Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

Бет терісі неге қартаяды және онымен қалай күресеміз
Жас ұлғайған сайын адам ағзасы да әлсірей бастайды. Дегенмен, ақылымыз толығып, өмірлік тәжірибелер жинай келе оны еркін қабылдап жатамыз. Сонда да көпшілігіміздің шамамыз келмей жататын бір жайт бар, ол - сыртқы келбет.
Ғалымдар темекіні тастауға не кедергі болатынын айтты
Кез-келген адам темекінің денсаулыққа зиян, әрі өмірге қауіп төндіретінін біледі, сонымен қатар бұл жаман әдеттен арылғысы да келеді. Дегенмен, бұның оңайға соқпасы анық.
Ана болу қауіпсіздігі: неліктен бұл мәселе алаңдаушылық тудырып отыр
Мүмкін, адам өмірінде ешқандай нәрсе баланың туылуын күткендей күтілмейтін шығар, және де ондағыдай қобалжу мен қуану сезімдерін сезіну де бола бермейтін жайт. Жарық дүние есігін ашқан нәресте туралы ғасырлар бойы ақындар мен суретшілер өз шығармашылықтарын арнап келген. Әрбір ана баласын босанған алғашқы минутын өз өмірінің ең жарқын оқиғасы ретінде есінде сақтайды, сондай-ақ отағасы да әке атанып үлкен эмоционалдық кезеңді бастан кешеді.
Ана құрсағындағы сәби дұрыс қалыптасып жетілуі үшін әкесіне қалай тамақтану керек
Әдетте, жанұялар нәрестелі болуды жоспарлағанда, ең алдымен әйелдің денсаулығы мен тамақтануына көп көңіл бөлінеді. Мысалы, әйелдерде ұрықтанғанға дейінгі кезеңде, жүктіліктің бастапқы кезеңінде түсік тастау қаупі жоғары болғандықтан, жүктілік және босану кезіндегі ақаулардың алдын алу үшін оларға В9 дәруменін (фолат) тұтынуға кеңес береді, әдетте ол көкөністер, жарма, жеміс-жидектерде болады. Кейінгі кездерде ғалымдар арасында әке денсаулығының ұрықтануға, ұрықтың кейінгі дамуына қаншалықты әсер ететіндігі туралы сұрақ туындады. Осыған жауап табу мақсатында Монреалдағы Mакгилл университетінің канадалық зерттеушілері тышқандарға сынақ жүргізген болатын.
Көзіміз компьютер мониторынан шаршағанда оны қалай басуға болады
Көптеген адамдар күніне тоғыз сағаттан артық уақытын теледидар экрандарына, компьютер мониторларына және смартфондар мен планшеттерге қарап өткізеді. Мұның бәрінің әсерінен көздің құрғау, шаршау сезімдері пайда болады, бірақ, бұл жайттар қайта қалпына келетіндіктен оған қатты алаңдаудың қажеті жоқ.
Спортпен шұғылдануды бастау қиынға соғып жүр ме? Ендеше сізді шабыттандыратын тиімді әдіс табылды
Әр адамның өмір белестерінде физикалық белсенділігімен байланысты тамаша естеліктері болады: достарымен ашық табиғат аясында серуендегені, спортпен шұғылданғаны және т.б. Нью-Хэмпшир университетінің (Дарем, АҚШ) ғалымдарының айтуынша, мұндай естеліктер адамды белсенді қозғалуға талпындырады екен.
Ғалымдар пікірі: Жалғыздық - психологиялық проблемаларға әкеліп соғуы мүмкін
Жалғыз өмір сүретін адамдар жасына немесе жынысына қарамастан психикалық бұзылуларға ұшырап жатады. Бұл пікірді Версаль Сен-Кантен-ан-Ивелин университетінің француз ғалымдары жасаған, деп хабарлайды Science Daily PLOS ONE журналына сілтеме жасай отырып.
ДДСҰ балаларды бес жасқа дейін цифрлы гаджеттерден тыю керек деп дабыл қағуда
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бес жасқа толмаған балалардың қалыпты дамуын қамтамасыз ететін жаңа нұсқаулықтарды жариялады. Ондағы баса назар аударатын нәрсе заманауи гаджеттердің балаларды ерте жастан әуестікке баулитындығы.
