Антидепрессанттар
Жарияланды 2018-07-13 10:08 - (419 Оқылымдар) -Антидепрессанттар – депрессияны емдеуге арналған препараттар. Сізге оларды емдеуші дәрігеріңіз тағайындайды. Бұл препараттардың әрекет ету механизмі - мида өндірілетін белгілі бір химиялық заттектердің балансын қалпына келтіру. Олар бірнеше аптадан кейін тиімді әрекет ете бастайды. Антидепрессанттардың бірнеше түрі бар. Сізге жарамды түрін тапқанға дейін емдеуші-дәрігеріңіз олардың бірнеше нұсқасын тағайындауы мүмкін.