Жүктелуде...
 

Ботулизм (тамақтан уланудан болатын ауру)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 12:01 - (208 Оқылымдар)

Ботулизм - бұл ботулизмнің таяқшалары жұққан тамақ өнімдерден туындайтын ауру. Қоздырғышы - табиғатта кең таралған анаэроб, ұзақ уақыт спора түрінде топырақта болуы мүмкін. Ол топырақтан, ауыл шаруашылығы жануарларының ішектерінен, сондай-ақ кейбір тұщы балықтардан түрлі тағам өнімдеріне - көкөністерден, жемістерден, астық, ет және т.б. өнімдерден беріледі.

Бронходилататорлар (Бронх кеңейткіштері)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:58 - (289 Оқылымдар)

Бронходилататорлар тыныс алу жолдары саңылауын тарылтатын бұлшықет сақинасын әлсірету арқылы демікпе симптомдарын жеңілдетеді. Олардың бұл әрекеті тыныс алу жолдарының жылдам ашылуына әкеліп, үлкен көлемдегі ауаның өкпеге кіріп шығуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде тыныс алу жақсарады. Бронходилятаторлар, сондай-ақ, өкпені шырыштан тазартуға көмектеседі. Тыныс-алу жолдары ашылуымен, шырыштың ілгеріленуі үшін бос орын ашылады. Өз кезегінде шырыш жөтелмен бірге шығуы мүмкін.

Бруксизм (тісті шықырлату)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:57 - (239 Оқылымдар)

Бруксизм (тісті шықырлату) – адамның ұйықтап жатқан кезде тісін шықырлатуын атайды.Әдетте бұл ұйқы мезгілінде болады. Бұл процесс әсерінен тіс тегістеліп, үшкірленеді және тістің эмалі құртылып, ауырсыну пайда болады.

Булимия

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:56 - (153 Оқылымдар)

Булимия ( син. ашқарақтық, кинорексия) - аш ішектің жалпы әлсіздігі мен асқазанның ауырсынуымен бірге жүретін патологиялық жағдай, аштық сезімінің күрт күшейе түсуімен сипатталады; гиперинсулинизм, мидың зақымдануы кезінде байқалады.

Екі түрі бар.

Бірінші - жүйкелік булимия – 25-30 жас аралығында пайда болады. Ондай адам ауыр сезімтал, ашушаң болып тұрады да бір нәрсені жеп алғаннан кейін ғана тынышталады. Бастапқы уақытта күйзеліс кезінде тамақ жеп жүреді, кейін кез-келген ыңғайсыздық туындаса тамаққа деген аңсары ауып тұрады. Ол үшін тамақ «өмірінің мәрі» болып қалыптаса бастайды. Бұл ауру – жүйкелік булимия деп аталады.

Бульбоспинальды салдану

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:55 - (96 Оқылымдар)

Бульбоспинальды салдану – бұлшықеттің әлсіздігі және төзімділігінің төмендеуімен сипатталтын өте сирек кездесетін созылмалы ауру. Бұлшықеттің әлсіздігі ақырындап дамиды, бірінші кезекте мимикалық бұлшықеттерді зақымдап, адамда қабақтың төмен түсуі, қосарланып көру, сөйлеу, шайнау және тыныс алу қиындықтары секілді симптомдары пайда болады.

Бурсит (ұра)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:54 - (283 Оқылымдар)

Бурсит (ұра) – іші сұйықтыққа толы буын қалталарының қабынуы. Олар көбінесе аяқ-қол буындарында кездеседі. Негізгі қызметтері осы сүйектердің бір-біріне жанасқанда желінбеуін қамтамасыз етеді және амортизаторлық қызметін атқарады. Буын қалталары дененің көптеген жерлерінде, буындардың ішінде және жанында, сонымен қоса үйкеліс және қысым болатын жерлерде кездеседі. Кейбір бурситтердің арнайы атаулары бар, мысалы: «үй шаруасындағы әйелдің тізесі», «солдат аяғы» және «теннисшінің шынтағы».

Жүктілік кезіндегі қынаптық қан кету және оның ауырлық дәрежелері

Автор: saulesha - Жарияланды 2018-11-26 11:53 - (262 Оқылымдар)

Қынаптық қан кетудің ауырлық дәрежесін төменде көрсетілген белгілер бойынша анықтауға болады:

• Ауыр дәрежедегі қан кету: 2 сағат ішінде 2 қалың төсеменің және 2 супер тампонның қанға толуы. Ескерту: жүкті әйелде қанның қатты бөлінуі немесе ұйындысының шығуы мүмкін, бірақ егер қан кету тоқтайтын болса, онда бұл жағдайда қан кетудің ауыр дәрежесіне жатпайды.
• Орташа дәрежедегі қан кету: 3 сағат ішінде 1 ең үлкен төсеменің немесе 1супер тампонның қанға толуы.
• Әлсіз дәрежедегі қан кету: 3 сағаттан көп уақытта ең үлкен қалыңдықтағы 1 төсемеден аз қолдану.
• Ең аз (минималды) қан кету: қынаптан бірнеше ғана қан тамшысының шығуы немесе сол жерде дақтың пайда болуы.

Вагинит

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 11:52 - (253 Оқылымдар)

Вагинит (кольпит) - бұл қынаптың шырышты қабатының қабынуы. Қоздырғыштары әр түрлі бактериялар болып табылады. Оның алғашқы белгілері әйелдің жыныс мүшелері аймағында ашыту сезімі болады. Қатысты факторларға аналық бездің гипофункциясы, жеке гигиена ережелерін сақтамау жатады.

Вагиниттің жедел, жеделдеу және созылмалы түрде болады..Жедел қабыну кезінде науқас қынаптағы ауырлық сезіміне, сыртқы жыныс аймағының ашуына, қышуына және сол аймақтан серозды-іріңді бөлінділер бөлінгендігіне шағымданады. Кез келген бөліндіні көрген сәтте, қатты қорықпаған абзал, өйткені бұл қарапайым вагинит болуы мүмкін. Дәрігер гинекологқа қаралу қажет. Аурудың пайда болуы алғашында сыртқы жыныс аймағында ақ түсті бөлінділердің бөлінуімен көрінеді. Бөлінділер су тәрізді немесе іріңді болады және зәр шығару кезінде қышу, ашу сезімі сезіледі. Әйел адам әрдайым жыныс мүшелері аймағында ауырлық пен жағымсыз сезінулер болады. Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну болады. Бұл жағымсыз әсерлерге қарамастан қарапайым вагинит әйел ағзасында қатты өзгерістер тудырмайды. Алайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. өткені бұл аурудың симптомдары кандидоз,хламидиоз,трихоманиаз сияқты аурулармен сәйкес келеді.

Васкулит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 11:52 - (161 Оқылымдар)

Васкулит – бұл қан тамырлары қабырғасының қабынуы. Аталмыш қабыну қан тамырлары қабырғасын тарылтып, оларды зақымдауы мүмкін. Өз кезегінде ол бөртпе, әлсіздік, түйсік өзгерістерін және де өзге симптомдарды туындатады.