Жүктелуде...
 

Ішектік қан кету

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:48 - (17486 Оқылымдар)

Нәжіске қан араласу немесе тік ішектен қан кету көптеген аурулардың белгісі болуы мүмкін. Олар көбінесе күрделі жағдайлар, мысалы, қабынбалы процесс, инфекция, ойық жара мен қауіпті ісік болуы мүмкін. Ішектік қан кету қанның мөлшеріне және қан кетудің ұзақтығына қарасты ажыратылады.

Іштің ауырсынуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-27 10:33 - (54954 Оқылымдар)

Іштің ауырсынуы – кеуденің астыңғы жағы мен кіндіктің үстіңгі жағында ауру сезімінің пайда болуы. Адамның бұл дене бөлігі асқазан деп аталады.

Ішекте газ түзілуі, кекірік пен іштің кебуімен жалғасқан тәбеттің нашарлауы және түсініксіз салмақ жоғалту

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 04:59 - (125 Оқылымдар)

Көптеген нәрселер тәбеттің жоғалуына себеп болуы мүмкін, бірақ олардың барлығы қауіпті емес. Егер адамның қарны ашпаған болса, онда тәбеттің нашар болуы мен салмағының төмендеуі табиғи нәрсе.

Іштің қатуы (ішқатпа)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:14 - (1459 Оқылымдар)

Кейбір адамдар үлкен дәретке күніне бір немесе екі рет барса, басқалары сирек барады. Егер сізде іштің қатуы пайда болса, онда ішек босатудың жиілігі азайып, немесе нәжісіңіз шағын және қатты болады. Әдетте, іштің қату себептеріне сұйықтықтың немесе тамақтану рационында жасұныққа бай өнімдердің жетіспеушілігі жатады. Егер іштің қатуы кенеттен басталған болса немесе диетаңызға қарамастан жалғасса, сізге дәрігерге қаралуыңыз керек.

Ішкі бүйірлік байламдардың жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:30 - (129 Оқылымдар)

Ішкі бүйірлік байламдардың жарақаты – айналмалы қозғалыс жасағанда, бүгілу кезінде немесе жылдам бағытты ауыстырғанда, яғни фиксирленген қалып жағдайында соққы тигенде пайда болады.

Ішектердің қабыну синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:40 - (132 Оқылымдар)

Бұл не? Ішектердің қабыну синдромы – екі негізгі ауруды қамтиды: тоқ ішекті зақымдайтын спецификалық емес жаралы колит және Крон ауруы. Крон ауруы – ауыз қуысынан бастап анусқа дейінгі барлық асқорыту жолдарына таралады. Оның басқа аурулардан айырмашылығы – ішектің шырышты қабатында гранулем-конгломерат лимфоциттары деп аталатын факторымен сипатталады. Бұл тек Крон ауруына тән.

Іш қатуды емдеу және алдын алу

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:12 - (82455 Оқылымдар)

ҚҰРМЕТТІ ДӘРІГЕР:
Менің сіздерге қояр сұрағым бар еді. Ішім қатып, қиналып жүргеніме екі жыл болды. Бұрын бұл проблемамды, клизма арқылы реттеп алатынмын, бірақ қазір олар да көмектеспей жатыр. Сіз қандай кеңес бересіз?

Ішектің толық бұралмауы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:46 - (706 Оқылымдар)

Ішектің толық бұралмауы - жатырдағы ұрықтың ішек құрылысы дұрыс дамымағандықтан пайда болатын ақау. Бұл ақау ішектің кенеттен түйіліп қалуына себепкер болады.
Ішектің толық бұралмауы көбінесе сәбилердің бірінші айлығында белгі береді.

Ішектің түйнелісі (бітелуі)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-24 04:41 - (258 Оқылымдар)

Өңеш, асқазан, аш және тоқ ішек, бауыp, өтқабы және ұйқыбезі тағамның қоректік бөліктерін энергияға айналдырады және қоректік емес бөліктерін қалдықтарға ыдыратады, қалдықтар организмнен сыртқа шығарылады. Ішектің түйнелісі – ішектің бойымен тағамның өтуінің толықтай немесе ішінара тоқтауы.

Ішек инфекциялары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 04:34 - (238 Оқылымдар)

Бактериялық гастроэнтерит – бактериялардан туындаған асқазан мен ұлтабардың қабынуы.

Жіңішке ішек ас қорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі – ұзындығы 6 метрге дейін жетеді! Ол асқазанды жуан (тоқ) ішекпен жалғастырады, көптеген қатпарлары бар (іш қуысында орналасуы үшін). Тұтынатын тағамның көпшілік бөлігі жіңішке ішекте қорытылады. Ол үш бөліктен тұрады: ұлтабар, мықынішек, аш ішек.

  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2

Тілді таңдау