Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

Халықаралық сирек кездесетін аурулар күнінде redkiebolezni.kz вебсайтының іске қосылатынын қуана хабарлайды
Сирек аурулары бар балалардың шамамен 30%-ы бес жасқа дейін өмір сүрмейді . Көбісі тиісті ем қабылдамайды және дұрыс қойылмаған диагнозбен өмірден өтеді.
Холестерин деңгейінің көтерілуі және оны қалай дәрі-дәрмектердің көмегі мен салауатты өмір салтын ұстана жүріп бақылап отыруға болады
Холестерин - ағзадағы жасушалар құрамында болатын және суда ерімейтін балауыз түріндегі зат. Бұл қажетті зат, себебі бұл жасушалар мен көптеген гормондар үшін маңызды құрылыс материалы.
Шаштың түсуіне әйелдер қай кезде алаңдауы керек
Жалпы адамның шашы күнделікті өмірде түсіп тұрады. Бұл қалыпты жағдай. Дегенмен, егер щеткаңызда шаштың бір топ шоғыры көрінсе немесе түскен шаштар ванна не душтың суағарын бітеп қалса, оған мән беріп, не үшін олай болып жатқанын анықтап алғаныңыз жөн.
Шылым шегуден тыйылудың тиімді жоспары әзірленді
Көптеген темекі шегушілер өз жаман әдеттерін тастауға бірнеше рет ұмтылады, алайда көбінесе сәтсіздікке ұшырайды. Ғалымдар стратегиялық ғылыми зерттеудің нәтижесінде темекіні тастауға тырысып, бірақ өзін әлі тоқтата алмай жүргендердің басты қателіктерін анықтады.
Экстрокорпоральді ұрықтандыру бала көтеруден үміт үзген жанның өзіне де көмектеседі: ЭКО-ның тиімділігі және оған қалай дайындалу керек
Ұрықтандырудағы ең тиімді әдіс (ЭКО) экстрокорпоральді ұрықтандыру әдісі деп айтса болады, ЭКО-ны тіпті, ең тиімді мүмкіндік деп қарастыруға болады. Аталмыш әдіс эндометриоз, аналық без патологиясы жоқ адамдар мен басқа да ауруларға, сондай-ақ жатыр түтіктерінің болмауына байланысты да қолданылады. ЭКО басқа түрлі емдеу жолдарынан нәтиже ала алмаған жұптарға да ұсынылады. Ерлі-зайыптылар ЭКО-ға қаншалықты тезірек жүгінсе, оның жетістікке жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болмақ, жалпы дәрігерлер бедеулікті емдеу әдістерін қолдануды бір жылдан артық асырмауға кеңес береді.
Электронды темекі зиян ба?
Жарнамалық бейне роликтерде электронды темекі адамның шылым шегуін тоқтатуға көмектеседі деп түсіндіріледі, дегенмен, кейбір ғылыми зерттеулер бұл тезистің дұрыстығына күмәнмен қаратады. Электронды шылымдар қарапайым темекіге ұқсап келеді, оларды кәдімгі қаламға да ұқсатуға болады. Аталмыш құрылғы батареялармен жұмыс істейді және ішінде арнайы жылытқыш орнатылған, сонымен қатар никотин мен басқа да химиялық заттардан тұратын картридж бар, электронды темекі жанғыш химикаттарды адамның жұтуы үшін буға айналдыратын бүріккішпен жабдықталған.
  • 1
  • 7
  • 8
  • 9 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау