Жүктелуде...
 

Қысылған шап жарығы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-15 09:14 - (1144 Оқылымдар)

Қысылған шап жарығы – шапқа немесе ұмаға қысылып, іш қуысына кері қайтусыз қалатын жарықты атайды. Қысылған жарық әдетте ісиді, содан қысылған аш ішектің жалғасында қанайалымы бұзылады. Қысылған жарық ауыр дерт болып табылады және ол жедел медициналық көмек көрсетуді қажет етеді. Жарық жайында мына сілтемеден толық мағлұмат алсаңыз болады: http://www.zdrav.kz/node/9531

Қабақ бұлшықеттерінің бұзылуы – птоз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-15 08:35 - (4285 Оқылымдар)

Бұл ауру - птоз деп аталады. Қабақың мезгілсіз түсіп кетуімен сипатталатын ауру.

Көз – сфералық форманы көру мүшесі. Ол сұйықтыққа толы болады. Көздің сыртқы қабаттары – ағы (ақ қабықша) мен жанар. Олар қорғаушы қызметін атқарады. Көздің ортаңғы қабаты тамырлардан тұрады. Ал ең төменгі қабаты (қарашығы) жүйке жүйесінен, түс ажыратқыш түйсіктерден тұрады. Сондай-ақ жанардың артында орналасқан көздің шатырша қабығы бар, ал оның ішкі жағындағы дөңгелек кішкентай қара – көздің қарашығы деп аталады. Оның артында хрустальді қабық бар – ол линза формасындағы эластикалық дене. Оның басты міндеті – түс ажыратқыштығы. Коньюктив – бұл көздің шырышты қабығы, ол көзді жауып тұратын терінің ішкі жағы.

Қалыпты салмақты қалай ұстап тұруға болады және семіздікпен қалай күресеміз

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-08 04:39 - (3467 Оқылымдар)

Қазіргі әлемдегі ең маңызды проблемалардың бірі семіздік болып отыр. Дамыған елдерде 10 адамнан 3-і семіздіктен зарбап шегуде, бұл олардың салмағы салауатты салмақтың ең жоғары шегінен 20 пайызға артық екенін білдіреді.

Семіздік денсаулыққа айтарлықтай нұқсан келтіріп, түрлі мүшелеріміз бен сүйектерімізге шамадан тыс салмақ түсіреді. Мысалы, артық салмақ бел мен тізенің ауыруына, сондай-ақ тыныс алудың қиындауына себеп болады. Семіздік, коронарлық жүpек ауруы, инсульт, жоғары қан қысымы сияқты өмірге қауіп төндіретін аурулардың қаупін арттырады. Семіз адамдарда, әдетте, қанындағы холестериннің мөлшері көп болады, бұл атеросклерозды тудырады - қан тамырларындағы майдың жинақталуына әкеледі. Атеросклероз инфаркқа және инсультке соқтыруы мүмкін.

Қышыма

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-10-30 08:08 - (138 Оқылымдар)

Қышыма - терінің үстіңгі қабатының астында өмір сүретін кішкентай кенелерден пайда болатын терінің қышуын айтады. Қышыма - инфeкция жұқтырған адаммен байланысып, жанасуы арқылы немесе бір төсекте жату арқылы жұғады.
Қышыманың бірден-бір симптомдары, дененің қатты қышуы болып табылады. Бұл әдетте түнгі уақытта өршиді. Денеде бір сызық бойымен немесе шеңбер жасап орналасқан кішкентай қабыршақты немесе жара тәрізді бөртпе пайда болады. Бұл белгілер әдетте қол саусақтарының арасында, шынтақтың ішкі жағында немесе қолтық астында, білек айналасында, жыныс мүшелерінде және анус айналасында пайда болады.

Құлақ құлығы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:50 - (277 Оқылымдар)

Құлақ құлығы - бұл құлақ арнасын қорғау үшін бөлінетін табиғаи секреция. Тері мен шаш, органикалық қалдықтар (мысалы: сусабын мен кірлер) құлақтан бөлінетін құлықпен араласып шырышты қоспаға айналады.

Қажулық сынулар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:48 - (714 Оқылымдар)

Қажулық сынулар – бұл сүйектің бетінде пайда болатын шіңішке болар-болмас шытынаулар. Кейбір жағдаларда бұл шытынаулардың жіңішке болатыны сондай, тіпті рентгеннен де көрінбейді.

Құрғақ кероконьюнктивит (Шегрен синдромы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:06 - (160 Оқылымдар)

Құрғақ кероконьюнктивит немесе Шегрен синдромы– жасты және сілекейді бөлетін бездердің бұзылуынан туындайтын аутоиммунды ауру. Нәтижесінде көз бен ауыз қуысының құрғауы пайда болады. Бұл ауру басқа да мүшелерге таралып, зақым келтіруі мүмкін, соның ішінде бүйрек пен өкпеге

Қайталанбалы қозғалыс синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:47 - (781 Оқылымдар)

Қайталанбалы қозғалыс синдромы - деп ісік немесе түсінікіз сезімталдық ауруының әсерінен бір қимылды бірнеше рет қайталап жіберу жағдайын айтады. Алайда мамандар бұл терминді диагноз дәрежесінде қолдануға келіспейді.

Бір қозғалыстың бірнеше рет қайталануынан, ісік немесе тіндердің тозуы болуы мүмкін.

Қайталанбалы қозғалыс синдромының себебі тұрмыстан не болмаса жұмыстан, әлде белсенді демалыстың ( аз физикалық әрекет жасайтын демалыс түрлері)әсерінен де туындауы мүмкін.

Қуық асты безі (простата)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:09 - (237 Оқылымдар)

Қуық асты безі немесе простата– ер адамдардың репродуктивті жүйесінің бірі бөлігі болып табылады. Ол – тік ішек пен қуықтың арасында орналасады. Простата зәр ағып өтетін, зәр шығару жолдарының бойында орналасқан.