Жүктелуде...
 

Өт-тас ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:57 - (222 Оқылымдар)

Өт қабындағы тастар - өт қабында түзілетін қатты бөліктер. Өт қабы – бұл алмұрт тәрізді шағын ағза, іштің жоғарғы оң бөлігінде бауырдың астында орналасқан.

Өт қабындағы тастардың өлшемі құм тәрізді ұсақ немесе гольфтың кішкентай добына дейінгі көлемде болады. Өт қабында бір үлкен тас, жүздеген ұсақтары, немесе шағын және үлкендері де болуы мүмкін. Өт қабындағы тастар іштің жоғарғы оң бөлігіндегі кенеттен пайда болатын ауырсынуды туындатуы мүмкін. Бұл өт қабының түйілуі аталады, өт бөлінетін түтіктердің тастармен бітелуінде пайда болады.

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 17:03 - (302 Оқылымдар)

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – өкпенің ең жиі кездесетін ауруы, ол тыныс алу жолдарына ауа ағынының келуінің қайтымсыз ішінара шектелуімен сипатталады, және тыныс алудың қиындауымен қосарланады.

Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс алу жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үлестері аталатын үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Демді ішке тарту кезінде өкпе оттегіге толады, оттегі жасушалар мен тіндерге негізгі қызметін орындау үшін қажет. Дем шығару кезінде өкпе көмір қышқыл газын сыртқа шығарады, ол организмдегі заттек алмасуының өнімдері.

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының адам организміне келтіретін зияны - қайтымсыз. Оның екі түрі бар: эмфизема және созылмалы бронхит, бұл тыныс алу жеткіліксіздігінің аса кең таралған себептері.

Созылмалы бронхит – бронхылардың (негізгі тыныс алу жолдарының) қабынуы, ол ұзақ уақыт бойы қақырықты жөтелмен, тыныс алудың қиындауымен, ентігумен және шаршаумен қосарланады. Ауру вирустық респираторлық инфeкция саналады.

Өкпенің қабынуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 16:46 - (340 Оқылымдар)

Пневмония немесе өкпенің қабынуы – өкпенің инфекциялық ауруы.

Пневмония кезіндегі өлім-жітім 1-9% жетеді (100 адамнан пневмониядан 1-9 адамға дейін өлім-жітімге ұшырайды). Мұндай жоғары пайыз негізінен, медициналық көмекті уақытылы алмауына байланысты, сондай-ақ, басқа ауыр аурулар кезінде пневмонияның дамуымен байланысты.

Өкпенің ішінара коллапсы - пневмоторакс

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 16:38 - (181 Оқылымдар)

Өкпенің ішінара коллапсы - пневмоторакс – өкпенің плевралық қуысында ауаның немесе газдың жиналуы (оттегі, көмір қышқыл газы). Ауаның мұндай жиналуы өкпеге қысым түсіруге апарады, нәтижесінде ағза тыныс алған кезде қалыпты жағдайда болатындай кеңейе алмайды.

Өкпе – кеуде қуысында орналасқан жұп ағза. Өкпе тыныс алғанда енетін ауадан оттегіні алып, қанға жеткізеді. Өкпенің маңайында плевра қуысы аталатын өте жұқа кеңістік бар. Плевра қуысы – өкпенің сыртқы бетінің және кеуде қуысының ішкі бетінің арасындағы кеңістік. Әдетте, бұл өте жұқа қуыстар, оларда сұйықтықтың аздаған мөлшері бар.

Өкпенің ішінара коллапсы - Пневмоторакc

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 16:25 - (128 Оқылымдар)

Өкпенің ішінара коллапсы - пневмоторакс – өкпенің плевралық қуысында ауаның немесе газдың жиналуы (оттегі, көмір қышқыл газы). Ауаның мұндай жиналуы өкпеге қысым түсіруге апарады, нәтижесінде ағза тыныс алған кезде қалыпты жағдайда болатындай кеңейе алмайды.

Өкпе – кеуде қуысында орналасқан жұп ағза. Өкпе тыныс алғанда енетін ауадан оттегіні алып, қанға жеткізеді. Өкпенің маңайында плевра қуысы аталатын өте жұқа кеңістік бар. Плевра қуысы – өкпенің сыртқы бетінің және кеуде қуысының ішкі бетінің арасындағы кеңістік. Әдетте, бұл өте жұқа қуыстар, оларда сұйықтықтың аздаған мөлшері бар.

Өкпенің интерстицийлік аурулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 16:13 - (190 Оқылымдар)

Өкпенің интерстицийлік ауруы – бұл дәнекер тінінің өсуі арқылы (фиброздану) өкпенің анатомиялық құрылысының бұзылуымен және қабынумен көрінетін аурулардың үлкен тобы. Қабыну және фиброздану үрдістерінің нәтижесінде қанға қажетті оттегінің жеткізілуі нашарлайды. Өкпедегі дәнекер тіннің өсу үрдісі өкпе фиброзы аталады.

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 15:56 - (194 Оқылымдар)

Өкпе эмболиясы – өкпедегі артериялардың бітелуінде пайда болатын ауру. Аурудың кең таралған себебі - тромбылар.
Өкпе - қос ағза, кеуде қуысын түгелдей дерлік алады. Өкпе – тыныс алу жүйесінің басты ағзасы. Оның өлшемі мен пішіні тыныс алу фазасына (тынысты ішке алу, сыртқа шығару) қарай өзгеруге қабілетті.

Өкпе эмболиясы көбінесе, көктамырдың тромбымен бітелуінен туындайды. Тромбылардың көп шоғырланатын жері бөксе-санның немесе жамбас қуысының терең көктамырлары. Бұл терең көктамырдың тромбозы аталады (ТКТ). Осындай тромбының бөлігі ажырап, қан ағымы бойымен өкпеге түсуі мүмкін.

  • 1
  • 2 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау