Жүктелуде...
 

Кекештік

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 11:20 - (230 Оқылымдар)

Кекештік – бұл адамның дұрыс сөйлей алмауы. Мысалы, сөйлегенде, дыбыстарды, буындарды, сөздерді немесе сөйлемдерді еріксіз қайталап отырады, сондай-ақ, дыбысты созып айтады. Және де сөйлегенде еріксіз тоқтаулар орын алады (сөйлеу жылдамдығы жоғалады).

Зоонозды инфекция

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-28 11:16 - (231 Оқылымдар)

Жануарлардан жұғатын ауруларды - зоонозды инфекциялар деп атайды. Жануарлардан немесе жануарлардан алатын өнімдерден адамдарға жұққан көптеген аурулар өте қауіпті болып келеді. Сіз тікелей жануардан немесе жанама, яғни қоршаған орта арқылы ауру жұқтырып алуыңыз мүмкін.

Біріншілік және екіншілік гиперальдостеронизм

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 11:03 - (280 Оқылымдар)

Біріншілік және екіншілік гиперальдостеронизм – бұл бүйрек үсті бездерінен альдостерон гормонының артық бөлуінен пайда болатын ауру.

Біріншілік гиперальдостеронизмі бар адамдардың ауру мәселесі бүйрек үсті безімен байланысты. Бүйрек үсті безі артық альдостерон гормонын синтездейді.

Екіншілік гиперальдостеронизм кезінде артық синтез мәселесі бүйрекүсті безінен тыс болып табылады, және біріншілік ауруға ұқсас болып келеді.

Біріншілік гиперальдостеронизм сирек кездесетін ауру, бірақ кейбір сарапшылардың айтуы бойынша, бұл ауру жоғары артериальды қысым әсерінен туындайды екен. Көп жағдайда біріншілік гиперальдостеронизм бүйрекүсті безінің қатерсіз ісігінен пайда болады. Ауру 30-50 жастағылар арасында көбірек таралған.

Тері асты гематомасы (көгерулер, қанды ұйымалар)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:58 - (338 Оқылымдар)

Гематома – терінің белгілі бір жерлерінің түсінің өзгеруімен көрініс береді. Ұсақ қан тамырлар бүлініп, және тамыр ішіндегі қан тері астында орналасқан жұмсақ тіндерге өтіп кеткенде, содан гематомалар пайда болады.

Зейін жеткіліксіздігі және гиперактивтілік синдромы (ЗЖГС)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:41 - (247 Оқылымдар)

Зейін жеткіліксіздігі және гиперактивтілік синдромы (ЗЖГС) – бұл адамның қате даму процесі. Мұндай адамдарда бір нәрсеге назар аудара алмау, жоғары белсенділік таныта алмау, мінез-құлқын еркін игере алмау немесе кейбір ойларын қиыстыра алмау секілді симптомдар байқалады. Дегенмен, ЗЖГС-қа диагноз қою үшін аталған мінез-құлықтық симптомдары толыққанды дәлелдеме бола алмайды.

Аденокарцинома

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:40 - (176 Оқылымдар)

Аденокарцинома - ішкі мүшелерді қамтитын жасушалардан басталып, гормон және басқа да заттарды өндіруге қабілетті, яғни секрециялық қызметтерге ие қатерлі ісік түрі.

Аденома

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:39 - (119 Оқылымдар)

Аденома – негізі безді эпителийден (тіннен) құралған залалсыз ісік. Безді тін ағзадағы мүшелерді, бездерді және басқа да құрылымды жауып тұратын тіннің жұқа қабаты.

Маскүнемдік

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-28 10:38 - (230 Оқылымдар)

Бұл не? Маскүнемдік – адамға физикалық пен психологиялық зиян келтіретін дәрежеде алкогольді ішімдіктерді күнделікті және тұрақты түрде қолдану. Маскүнемдіктің тұжырымдамасы ретінде адамның алкогольдік ішімдіктерді қолданғаннан кейін өз-өзін бақылауға қауқарсыз болатындығын, ішімдікке тәуелді адам ретінде сипатталуын айтамыз.

Аллергиялық реакция

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:32 - (361 Оқылымдар)

Аллергиялық рекция дегеніміз не? Аллергиялық рекция – бұл аллерген деп аталатын, белгілі бір затқа иммун жүйесінің гипперреакция беруі (шамадан тыс әсер беруі). Аллергендер: химиялық заттар, тағамдық азық-түліктер, дәрі-дәрмектер, түрлі өсімдіктер, шаң-тозаңдар болып табылады.

Латекске аллергиялық реакция

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:31 - (222 Оқылымдар)

Латекске аллергиялық реакция деген не?

Латекс дегеніміз - каучук ағашынан (гевея - Hevea brasiliensis) алынатын табиғи өнім. Кейбір адамдардың аллергиялық реакциясы латекспен қайталап үйкеліскенде, әсіресе латекстік қолғаптардан дамиды. Латекске аллергия беру бүгінгі таңда медицинада өзекті мәселеге айналып келеді.

Оның симптомдары қандай?

Латекске қарсы аллергиялық рекция әр түрлі дамиды – ол білінбей басталып, өмірге қауіп төніретін ауыр жағдайға дейін алып келуі мүмкін. Мысалы:

• Терілік реакциялар: Жанаспалы дерматит, есекжем немесе жаппай қышынуға алып келеді
• Тыныс алуға әсері. Науқастың тыныс алу жүйесіне жеңіл әсер етсе-жөтел,түшкіру немесе мұрыннан көптеген бөлінділер бөлінеді,ал ауыр жағдайда-ентігу,тамақтың ісінуі немесе қатты естілетін сырылмен тыныс алу пайда болады.
• Анафилаксиялық шокта кездеседі.