Жүктелуде...
 

Виллебранд – Юргенс ауруы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:09 - (128 Оқылымдар)

Виллебранд – Юргенс ауруы - қанның қалыпты ұюының бұзылысымен сипатталатын тұқым қуалайтын қан кету ауруы. Ауру барысында ағзаның қан жүйесінде ақуыз болмайды (фон Виллебранд факторы) немесе ол қызметін дұрыс атқармайды. Мұның салдарынан қан қалыпты ұйымай, жарақат кезінде қан кету көп болады.

Вагинит

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:52 - (251 Оқылымдар)

Вагинит (кольпит) - бұл қынаптың шырышты қабатының қабынуы. Қоздырғыштары әр түрлі бактериялар болып табылады. Оның алғашқы белгілері әйелдің жыныс мүшелері аймағында ашыту сезімі болады. Қатысты факторларға аналық бездің гипофункциясы, жеке гигиена ережелерін сақтамау жатады.

Вагиниттің жедел, жеделдеу және созылмалы түрде болады..Жедел қабыну кезінде науқас қынаптағы ауырлық сезіміне, сыртқы жыныс аймағының ашуына, қышуына және сол аймақтан серозды-іріңді бөлінділер бөлінгендігіне шағымданады. Кез келген бөліндіні көрген сәтте, қатты қорықпаған абзал, өйткені бұл қарапайым вагинит болуы мүмкін. Дәрігер гинекологқа қаралу қажет. Аурудың пайда болуы алғашында сыртқы жыныс аймағында ақ түсті бөлінділердің бөлінуімен көрінеді. Бөлінділер су тәрізді немесе іріңді болады және зәр шығару кезінде қышу, ашу сезімі сезіледі. Әйел адам әрдайым жыныс мүшелері аймағында ауырлық пен жағымсыз сезінулер болады. Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну болады. Бұл жағымсыз әсерлерге қарамастан қарапайым вагинит әйел ағзасында қатты өзгерістер тудырмайды. Алайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. өткені бұл аурудың симптомдары кандидоз,хламидиоз,трихоманиаз сияқты аурулармен сәйкес келеді.

Васкулит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 11:52 - (159 Оқылымдар)

Васкулит – бұл қан тамырлары қабырғасының қабынуы. Аталмыш қабыну қан тамырлары қабырғасын тарылтып, оларды зақымдауы мүмкін. Өз кезегінде ол бөртпе, әлсіздік, түйсік өзгерістерін және де өзге симптомдарды туындатады.

Венерологиялық аурулар (жыныстық аурулар)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:46 - (479 Оқылымдар)

Венерологиялық аурулар – бұл жыныстық қатынас арқылы таралатын жұқпалы аурулар. Сондай-ақ, кейбір жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жүкті әйелдің ішіндегі баласына жүктілік кезінде немесе жүктіліктен кейін жұғуы мүмкін.

Венерологиялық ауруды адам кез келген жыныстық қатынас кезінде (гетеросексуалды мен гомосексуалды), сонымен қатар ауыз немесе тік ішектің жыныс мүшелерімен тығыз байланыста болғанда жұқтыруы мүмкін. Жыныстық қатынаспен айналысатын адамдарды тұрақсыз ауыстыру және мүшеқапты пайдаланбау жыныстық аурулардың дамуына әкеп соқтырады.

Негізінде венерологиялық аурулардың алдын алуға болады, ол үшін тұрақсыз жыныстық қатынасқа түспеу қажет және жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты пайдалану керек болады.

Вибрациялық ауру (діріл ауруы)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 10:15 - (280 Оқылымдар)

Бұл не? Вибрациялық ауру – бұл дененің кейбір бөліктері, әдетте бақайлар мен саусақтардың суыққа деген үлкен реакцияға ие болуы немесе эмоциялық күйзеліс (стресс) жағдайы.

Бұл ауру кімдерде пайда болады? Ауру әдетте құрылысшыларда, машинисттерде,тігін машинасымен қолданатын тігіншілерде яғни тұрақты дірілдейтін құралдармен жұмыс жасайтын жұмысшыларда пайда болады.Осындай құралдар бұлшықеттің, байламдардың, сүйек және буындардың өзгерістеріне алып келіп, сол жердегі нерв жүйесін зақымдайды.Зақымдалған аймақтардың қан тамырлары қысылып, қандануы бұзылады.Кейбір адамдарда вибрациялық ауру жарақат нәтижесінде, түрлі аурулар салдарынан (склеродермия,ревматоидты артрит) немесе қан айналымды зақымдайтын дәрілерді (мысалы:никотин, кофеин,құрамында эфедрин бар препараттар) қабылдау әсерінен болады.

В гепатитіне қарсы вакциналау

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-19 10:36 - (200 Оқылымдар)

В гепатитіне қарсы вакцина – бауырдың зақымдалуы секілді қауіпті сырқаттардың өршіп кетуінің алдын алатын, балaларға ұсынылған бірден-бір иммундау болып табылады. Бұл ересектергеде ұсынылады.

Верльгоф ауруы (иммунопатологиялық тромбоцитопениялық пурпура)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:33 - (328 Оқылымдар)

Вергольф ауруы немесе иммунопатологиялық тромбоцитопениялық пурпура (ИТП) қан ұюының бұзылуымен сипатталады. Яғни иммундық жүйе қан ұюына қажетті тромбоцит жасушаларын жояды. Бұл індетке шалдыққан адамдардың қан құрамындағы тромбоциттері өте төмен мөлшерде болады. Оны тромбоцитопения деп атайды.

В гепатитіне қарсы вакциналар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-12 08:40 - (274 Оқылымдар)

В гепатитіне қарсы мынадай адамдарға екпе енгізу керек: денсаулық сақтау салысының қызметкерлеріне, В гепатитімен ауыратындармен бірге өмір сүретіндерге, осы вирусты жұқтыру қаупі бар жандарға, В непатиті бауырды зақымдайды. Сондай-ақ иммунизация (екпе) жас сәбилерге және кішкентай кезінде салынбай қалған ересек баларға салынады.

Вирустық гепатиттер, бауырдың жедел аурулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-12 08:30 - (960 Оқылымдар)

Бауыр ағзадағы қоректі қорытуға көмектеседі, денедегі әл-қуатты сақтап тұруға, зиянды қалдықтардан залалсыздандыруға атсалысады. Ал гепатит - бауырдың қалыпты жұмысына зиянын тигізетін ауру. Бұл ауру бауырда тыртық тіндердің түзелуіне әкеледі, оны «цирроз» деп атайды. Кейде гепатит пен цирроздың салдары қауіпті ісікке (рак) ұласады.

  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2