Венерологиялық аурулар (жыныстық аурулар)
Жарияланды 2018-11-26 11:46 - (479 Оқылымдар) -Венерологиялық аурулар – бұл жыныстық қатынас арқылы таралатын жұқпалы аурулар. Сондай-ақ, кейбір жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жүкті әйелдің ішіндегі баласына жүктілік кезінде немесе жүктіліктен кейін жұғуы мүмкін.
Венерологиялық ауруды адам кез келген жыныстық қатынас кезінде (гетеросексуалды мен гомосексуалды), сонымен қатар ауыз немесе тік ішектің жыныс мүшелерімен тығыз байланыста болғанда жұқтыруы мүмкін. Жыныстық қатынаспен айналысатын адамдарды тұрақсыз ауыстыру және мүшеқапты пайдаланбау жыныстық аурулардың дамуына әкеп соқтырады.
Негізінде венерологиялық аурулардың алдын алуға болады, ол үшін тұрақсыз жыныстық қатынасқа түспеу қажет және жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты пайдалану керек болады.