Контузия немесе «мидың шайқалуы»
Жарияланды 2018-07-24 11:21 - (140 Оқылымдар) -Мидың шайқалуы – күрделі ауру, бұл кезде шайқалуды туындатқан жарақаттан кейін соңғы бірнеше апта, ал кейде бірнеше ай өткенде бас ауруы немесе бас айналуы секілді симптомдар пайда болады.
Мидың шайқалуы дегеніміз – жеңіл бассүйек-ми жарақаты, көбінесе, бастың соққысынан кейін пайда болады. Есті жоғалту мұндай диагнозды қою үшін міндетті шарт емес. Шын мәнісінде, мидың шайқалуының даму қаупі бастапқы жарақаттың ауырлығымен байланысты емес.
Көптеген адамдарда аурудың симптомдары алғашқы 7-10 күнде пайда болады және жарақаттан кейін үш ай ішінде өтеді, бірақ, кейде бір жыл бойы немесе одан ұзақ уақыт бойы сақталады. Мидың шайқалуын емдеу аурудың симптомдарын жеңілдетуге бағытталған.