Ұзақ отырудың зияны қандай
Жұмыста, көлікте немесе үйде күн сайын үзіліссіз тапжылмай отырудың салдарынан денсаулыққа төнетін қауіптің алдын алу үшін аптасына екі жарым сағат физикалық белсенділік таныту керек. Мұндай қорытынды пікірді Сидней университетінің (Австралия) ғалымдары айтты.
Зерттеу - БАҚ-тарда жарияланатын зорлық-зомбылықтар мен қайғылы жайттар туралы жаңалықтар адамдардың бақытсыз сезінуіне әкеледі
БАҚ-тарда жарияланатын әртүрлі қайғылы оқиғаларды естігенде адамның көңіл-күйі бірден бұзылады, оның салдарынан тек құлазып қана қоймай, оқиғаның ары қарай қалай өрбігенін білуге аңсары ауып, сол ақпаратты одан сайын қазбалай түсуге құмартады. Бұл жайында «Science Advances» журналында жарияланған зерттеу деректерінде айтылады.
Зерттеулер – адамның бала кезінде асқазан-ішек жолдары ауырса, онысы өскенде психикалық денсаулығына әсер етуі мүмкін
Зерттеуді (АҚШ-тың) Колумбиялық университетінде ғалымдар жүргізген. Мұны Development and Psychopathology журналына сілтеме жасай отырып Science Daily порталы хабарлады.
Қатерлі ісікке қарсы жасалған жаңа вакцина лимфомамен күресу кезінде айтарлықтай әсер танытты
АҚШ-тағы шағын клиникалық зерттеулер барысында лимфомамен ауыратын науқастарға қатерлі ісікке қарсы тәжірбелік вакцинаны салып сынап көріп, перспективті нәтижелерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Nature Medicine журналы
Ғалымдардың анықтауынша, бізді ақшадан гөрі, спортпен шұғылдану әлдеқайда бақытты етеді екен
Йель және Оксфорд университеттерінің ғалымдары адам психикасының саулығы үшін қаржылық жағдайдан гөрі фиизкалық жаттығулардың едәуір маңызы зор екенін айтады. Бұған «The Lancet» журналында жарияланған зерттеудің нәтижелері дәлел бола алады.
Сирек кездесетін генетикалық мутациясы бар Британдық әйел ауырсынғанды сезінбейді екен
Guardian-ның хабарлауынша 71 жастағы Ұлыбритания тұрғыны Джо Кэмерон өмірінде ешқашан ауырсынғанды сезінбеген екен. Хирург әлгі әйелді генетикалық тестілеуге жібергеннен кейін, дәрігерлер оның бойынан сирек кездесетін мутацияны анықтаған.
Екпеден бас тарту - бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау үшін қауіпті мәселе: не істеу керек?
Бірқатар еуропалық елдерде вакцинациялаумен оңай алдын алуға болатын қызылша инфекцясы таралып, айтарлықтай дүмпу тудырды. Бірнеше күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоғамдағы 10-ға жуық денсаулыққа қауіп төндіретін жайттарды анықтады, олар атап айтқанда: эбола эпидемиясы, жаһандық жылыну, қоршаған ортаның ластануы, жүрек-қан тамырлары және басқа да жұқпалы емес аурулардың таралуы, ата-аналардың вакцнацядан бас тартуы секілді мәселелер.
Ғалымдар ыстық шайдың қаншалықты қауіпті екенін анықтады
Көптеген адамдар таңғы аста қып-қызыл жаңа дайындалған шай ішкенді қалайды. Алайда, бұл сүйікті дәстүрдің зияны да жоқ емес екен. Ұзақ мерзімді ауқымды зерттеулердің нәтижесі бойынша, ыстық шай ішкендерде өңеш ісігінің даму қаупі артуы мүмкін, деп хабарлайды International Cancer Journal.
Шаштың түсуіне әйелдер қай кезде алаңдауы керек
Жалпы адамның шашы күнделікті өмірде түсіп тұрады. Бұл қалыпты жағдай. Дегенмен, егер щеткаңызда шаштың бір топ шоғыры көрінсе немесе түскен шаштар ванна не душтың суағарын бітеп қалса, оған мән беріп, не үшін олай болып жатқанын анықтап алғаныңыз жөн.
