ӨМІРДІҢ МӘНІ - ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТА
Жарияланды 2019-03-12 02:50 - (5105 Оқылымдар) -ӨМІРДІҢ МӘНІ - ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТА
Алдыңғы тарауда айтылғандай, адам тәнінің үштен екісі судан тұрады. Стаканда, тұрып қалған судың немесе тоспадағы шалшық судың пайдалануға жарамайтынын бәріміз жақсы білеміз. Уақыт өте келе оны шырыш қаптайды, лайланады, уытты суға, инфекция көзіне айналады. Балдыр өсіп кеткен тоғандар мен су айдындарын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Біз қимылсыз, енжар өмір сүргенде де организмімізде осыған ұқсас құбылыстар пайда болады.
Екінші жағынан алып қарағанда, су қозғалып, шайқалғанда оған жан бітеді. Ағын су — бұл, әдетте, балғын су. Ағып жатқан өзендер мен сарқырамалар әрқашан адамды баурап алады, оларға қарау жағымды әсер береді. Біз дене белсенділігін сақтағанымызда организмімізді дәл осымен салыстыруға болады. Қимыл-қозғалыс организмді
жаңартады, уыттарды жояды, ойды ширатады, күш, қуат және сұлулық сыйлайды.