Жүктелуде...
 

Саусақтардың тырысып қалуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:50 - (1184 Оқылымдар)

Саусақтардың тырысып қалуы - деп саусақтардың не бүгілмей, не жазылмай қалуын айтады. Ол кезде саусақтар ерікке бағынбай, қатып қалған секілді сезіледі, немесе қозғаған кезеде тырсылдайды.
Ауырған саусағыңыздың айналасы ісіп, сезімталдығы артады. Саусақтарды ашып-жұмғанда домбыққан жер қозғалып сыздатады.

Сыртқы құлақ инфекциясы («Жүзушінің құлағы»)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-01 11:19 - (385 Оқылымдар)

Сыртқы құлақ инфекциясы немесе сыртқы отит — құлақтың сыртқы бөлімінің қабыну ауруы.
Сыртқы отит – кең таралған ауру. Ауру әсіресе, жүзушілердің және ұдайы судың әсеріне ұшырайтын адамдардың арасында кең таралған. Ауруға барлық жас топтары ұшырайды, бірақ, балaларда жиі кездеседі.

Сыртқы отит жіті немесе созылмалы болуы мүмкін.

Орналасуына қарай отит диффузды (таралған) және шектелген болады.

Шектелген сыртқы отит шиқан (шаш фоликулының және оны қоршаған тіннің іріңді қабынуы) түрінде пайда болады, ол есту каналының сыртында да (құлақ қалқанында, құлақ түбі терісінде), ішінде де болады. Шектелген сыртқы отиттің жиі себебі – алтын түсті стафилококк (іріңді-қабыну инфекцияларының қоздырғышы).

Диффузды сыртқы отитте қабыну құлақ қалқанын, бүкіл есту каналын, дыбыс жарғағын қамтиды, құлақ маңындағы теріні де жиі қамтиды.

Суық тию

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 11:12 - (149 Оқылымдар)

Суық тию мұрынның ағуымен, бітуімен, түшкірудің пайда болуымен сипатталады. Сондай-ақ, тамақтың ауырсынуы, жөтел, бас ауруы немесе басқа симптомдар болуы мүмкін.

Стенокардия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:56 - (951 Оқылымдар)

Стенокардия – жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) түрлерінің бірі, жүрек бұлшық етіне қанның жеткіліксіз түсуі нәтижесінде дамиды және кеудедегі жайсыздық сезімімен немесе ауырсынумен сипатталады.

Сперматоцеле (аталық бездің кистасы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:50 - (233 Оқылымдар)

Сперматоцеле, аталық бездің кистасы – ұманың маңайындағы сұйықтық толған, ауырсынбайтын, қатерсіз түзіліс, ол ұрық сұйықтығының ағуының бұзылысы нәтижесінде пайда болады. Сперматоцеле әдетте, аталық бездің жоғарғы бөлігінде немесе артында орналасады. Кистаның қабырғасы әдетте, тегіс, ақшыл, бұлыңғыр сұйықтықпен толған, және әдетте, шәует болады. Сперматоцеле тұрақты болуы мүмкін, немесе өседі. Егер оның өлшемі айқын ұлғайса, және ауырсыну пайда болса, емдеудің мүмкін нұсқаларының бірін орындау қажет. Жалпы, сперматоцеле аса күрделі ауру емес.

Синусит (Гайморит)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:47 - (293 Оқылымдар)

Синусит – мұрын қуыстары жұқпаланатын немесе қабынатын ауру. Мұрын қуыстарының қосалқылары (синустар) – бассүйектің мұрын қуысымен жалғасатын, ауа кіретін қуыстар. Мұнда мұрын қуысына ағатын сілемей өндіріледі. Мұрынның бітелуі қуыстарды бітеуі мүмкін және ауырсынудың, жұқпаланудың пайжа болуына апаруы мүмкін.

Сілемей безінің қатерлі ісігі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:41 - (158 Оқылымдар)

Сілемей бездері түтіктер арқылы ауыз қуысына сілемей аталатын сұйықтықты бөледі. Сілемей тамақты ылғалдап, шайналуы мен жұтылуын жеңілдетеді. Бұл жайлы қорытылуына ықпал етеді. Сондай-ақ, сілемей ауыз қуысын тазартады, оың құрамында микробтармен күресетін антиденелер бар.

Сепсистік артрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:54 - (128 Оқылымдар)

Бұл дегеніміз не? Сепсистік артрит (оны тағы да инфекциялық артрит деп атайды) буынның ішіндегі бактериалдық, вирустық немесе зеңдік инфекциядан туындайды.

Сепистік артрит инфекция қан ағымы жолдарымен таралып, буынға түскенде дамуы мүмкін. Сонымен қатар, инфекция буынға қасындағы жұқпаланған жарадан түсуі мүмкін.

Себореялық дерматит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:47 - (211 Оқылымдар)

Себореялық дерматит – терінің жиі кездесетін, қабыну ауруы. Бұл кезде шаштың түбіндегі, бет пен құлақтың май безі жақсы дамыған бөліктерінде ақ-сары тұстары болады. олар өзгермеген немесе қызармаған тұста пайда болуы мүмкін.

«Бесік телпегі» - сәбилерде себореялық дерматит кезіндегі бастың терісінің зақымдануын сипаттайтын термин.

Саяхатшылардың диареясы (іш өтуі)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:44 - (125 Оқылымдар)

Саяхатшылардың диареясы дегеніміз не? Саяхатшылардың диареясы – бұл әлемнің дамушы елдеріне саяхат шегетін дамыған елдердің адамдарына тән мәселе. Саяхатшылардың диареясының кейде айқын атаулары болады, мысалы: Монтезуманың кегі, Делийлік іш, Түрік іш өтуі.

Саяхатшылардың диареясының жоғары қауіпті аудандары – Африка, Азия, Таяу Шығыс, Латын Америкасының елдері. Төмен қауіпті елдер: Солтүстік Американың, Орталық Еуропа елдері, Австралия және Жапония.