инсульт» немесе транзиторлы ишемиялық шабуыл (TИШ) деп айтады, ол жағдайда 24 сағат ішінде барлығы толық қалпына келеді, ал геморрагиялық түрінде - артерия жарылады және миға қан кетеді.
Иммундық жүйе және оны қалай күшейту керек
Бүгінде көптеген адамдар коронавирустың қандай екенін елестете алады. Алайда, коронавируспен күрескен кезде біздің ағзамызда не болатынын елестету оңайға соқпас, мен сіздерге осы жайында айтқым келіп отыр.
Зерттеулер – ішектегі бактериялардың жетіспеушілігі депрессияға әкелуі мүмкін
Ішек микрофлорасын құрайтын бактериялардың кейбір түрлері адамның психикалық денсаулығына едәуір әсер етуі мүмкін.Бельгиялық ғалымдардың зерттеулері бойынша, күйзеліске түскен адамдарда Coprococcus және Dialister тобындағы бактериялардың жетіспеушілігі анықталғандығын Natural Microbiology журналы жариялады. Сонымен қатар, антидепрессанттарды қабылдау микроорганизмдердің санына ешқандай әсер етпейді екен.
Зерттеулер – адамның бала кезінде асқазан-ішек жолдары ауырса, онысы өскенде психикалық денсаулығына әсер етуі мүмкін
Зерттеуді (АҚШ-тың) Колумбиялық университетінде ғалымдар жүргізген. Мұны Development and Psychopathology журналына сілтеме жасай отырып Science Daily порталы хабарлады.
Зерттеу - БАҚ-тарда жарияланатын зорлық-зомбылықтар мен қайғылы жайттар туралы жаңалықтар адамдардың бақытсыз сезінуіне әкеледі
БАҚ-тарда жарияланатын әртүрлі қайғылы оқиғаларды естігенде адамның көңіл-күйі бірден бұзылады, оның салдарынан тек құлазып қана қоймай, оқиғаның ары қарай қалай өрбігенін білуге аңсары ауып, сол ақпаратты одан сайын қазбалай түсуге құмартады. Бұл жайында «Science Advances» журналында жарияланған зерттеу деректерінде айтылады.
Жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы жеміс-жидектер мен көкөністер
Жүрек бұлшықеттері, сондай-ақ қан тамырлары белгілі бір заттарды қабылдайды, соның арқасында жүрек-қан тамыр жүйесі үздіксіз жұмыс істейді әрі біздің денеміздегі алпыс екі тамырды қанмен, оттегімен және басқа да биологиялық заттармен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, әртүрлі көкөністер мен жемістер қан тамырлар мен жүрекке химиялық көмекшілерді тасымалдайды. Бүгінгі таңдағы (ҚЖА) қанайналым жүйесінің аурулары деп аталып жүрген індеттің алдын алу үшін, жүрек-қан тамырлар жүйесінің саулығын арттыру үшін, әрі оған келетін қауіпті азайту үшін пайдаланылатын ең тиімді нәрсе жеміс-жидектер мен көкөністер болып саналады.
Жүктілік және COVID-19
Пандемия барлығымызды өз денсаулығымызбен қоса жақындарымыздың, әсіресе арамыздағы осал адамдардың денсаулығын сақтауға, оларға қамқорлық жасауға мәжбүр етті. Жүкті әйелдердің иммунитеті әлсірейтіндігі белгілі. Бала көтеру процесінің өзі онсыз да физикалық жағынан, эмоциалық жағынан да едәуір күрделі өтеді. Планетаны жайлаған коронавирустық инфекция жағдайды одан бетер қиындатты десе болады.
Жедел цистит кезіндегі фитотерапия эффективтілігі
Жедел цистит – бұл кең таралған ауру және көбінесе әйелдерде кездеседі. Қазақстанда жылына жіті циститтің 500-600 мың жағдайы орын алады. Медициналық протокол бойынша циститтің барлық формасында антибактериялық терапия жүргізіледі. Бірақ соңғы жылдары жүргізілген зерттеу бойынша 1 жыл ішінде аурудың қайталануы әйелдердің 50%-ында дамиды.
Жасөспірімдерден депрессияны қалай анықтауға болады және ол қалай емделеді
Сіздің ересек балаңыз өте ашуланшақ болып жүр ме? Бұл жай ғана көңіл-күйдің жоқтығынан ба, әлде басқа нәрсе ме? Жасөспірімдердің көпшілігі өздеріне тән бірнеше күндік көңіл-күйдің кенеттен өзгеруінен кейін тез өз қалпына келіп жатады. Алайда, бірнеше аптаға, айлап немесе одан да көп уақытқа созылған көңілсіздік, күйзеліс сезімі баланың депрессияға ұшырағанын білдіреді.
