Эпидемиялық паротит
Жарияланды 2018-07-19 05:44 - (456 Оқылымдар) -Эпидемиялық паротит (борықтану деп те аталады) - вирустық ауру, құлақ маңайындағы сілемей безінің қабынуын және ұлғаюын туындатады. Құлақ маңайындағы сілемей безі құлақ пен иектің арасында орналасады. Бұл бездер тамақты шайнауға және жұтуға көмектесетін сілемейді өндіреді. Аурудың ауыр өтуінде дертті үрдіске басқа ағзалар да қамтылады.