Жүктелуде...
 

Шырыштың мұрын-жұтқыншаққа түсуі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-24 07:48 - (686 Оқылымдар)

Бұл не? Шырыштың мұрын-жұтқыншаққа түсуі, қабынудың салдарынан немесе басқа да патологиялық процесстерден шырыштың мұрын қауысынан бөлініп, жұтқыншаққа түсу жағдай орын алады.Бұл фарингит, ларингит, жөтел, ауыздан жағымсыз иістің шығуы, қарлығу, кейде демікпені тудыруы мүмкін.

Шанкр (қатты шанкр)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 05:20 - (1501 Оқылымдар)

Қатты шанкр – бұл кішкентай, аса қатты ауырмайтын ашық ойық жара, жыныстық мүшенің терісінде, ауыз қуысында, тік ішек немесе аш ішекте мерез кезінде кездеседі.

Шашыраңқы склероз

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-16 04:12 - (1432 Оқылымдар)

Шашыраңқы склероз – бұл орталық нерв жүйесінің созылмалы неврологиялық ауруы. Ол бас миына, жұлынды және көру нервтеріне ерекше әсер етеді. Шашыраңқы склероз бұлшықеттердің қозғалысы мен күшінің, көрудің, тепе-теңдіктің, сезімталдықтың және ақыл-ойдың қиыншылықтарын тудырады.

Шынтақтық канал синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:44 - (152 Оқылымдар)

Шынтақтық канал синдромы– білекте шынтақ жүйке тамырының қысылуынан пайда болады. Бұл жүйке тамыры шынашақ жақта орналасқан.

Қолға артық күш түскеннен ісініп, сондай-ақ шынтақ жүйке тамырыңның айналасындағы тіндер қалыңдауы мүмкін. Жүйке түйіннің ісінуі шынтақ жүйке тамырына әсер етуі де мүмкін. Шынтақтық канал синдромы велошабандоздарда көп кездесіп жатады.

Шәует қуықшасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:30 - (301 Оқылымдар)

Шәует қуықшасы – қуықасты безінің жоғарғы бөлігінде орналасқан, жұп қапшық тәрізді мүше. Қызметі – өзінен қоймалжың сұйықтық бөлу арқылы ұрық жасушаларын (сперматозоид) белсенділендіріп, сыртқа шығуына жағдай жасайды.

Шәуетбау

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-10-05 10:26 - (231 Оқылымдар)

Шәуетбау – сыртқы жыныс мүшесін (қуық) ұрық жасушаларымен қамтамасыз ететін және әр аталық безбен бекініп, белгілі қалыпта ұстап тұрушы мүше. Шәуетбауда қан тaмырлар (вена, артерия), жүйке жасушалары (нервтер), лимфатикалық түйіндер және ұрық жасушасы (сперматозоид) тасымалданатын түтікше болады.

Шынтақтың қалыпты қозғалмауы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-29 07:38 - (1928 Оқылымдар)

Ауыр жарақат алып, ісінгеннен кейін шынтағыңызды әдеттегідей қалыпты қозғалта алмай қалған кездер болған шығар. Аяқ-қолдарыңызды немесе буындарыңызды қозғалтқан кезеде ауырсынасыз. Сол ісіктің әсерінен сіздің қозғалу мүмкіндігіңіз шектеледі.
Егер буындарыңыз ойнамалы болып, қолыңызды әдеттегідей еркін қозғалта алмай қалсаңыз, сіздің сүйегіңіз шытынап, немесе, сіңіріңіздің созылуы әбден мүмкін. Тіпті, буындарыңызды ары-бері қозғасаңыз, сырқырай бастайды. Ал балаңыз осылай зақымданған болса, онда ол ауырған жеріне қол тигізбей, қашқалақтай бастайды.
Шынтағыңызды қозғалтқан кезде қатты ауырса, онда күтімілдеңіз. Тіпті таңғыш қалақпен таңып алсаңыз да болады.

Шаш күтімі және оның зақымдануы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:59 - (754 Оқылымдар)

Шашты сәндейтін және әрлендіретін арнайы заттар шаштың табиғатына зиянын тигізуі мүмкін.
Шаш адам ағзасында қандайда-бір физиологиялық маңызды рөл атқармайды. Олар дұрыс күтім жасалмағаннан зақымданса да ештеңе етпейді.

Шуылдың әсері

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:39 - (143 Оқылымдар)

Маңайымызда шуыл көп: теледидардан радиодан, шөп шабатын немесе кір жуатын машинадан, т.с.с. әдетте бұл дыбыстар біздің естуімізге әсер етпейтін қауіпсіз деңгейде. Бірақ, тым күшті дыбыстар немесе олардың ұзақ уақыт бойы әсері зиянды болады. Олар ішкі құлақтың сезімтал құрылымын зақымдап, шуылдың әсерінен болатын естуді жоғалтуға апаруы мүмкін.

Шеткері артериялардың аурулары (ұстамалы ақсау, бітейтін атеросклероз, тромбангит)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:31 - (164 Оқылымдар)

Шеткері артериялардың аурулары – аяқты және аяқтың ұшын қанмен қамтамасыз ететін артериялардың қабырғаларын нығайтуға және тарылтуға апаратын дерттік жағдай.

Тамырлардың саңылауының тарылуы олардағы қан ағымының азаюына апарады, бұл нервтер мен тіндердің зақымдануын туындатады.

  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2