Жүктелуде...
 

Антидепрессанттар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 10:08 - (419 Оқылымдар)

Антидепрессанттар – депрессияны емдеуге арналған препараттар. Сізге оларды емдеуші дәрігеріңіз тағайындайды. Бұл препараттардың әрекет ету механизмі - мида өндірілетін белгілі бір химиялық заттектердің балансын қалпына келтіру. Олар бірнеше аптадан кейін тиімді әрекет ете бастайды. Антидепрессанттардың бірнеше түрі бар. Сізге жарамды түрін тапқанға дейін емдеуші-дәрігеріңіз олардың бірнеше нұсқасын тағайындауы мүмкін.

Аноректалдық қатерлі ісік

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-13 10:03 - (169 Оқылымдар)

Аноректалдық қатерлі ісік – қатерлі ісіктердің сирек түрі. Айналшық (анус) – ас қорытy жолдарының төменгі ұшындағы саңылау, ол арқылы организмнен нәжіс сыртқа шығарылады. Ол тік ішектің ұшында терінің сыртқы қабатымен қалыптасқан. Аноректалдық қатерлі ісік – айналшықтың тіндерінде қатерлі ісік жасушалары пайда болатын ауру.

Анкилозды спондилит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 09:53 - (193 Оқылымдар)

Анкилозды (қозғалтпайтын) спондилит (Бехтерев ауруы) – омыртқа артритінің бір түрі. Бұл ауру кезінде омыртқалар арасында орналасқан омыртқа аралық дискілердің және омыртқа мен жамбастың арасындағы буындардың қабынуы пайда болады. Анкилозды спондилит - иммундық ауру. Ол көбінесе, ерлерде жиі кездеседі және ауыр түрде өтеді. Кейде ауру бір отбасының мүшелерінде қайталануға бейім келеді.

Анемия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 09:35 - (269 Оқылымдар)

Анемия – қанда оттегіні ағзаларға негізгі жеткізушілер - сау қызыл қан жасушаларының тапшылығы болғанда дамитын ауру. Егер қанның қызыл жасушаларында гемоглобиннің мөлшері төмендесе, организм темірдің мөлшерін жеткіліксіз алады. Анемияның симптомдары, мысалы, шаршау оттегінің организмге жеткіліксіз түсуінен пайда болады.

Аналық бездің кистасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 06:14 - (366 Оқылымдар)

Аналық бездің кистасы – аналық бездегі сұйықтық толған қалташа. Оның бірнеше түрі болады. Көптеген түрлері қатерсіз, олар овуляция кезінде пайда болады (аналық безден ұрық жасушасының шығуы). Олар - функционалдық кисталар аталады.

Ана сүтімен қоректендірудегі мәселелер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-13 05:09 - (936 Оқылымдар)

Ана сүтімен қоректендіру балаға зор пайда әкеледі. Ана сүтінде баланың сау және мықты болып өсуіне қажетті қоректік заттектер бар. Сонымен қатар, ана сүтінде болатын кейбір заттектер баланы кейбір аурулар мен жұқпалардан қорғайды. Бұл ананың денсаулығын да қолдайды. Қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің дамуы баласын емізген аналарда сирек кездеседі.

Сау әйелдер баласын кемінде, алғашқы алты ай бойы емізгені дұрыс. Белгілі бір жағдайларда бұл жарамды емес, мысалы, АИТВ инфекциясы немесе белсенді сатыдағы туберкулез болса, анасы баласын емізбегені жөн, себебі, жұқпа берілуі мүмкін.

Белгілі бір дәрілік құралдар, тыйым салынған есіткілік заттектер немесе алкоголь да ана сүті арқылы түсіп, балаға зиян әкелуі мүмкін.

Амебалық дизентерия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-12 11:31 - (203 Оқылымдар)

Амебалық дизентерия (амебиаз) — қарапайымдыларға жататын паразиттік - гистолитикалық амебадан (Entamoeba histolytica) туындайтын ауру. Паразит тоқ ішекті зақымдайды. Көп жерде кездеседі, әсіресе, ыстық ауа райы болатын елдерде жиі кездеседі.

Алып жасушалы артериит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-12 11:13 - (145 Оқылымдар)

Алып жасушалы артериит (АЖА) – бұл егде жастағы адамдарда орташа және ірі артериялардың жүйелі қабыну ауруы, бас ауыруымен және тұмаудағыдай симптомдармен қосарланады. Сондай-ақ, ол самайлық немесе краниалдық артериит (Хортон ауруы) ретінде де белгілі.

Альцгеймер ауруы (АА)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-12 09:42 - (421 Оқылымдар)

Деменция – түрлі ауруларда пайда болатын мидың қызметін жоғалтуы. Ол есте сақтауға, ойлауға және мінез-құлыққа әсер етеді.

• Даму қаупі 60 жастан кейін артады – 5% жуығы АА зардап шегеді. АА аурушаңдығы әлем бойынша 2016 ж. 44 млн. адамды құраған.

• Дамыған елдерде (мысалы, Ұлыбритания) АА ерлердің арасында өлім-жітім себебі бойынша жүpек ауруларының алдына, бірінші орынға шыққан.

Аднексит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-11 10:09 - (393 Оқылымдар)

Сальпингит немесе Аднексит – әйелдердің жамбас қуысындағы ағзалардың – жатырдың, жатыр түтігінің, аналық бездердің қабыну ауруларының бір түрі.