Жүктелуде...
 

Ауыздан аққан қанды тоқтату

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:30 - (206 Оқылымдар)

Ауыздан аққан қанда қалай тоқтатуға болады?

Шұғыл көмекті қажет етпейтін жағдайда, тері жарақатының басқа адамның қанымен араласып кетпеуі үшін мынадай сақтық шараларын қолдануға болады.

Акустикалық невринома (есту жүйкесінің невриномасы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:44 - (308 Оқылымдар)

Акустикалық невринома – миды құлақпен жалғастыратын нервтің баяу өсетін ісігі. Мұны вестибулярлық-кохлаерлық жүйке деп атайды. Ол дәл құлақтың артында, ми бөлшегінің төменгі жағында орналасқан. Есту жүйкесінің невриномасы қатерлі ісікке жатпайды. Бұл дегеніміз, ісік дененің басқа бөліктеріне таралмайды. Дегенмен, ісіктің үлкею сатысына байланысты, басқа жүйке жүйелерінің қызметі бұзылуы мүмкін.

Ас қорыту жолдарының инфекциялары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:34 - (212 Оқылымдар)

Гастроэнтерит – бұл вирустардың, бактериялардың немесе паразиттердің салдарынан ішектің сілемей қабатының қабынуы. Вирусты гастроэнтерит көптеген елдерде аталған аурулардың ішінде екінші орында. Жиі себебі - норовирустық инфекция. Ауру вируспен ластанған тамақ немесе су арқылы, сондай-ақ, жұқпаланған адаммен қатынаста таралады. Ең жақсы алдын алу – қолды жиі жуу.

Аяқтағы ауырсыну және құрысу

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 05:48 - (126 Оқылымдар)

перифериялық тамырлардың ауруы. Симптомдары: аяқтағы немесе аяқтың ұшындағы құрыспалы ауру, белсенді қозғалуда пайда болады және демалғанда басылады.

Аталық бездің жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 04:09 - (146 Оқылымдар)

Аталық бездерде ерлердің гормондары және шәует өндіріледі. Бұл ұманың (пенистің артында орналасқан тері-бұлшық еттік түзіліс) ішіндегі екі жұмыртқа тәрізді ағзалар.

Аталық бездің бұралуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 03:41 - (182 Оқылымдар)

Аталық бездің бұралуы – ұрықтық түтіктің дертті бұралуы. Оның нәтижесінде аталық безге қан келуінің тежелуі орын алады.

Аталық бездің бұралуының себебі белгісіз. Ауру көбінесе, жыныстық жетілу кезіндегі ұлдар мен жасөспірімдерде болады. Жыл сайын 25 жастан кіші 4000 ердің 1-де аталық бездің бұралуы болады.

Астма (Демікпе)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 03:23 - (196 Оқылымдар)

Астма (демікпе) - бронхиолдардың немесе өкпенің ауа жолдарының дерттік жағдайы, осы ауа жолдарының тарылуымен сипатталады. Бұл созылмалы ауру; демікпе адамдарда өмір бойы қосарланумен өтуі мүмкін.

Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 02:49 - (377 Оқылымдар)

Ойықжара ауруы — бұл кезде адамның асқазанының және/немесе ұлтабарының (қақпадан кейін келетін аш ішектің бастапқы бөлігі) қабырғасында терең ақаулар мен ойық жаралар пайда болады

Көбінесе, ойық жаралар асқазанның немесе ұлтабардың сілемей қабатында пайда болады, яғни, асақазан қабырғасының беткері қабатында. Алайда, ойық жаралар тереңірек қабатта да пайда болуы мүмкін (бұлшық еттік және/немесе сірнелік).

Аритмия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 10:11 - (216 Оқылымдар)

Аритмия дегеніміз – жүрек ырғағының бұзылуы немесе жүрек соғуы жиілігінің (пульстің) бұзылуы. Жүрек тым тез (тахикардия), тым баяу (брадикардия) немесе ұдайы емес соғуы мүмкін.