Жүктелуде...
 

Тері жараларында қанды тоқтату

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-14 10:05 - (685 Оқылымдар)

Тері жарақатындағы қанды қалай тоқтатуға болады

Егер шұғыл түрде емдеуді қажет етпесе, келесі шаралар тері жарақатын, сондай-ақ басқа адамның қанымен тікелей байланыста болдырмаудаудан сақтайды.

Тері

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 08:01 - (1156 Оқылымдар)

Тері – адамның ең көлемді мүшесі болып табылады. Тері жоғарғы температурадан, күн сәулесінен, жарақаттар мен инфекциядан қорғайды. Тері дене температурасын бірқалыпты ұстауға көмектеседі, организмде сұйықтық пен майды сақтап тұрады және Д витаминінің өндіруіліне қатысады.

Тамақ және су ішкеннен кейін іштің кебуі немесе кекіру, газдардың пайда болуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 09:19 - (204 Оқылымдар)

Газдардың пайда болуы, кекіру немесе іштің кебуі, әдетте тамақпен бірге ауа жұтып қойғаннан пайда болады. Сондай-ақ газдың пайда болуына себеп болатын азық-түлік өнімдерін жегеннен немесе газдалған сусындарды ішкеннен де осы жағдайлар көрініс беріп жатады. Бірақ бұған уайымдамай-ақ қойыңыз, астану жүйеңізге кішкене өзгеріс енгізсеңіз болды. Бұл мәселенің оң шешімін табасыз.

Тағамда ақуыздың жетіспеушілігінен шаштың түсуі.

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 09:04 - (256 Оқылымдар)

Адам ағзасына шаштың ешқандай физиологиялық маңызды әсері жоқ. Алайда, көп жүйелі аурулар шаштың өсуіне кері әсер етеді, кейде шаштың түсуіне де себеп болады. Жіті ақуыз жетіспеушілігінен де шаштың өсуі нашарлап, кейін тіпті оның мүлдем жоқ болуына әкеледі. Ақуыздың жетіспеушілігі шаштың диффузиялық түсуіне – алопецияға әкеледі. Сондай-ақ, шаштың түсуіне, қатерлі ісікті емдеу кезінде химиотерапияда кеңінен қолданылатын цитотоксикалық дәрілердің әсері де болуы мүмкін.

Тілдің түктенуі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:56 - (722 Оқылымдар)

Тілдің түктенуі – тіл бүртіктерінің өсіп кетуінен пайда болады. Бір қарағанда тілге шаш өскендей көрінеді. Тілінде түгі бар адамның ауызынан ылғи жағымсыз иіс шығып тұрады. Ауру сезімі әдетте байқалмайды.

Тырнақтың орнынан бөлініп қалуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:38 - (2275 Оқылымдар)

Тырнақ етінен ажырап қалған жағдайда, тырнақты алып тастап, орнын тазалап, құрғатады. Жаңа тырнақ өскенше күту керек.
Тырнақтың түсуіне себеп болатын инфекци немесе тері ауруы да емделуі керек. Егер тырнақ орнынан қозғалып бөлініп қалсса қайта орнына келтіру мүмкін емес. Орнына жаңа тырнақ өскенше күту керек. Әрине тырнақ тез өсе салмайды. Әдетте қол саусақтарының тырнақтары 6 ай ішінде, ал аяқ бармақтарының тырнағының өсуі 18 айға дейін созылады.
Қант диабеті және перифериялық қан айналымы төмендеуі қан ағымының азаюына және аяқтың сезімталдығының жойылуына соқтыруы мүмкін. Емделмеген тырнақ жарақаты асқынуға, ойық жаралар мен басқа да салмақты мәселелерге ұрындыруы мүмкін.

Тырнақ астына кіріп кеткен затты алып тастай алмау

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:43 - (187 Оқылымдар)

Тырнақтың астындағы тікен немесе қадалып тұрған басқа да зат қатты ауыртуы мүмкін. Егер зат кішкентай болса және тырнақтың астынан шығып тұрса, оны таза қысқышпен алып тастаңыз. Затты ары қарай итеріп жібермей, мұқият қарап алыңыз. Затты алып тастағаннан кейін қан ағуы мүмкін. Егер тырнағыңыздың астындағы тікенекті алып тастау қиынға соқса, дәрігерге барғаныңыз жөн.

Тізе ұршығы мен жамбастың ауырсыну синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:38 - (156 Оқылымдар)

Бұл немене? Тізе ұршығы мен жамбастың ауырсыну синдромы - көбінесе жасөспірімде, механикалық өндініс орындарында жұмыс істейтін адамдарда және атлеттерде кездесетін жағдай. Ол тізенің алдыңғы жағының ауруымен, қатты қысым болумен, жарақат алумен, артық салмақпен, тізедегі асық қате орнығып қалып немесе сол асықта қандай да бір өзгерістер болуымен сипатталады.

Тыныс алу жүйесінің аурулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 11:42 - (206 Оқылымдар)

Тыныс алу – күрделі үрдіс. Егер жарақат, ауру немесе басқа фаакторлар осы үрдістің кез келген бөлігіне әсер етсе, тыныс алуда мәселелер пайда болады.
Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үлестері аталатын үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Демді ішке тарту кезінде өкпе оттегіге толады, оттегі жасушалар мен тіндерге негізгі қызметін орындау үшін қажет. Дем шығару кезінде өкпе көмір қышқыл газын сыртқа шығарады, ол организмдегі заттек алмасуының өнімдері.