Қорылдау қандай жағдайларда денсаулыққа қауіпті болып табылады
Ұйқы кезінде қорылдау - өте жиі кездесіп жататын құбылыс, ол ерлерде де, әйелдерде де кездеседі. АҚШ-тың ұлттық ұйқы қорының статистикасы бойынша, әрбір үшінші еркек және әрбір төртінші әйел әр түн сайын ылғи қорылдайды. Тіпті кейбір тарихшылар Ұлыбританияның премьер-министрі Уинстон Черчилль мен Виктория патшайымы ұйқы кезінде жиі қорылдағандары жайлы сөз етеді. Сонымен, неге адамдар қорылдайды?
Ғалымдар – әйел жүрегіне күтім керек
Жүрек ұстамасына ұшыраған әйелдерге жедел көмек беру кезінде әйел дәрігер жәрдем берсе, науқас көп жағдайда аман қалады екен.Бұл күтпеген қорытынды пікірді PNAS-қа сілтеме жасап Doctoroz онлайн-баспасы жариялады, оны 20 жылдан астам уақыт бойы жарты миллионнан көп пациенттердің деректерін талдаған ғалымдар жасаған көрінеді.
Тұмаудан қалай қорғануға болады
Тұмаудың қай-қайсымыздың болмасын айналып өтпейтіні рас. Әдетте суық тие қалса, бір аптаның ішінде ешқандай да арнайы ем қолданбаса да өздігінен кетеді. Бірақ, көбіміз оны болдырмағанын қалаймыз.
Қыжылды қалай тоқтатуға болады
Көптеген адамдар тамақ ішкеннен кейін немесе белгілі бір дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін кеуде тұсында ауырсыну сезінеді. Бұл жағдайда ауызға қышқыл немесе ащы дәм келуі мүмкін.
Көгерген азық-түлік несімен қауіпті
Адамдардың көпшілігі азық-түліктерді артығымен алып қойғанды ұнатады. Әдетте, күн сайын дүкенге бара бермеу үшін бір аптаға жететін заттарды алады. Және көбінесе, алған азықтарының жартысы біраз уақыттан кейін бұзыла бастайды, көгеріп жатады, содан соң оларды амалдың жоғынан тастауға тұра келеді. Әдетте бұндай жағдай +20 +30 градус температурада жылы және дымқыл жерде сақталған кезде орын алады. Көгерген азықтың түрі бұзылып, жағымсыз иісі шығады және ол айналасына тез таралады. Оның зияны да жоқ емес.
Ерлі-зайыптылық қарым-қатынаста үйлесімділікті қалай сақтауға болады
Қайсымыз болмасақ та ұзақ жылдар бойы сүйікті адамымызбен жарқын және сенімді қарым-қатынаста болғымыз келеді. Әрбір ерлі-зайыпты жандардың бақытты өмір деп санайтын өз талғамдары болады - бұл өзара түсіністік, бір-біріне деген құрмет, ортақ өмірлік мақсаттар, ортақ мәдени және адамгершілік құндылықтар және тағы басқалар, бірақ, мойындау керек, осылардың ішінде жыныстық үйлесімділік те айтарлықтай маңызды болып табылады.
Баланың тұңғыш суға түсіру кезін кейінге қалдырса ему қабілеті артады
Жаңа туылған нәрестені 12 сағат немесе одан көп уақыттан кейін шомылдырса, сәбидің омырауды жақсы еміп кетуіне септігі айтарлықтай тиеді екен. Осы жайлы жақында Journal for Obstetrics, Gynecologic, and Neonatal Nursing АҚШ-тың Кливленд клиникасында жүргізілген зерттеулерде анықталғанын жариялаған болатын.
Күнделікті істейтін қимыл-әрекетеріңіз ең тиімді жаттығулар болып табылады
Ауыр сөмкені арқалап, баспалдақпен күнделікті көтеріліп жүрсіз бе? Немесе автобусқа үлгеру үшін жылдамдатып жүгірген шығарсыз? Егер ондай жағдайлар басыңыздан өткен болса, сіз өзіңіз байқамай, қайталана беретін өте пайдалы жаттығуларды орындап жүрген екенсіз.