Гингивостоматит
Жарияланды 2018-12-21 06:31 - (847 Оқылымдар) -Гингивостаматит – ауыз қуысы мен қызыл иектің инфекциялық ауруы, ойық жараның түзілуімен, тіндердің ісінуімен сипатталады. Аурудың қоздырушысы вирустар мен бактериялар болуы мүмкін.
Гингивостаматит – ауыз қуысы мен қызыл иектің инфекциялық ауруы, ойық жараның түзілуімен, тіндердің ісінуімен сипатталады. Аурудың қоздырушысы вирустар мен бактериялар болуы мүмкін.
Герпетикалық баспа (ангина) – бұл вирустық ауру. Ол дене қызуының көтерілуімен (қалтырау) және тамақ тілшесі мен ауыз қуысында жараның пайда болуымен сипатталады.
Диализ – бұл бүйректердің өз функцияларын дұрыс атқармаған кезде қолданылатын емдеу әдісі. Бұл процедура арқасында бүйректердің өздігінен атқара алмаған жағдайларда зиянды заттар қаннан алынады.
Бүйрек диализінің әр түрлі түрлері бар. Аталмыш мақала гемодиализге арналған.
Вирусты геморрагиялық қызбалар (ВГҚ) төрт түрлі вирус тудыратын аурулардың тобы болып саналады. Оларға мыналар жатады: Эбола, Марбург, Ласса және Сары қызба. ВГҚ-ның ортақ белгілері: олар көптеген органдарға әсер етеді, өз кезегінде қан тамырларды зақымдап, организмнің өзін-өзін реттеуін бұзады. Кейбір ВГҚ оңай өтеді, ал бірақ кейбіреуі, мысалы Эбола қызбасы немесе Марбург қызбасы ауыр өтіп, арты өлімге алып келеді.
Гемосеридоз – ағзадағы темірдің шамадан тыс жиналуымен сипатталатын ауру. Оны сондай-ақ «темірдің шамадан тыс болуы» деп те атайды.
Гемотаракс – кеуде мен өкпе арасында кеңістікте (өкпеқап қуысында) қанның жиналуы.
Гемофилия А тұқым қуалайтын қан ұю ауруы болып табылады. Ол қан ұюға қатысатын VIII фактордың жоқ болуымен пайда болады. VIIIфактордың тапшылығы кезінде қан дұрыс ұйымай, сол себепті қан тоқтатумен қиындықтар пайда болады.
Тромбалар қанның ұюына ықпал ететін түйірлер болып табылады.
Гестационды қант диабеті (жүктілік кезіндегі қант диабеті) – жүктілік кезіңде алғаш рет анықталатын және глюкозаның (қант) деңгейінің көтерілуімен сипатталатын ауру болып табылады.
Гипергидроз – терінің көп бөлінуімен сипатталатын ауру. Суық ауа райында да немесе демалыс кезінде гипердирозы бар адамдарда тер бөлінуі байқалып жатады.
Гипопитуитаризм – гипофиздің бір немесе бірнеше гормондарының қажетті мөлшерде өңдірілмеуінен туындайтын ауру.