Жүктелуде...
 

Тыныс алу жолдарында тұрып қалған немесе жұтып қойған заттар

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 11:40 - (166 Оқылымдар)

Егер бала қандай да бір үшкір емес және қауіпсіз затты жұтып қойса, және ол көмейінде тұрып қалмаса, ол нәжіспен бірге өздігінше шығуы мүмкін.

Өздігінше шығуын күткен кезде баланы мұқият қадағалаңыз және егер құсу, сілемей ағуы басталса, тамақтан бас тартса, қызу, жөтел, демін тартқанда шулы тыныс алу немесе ысқыратын дыбыс пайда болса, дәрігерді шақырыңыз. Және егер екі күнде зат нәжіспен шықпаса да дәрігерге көріну қажет (затты нәжістен іздеу үшін сүзгілеу қажет).

Түсік (өздігінен түсік тастау)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 11:30 - (468 Оқылымдар)

Өздігінен түсік тастау - жүктіліктің 20-шы аптасына дейін ұрықты өздігінен жоғалту. (Жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін бұл мезгілінен бұрын босану саналады).

Тұмау

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 11:26 - (930 Оқылымдар)

Тұмау (инфлюэнца) – жоғарғы тыныс алу жолдарының вирустық ауруы, кенеттен пайда болады, ысыну, дененің аурысынуы, бас ауыруы, тез шаршау, тәбетті жоғалту, құрғақ жөтел, көмейдегі ауырсыну мен құрғақтық секілді симптомдармен қосарланады. Тұмаудың суық тиюден айырмашылығы бар; тұмауда симптомдар, әдетте, күштірек, қарапайым суық тиюге қарағанда жұмыстан немесе мектептен бірнеше күн қалуға тура келеді.

Көптеген адамдар мәселесіз сауығады, бірақ, кейде ауру бактериалдық инфекцияның дамуына апаруы мүмкін, мысалы, құлақ инфекциясы, мұрын қуысының инфекциясы немесе бронхит. Үйде дұрыс емдеу осындай инфекциялардың алдын алуға көмектеседі.

Транзиторлық ишемиялық шабуыл

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 10:43 - (210 Оқылымдар)

Транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) – мидағы қан айналымының қысқа мерзімді бұзылысы. Кейде микроинсульт аталады. Алайда, инсульттен айырмашылығы (мидың қанмен қамтамасыз етілуінің тоқтауы) транзиторлық ишемиялық шабуылдың симптомдары басылғаннан бір сағаттан кейін жойылады.

Трахеит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 10:34 - (184 Оқылымдар)

Трахеит –көмейдің (кеңірдектің) бактериалдық инфекциясы.
Бактериалдық көбінесе, алтын түсті стафилококк бактериясынан болады. Әдетте, ауру жоғарғы тыныс алу жолдарының жақында болған вирустық жұқпасынан кейін пайда болады.

Торқабықтың ажырауы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 10:27 - (187 Оқылымдар)

Торқабықтың ажырауы — торқабықтың көздің тамырлы қабығынан бөлінуі.
Көз ұясы үш қабықшадан және ішіндегілерден тұрады:

1) көздің сыртқы қабығы: аққабық (пішіні мен ширақтығын қамтамасыз ететін мөлдір емес бөлік), мөлдірқабық (жарық өтуі мен жарық сынуын қамтамасыз ететін мөлдір бөлік);

2) тамырлы қабық: нұрлы қабық (көзбұршақтың өлшемін реттейтін алдыңғы бөлігі), цилиарлық дене (көз ішілік сұйықтықты түзетін ортаңғы бөлік), хориоидея (торқабықты – көз түбін қоректендіретін артқы бөлік);

3) торқабық (өне бойымен ішкі жағымен әйнек тәрізді денеге жақын жататын көздің ішкі қабығы, ал сыртқы жағымен — тамырлы қабыққа жақын, алдыңғы көрмейтін бөліктен және біз көретін заттар бейнеленетін, артқы көретін бөліктен тұрады);

Тілді таңдау