Герпестік қызба
Жарияланды 2018-08-09 09:52 - (106 Оқылымдар) -Герпестік қызба (кейде көпіршікті теміреткі деп аталады) - деп ерін мен ауыздың сыртына жиналған кішкене қабыршақтарды айтады. Герпестік қызбаны кәдімгі герпес вирусы тудырады.
Егер адам бір рет герпес вирусын жұқтырса, герпестік қызба бірнеше рет пайда болуы мүмкін. Бірнеше күннен кейін қабыршақтардан мөлдір сұйықтық шығарылады да, қатқан қабық пайда болады. Герпестік қызба әдетте 8-ден 10 күнге дейін созылады және жұқтырудың жоғары ықтималдығы қатқан қабықтың толық жабылуына дейін сақталады.