Алопеция
Жарияланды 2018-11-28 10:26 - (253 Оқылымдар) -Алопеция (бастың тақырлануы) – бұл адамның потологиялық түрде шаш түсуі және адам үшін психологиялық ауыр мәселе болып саналады. Шаш адам баласының өмірлік күш-қуаты символы іспеттес.
Алопеция (бастың тақырлануы) – бұл адамның потологиялық түрде шаш түсуі және адам үшін психологиялық ауыр мәселе болып саналады. Шаш адам баласының өмірлік күш-қуаты символы іспеттес.
Аналдық жыланkөз – анал тесігі маңындағы тесікке аналдық каналдан өтетін түтік тәрізді өтіс. Мұндай ақаудың пайда болуы тік ішекке жасалған операцияның салдарынан, тік ішектік аумақтағы абсцесстен кейін немесе Крон ауруының (ішектің қабыну ауруларының) асқынуынан болуы мүмкін.
Үлкен дәретте қанның болуы немесе тік ішектен қан кету түрлі себептерге байланысты туындауы мүмкін. Егер, дәретхана қағазының өзінде аздаған қан жағылып қалатын болса немесе басқа да осыған ұқсас жағдайлар орын алса, дәрігерге бір көрінгеніңіз абзал.
Үлкен дәретте аздап қанның араласып шығуы тік ішектің тітіркенуінен немесе геморройдың салдарынан болуы мүмкін. Негізі қанның аздап созылыңқырап шығуынан, аса қатты қорқып кетудің қажеті жоқ, себебі қан бірнеше рет шығып қайта тоқтап қалуы мүмкін.
Артериялық гипотензия (син. артериялық гипотония ) артериялық қысым мөлшерінің төмендеуімен сипатталады.
Кейбір адамдардың тумысынан қан қысымы төмен болады және олар сол күйінде де өздерін жап-жақсы сезінеді. Олар үшін төменгі қан қысымы қалыпты болып саналады. Гипотония көбінесе 30-40 жастағы әйел адамдарда немесе оданда жас 19-30 жас аралығында қыздарда кездеседі.Әйелдер де негізінен еркектерге қарағанда қан қысымы төмен болып келеді, ал жағымсыз ауа-райы немесе гормональды өзгерістер кезінде тіптен төмендеп кетуі мүмкін.
Артрит – бұл буынның қабынуы. Егер бір ғана буын қабынса онда моноартрит, бірнеше буын қабынса – полиартрит деп аталады.Артрит тікелей буынға байланысты аурудан немесе әртүрлі әсерлерден (аллергиялық, инфекциялық) болады.
Аспергиллез – саңырауқұлaқтық инфекциялық ауру, әсіресе теріні зақымдайды, сондай-ақ, құлaқты, мұрын құысын және иммун жүйесі әлсіреген адамдардың өкпeсіне зардабын тигізеді.
Рей синдромы – 5 жасқа дейінгі балалардың бауырлаpында май тінінің жиналып қалуы мен мидың ісінуімен жүретін өте сирек кездесетін бұзылыс. Бұл синдром тұмау және желшешек сияқты вирустық инфекцияны өткергеннен кейін пайда болады. Шамасы, аспиринді қабылдау осы синдромның болуын едәуір арттырады, сондықтан 20 жасқа дейінгі жастарға инфекция кезінде аспирин қолданбау керек. Тек қана дәрігер рұқсатымен ғана қабылдағаны дұрыс болады.
Атеросклероз - бұл артерияның ішкі қабатында холестериннің қалдықтарынан құралған түйіндердің тұрып қалуынан пайда болатын артерияның созылмалы ауруы болып табылады. Біраз уақыт өткеннен кейін сол түйін маңында дәнекер тін өсіп (склероз) және кальцийдің сіңбеленуінен тамыр қуысының толық бітелуі жүреді, ал бұл өз кезегінде осы артериямен қанданып тұрған мүшенің қан айналым жеткіліксіздігіне әкеледі.Осы қан айналым жеткіліксіздігі ұзақ уақытқа созылатын болса, мүшеде гангрена,некроз дамуы мүмкін.
Атопиялық дерматит – теріге бөртпелер шығып және оның қышуымен сипатталатын терінің жұқпалы емес ауруы.