Несептің жүрмеуі
Жарияланды 2018-07-28 15:24 - (122 Оқылымдар) -Несептің жүрмеуі – несепқапта несеп болғанымен, оны шығаруға қабілеттің болмауы. Несептің жүрмеуінде несеп шығаруды бастай алмайсыз немесе несепқапты толығымен босата алмайсыз.
Несептің жүрмеуі – несепқапта несеп болғанымен, оны шығаруға қабілеттің болмауы. Несептің жүрмеуінде несеп шығаруды бастай алмайсыз немесе несепқапты толығымен босата алмайсыз.
Несеп ұстамауы дегеніміз несепқаптың жұмысын бақылай алмау, яғни, несеп шығару үрдісі кейде бақылауға келмейді. Ауру несептің азғантай мөлшерін ұстамаумен (мысалы, жөтелде және күлгенде) және несеп шығарғысы келген күшті сезімді бақылаудағы қиындықтармен де сипатталуы мүмкін. Бұл жайсыздық әкелуі мүмкін, сізге бұл жайында дәрігермен кеңесу қажет. Несеп ұстамауын емдеуге болады.
Бүйрек тастары - ұсақ кристалдардан тұратын қатты масса. Бүйректе немесе несепағарда бір немесе бірнеше тас болуы мүмкін.
Несеп шығару жолдарының жүйесі – организмнен алмасу заттектері және артық сұйықтық шығарылатын жүйе. Несеп шығару жүйесіне жататындар: бүйректер, несепағарлар, несепқап және үрпі. Несеп шығару жолдарының инфекциясы (НШЖИ), мысалы, цистит және уретрит, организмнің инфекцияларының ішінде кездесу жиілігі бойынша екінші орында.
Нервтің тартылуы – бұл бұлшық еттің біреуінің немесе тобының күрт қайталанатын және еріксіз жиырылуы. Нервтің тартылуы көбінесе, қабақтың, жақтың немесе ауыздың шетінің тартылуымен немесе жыбырлауымен, көздің жыпылықтауымен, бет бұлшық етінің жиырылуымен көрініс береді. Кейбір жағдайда мұндай тартылулар таңдайдың дыбысымен, жөтеліңкіреумен, дыбыстарды немесе сөздерді айтумен (вокалды) қосарланады.
Нефротикалық синдром — күнделікті несеппен ақуыздың көп мөлшерінің жоғалтылуымен, бүйрек шумақшаларының қызметінің бұзылуы салдарынан организмде үшглицеридтер және холестерин деңгейінің жоғары болуымен сипатталатын жағдай.