Үрпінің тарылуы (Несеп шығару жолдарының тарылуы)
Жарияланды 2018-11-27 10:17 - (4430 Оқылымдар) -Үрпінің тарылуы – несеп шығару арнасының тарылуы немес кішіреюі. Бұл жайсыздық ерлерде жиі кездесіп жатады, ал әйелдерде сирек ұшырасады.
Бүйектен шыққан әрбір несеп тамшысы несеп жолымен қуыққа түседі. Қуық – бұл екі шаптың ортасында, үстіңгі жағында орналасқан жыныс мүшесі. Одан несеп шығарылады. Қуық үш қабаттан тұрады: сыртқы ұйыма қабығы, бұлшық еттік қабат, ішкі шырышты қабық. Бұлшық еттік қабат қысылғанда несеп шығарылады. Несеп қуықтан басқа түтік арқылы – несепағар арнасы (үрпі) арқылы шығарылады. Әйелдердің үрпісі жатыр қақпасы алдындағы, клитор алдынан, жыныс жырығынан, екі кішкене еріншенің отрасындағы сыртқы тесіктен ашылады. Ал ерлердікі, жыныс мүшесінің басынан ашылады. Әйелдердің несеп ағар арнасы тек несеп шығару қызметін атқарады. Еркектердің ағзасындағы үрпі несеппен қатар, шәует шығару қызметін де атқарады.