Жасөспірімдер үшін ғаламтор кеңістігінде қауіпсіздік аймағын қалай жасауға болады
Бүгінгі балалар технология саласының нағыз сарапшылары. Сіз олардың ата-аналарының смартфондарымен, планшет және ноутбуктерімен қалай отыратынын жиі көріп, олардың ересектерге қарағанда шебер қолдана алатынын байқайсыз. Әрине, сіз олардың осы гаджеттерді қолдана білгенін қалайсыз, бірақ сіз олармен интернет қауіпсіздігі туралы мүмкіндігіңізше ертерек сөйлескеніңіз дұрыс.
Жаңа туылған ұл балалардың салмағы анасының стресс гормонымен байланысты болып шықты
Ғалымдар жаңадан туылған сәбидің дене салмағының тым төмен болуының себептерін анықтады – ұл балалардың орташа салмағының шамамен 38 грамдай болуының бір себебі: оның анасының бір кездері (физикалық немесе психологиялық жағынан) жарақат алуының салдарынан, күйзелістік кортизол гормонының шығып кетуінен екен. Зерттеу еңбегі «The Journal of Pediatrics» журналында жарияланды.
Жаңа тағам өнімдері қалай семіздікке әкеледі
Тәбет сезімі әр түрлі гормондармен және биологиялық белсенді заттармен басқарылады, олар мидағы ашырқану пен тойу «орталықтарына» әсер етеді. Бұл заттардың кейбіреулері («тою факторлары») мидағы тоқтық «орталығын» қоздырады, себебі жақсы тамақтанатын адам тамақтануды тоқтатады. Мұндай зат лептин гормоны болып табылады.
Жануарлар туралы бейнероликтерді көру мидың белсенділігін арттырады
Соңғы кезде Instagram және басқа да интернет-платформаларда басты кейіпкерлері күлкілі әрі сүйкімді жануарлар болып табылатын бейнероликтер көбеюде.

Мұндай бейнероликтер неліктен көп және адамдар не үшін оларды көруге құмар келеді? Біз жауабын тапқандаймыз.

Жануарлар жайлы бейнеролитер қарап уақытын жұмсайтын адамдар біз ойлағандай жалқау емес екен, керісінше ақылды болса керек. Мұндай бейнероликтер көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, мидың белсенділігін арттырады екен.
Жақсылық жасаушының ғұмыры да ұзақ
Альтруизм әр түрлі формада көрінуі мүмкін – күн сайынғы қамқорлықтан бастап, Тереза Ананың жанкешті іс-әрекетіне дейін. Көптеген адамдар өз айналысындағыларға қомқорлық жасау арқылы өздерінің денсаулықтарының едәуір жақсарғанын байқап, бұрынғы мазаларын алып жүрген сырқаттардың азайғанын, өзін-өзі бағалау сезімінің ұлғайғанын, күш-қуатының артқанын, тыныштанғанын сезген. Мұның бәрі жас шамасына қарай байқала бастаған екен. Төменде адамның жақсы істер жасау ниетін қалай арттыруға болатындығы жайлы ұсыныстар беріліп отыр.
Есте сақтау қабілетінің жасқа байланысты нашарлауына және нейродегенеративті ауруларға төзімділік игерген білім мен дағдылардың көлеміне байланысты
Жаңа нәрселерді үйрену есте сақтау қабілетінің нашарлау қаупін азайтады. Адам үнемі өзін белгілі бір жаттығуларсыз үйренуге болмайтын дағдыларды игеруге тырысуы керек. Өзіңізге жаңа хобби ойлап табыңыз, ойлау қабілетін дамыту ойындарын ойнап немесе кәсіби дағдыларды арттыру курстарына жазылып көріңіз. Күрделі тапсырмаларды орындау есте сақтауда маңызды рөл атқаратын мидағы нерв байланыстарының қызметін жақсартады.
Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады
Бүгінгі күні біздің өмір салтымыз өзгерді, және ол біздің тек нені қалай жеп жатанымызға , сондай-ақ қалай өмір сүріп, не ойланамызға байлаға байлнысты емес, одан да бөлек бір кейіпте. Бүгінде әрқайсымыздың өміріміз жасандылыққа толы, біз дұрыс тамақтанбаймыз, қжетінше қозғалмаймыз, жақсы ұйықтамаймыз осылардың өзі біздің ақыл-ойымыз бен денсаулығымыз үшін өте кереғар болып саналады.
Есте сақтау қабілетін жоғалтпау үшін не істеу керек
Қазіргі заманғы өмір сүру жағдайы барлық істердің тиімділігіне қатысты жоғары талаптар қоюда. Жоғары нәтижелілікке жетудің маңызды бөлігі ретінде – жақсы есте сақтау қабілетін айтсақ болады. Алайда, жақында жүргізілген зерттеулер күнделікті тұрмыста айтылып жүрген «бір құлағымнан кіріп, екінші құлағымнан шығып кетті» деген сөзіміздің дұрыстығын және өзектілігін растап отыр. Егерде бұл Сізге айтылған болса, онда дыбыс арқылы есте сақтау қабілетіңіз көзбен шолу немесе сипалап қарау арқылы ақпаратты есте сақтаудан қарағанда өте нашар болғаны.