Жүктелуде...
 

Айналшық сызаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:36 - (690 Оқылымдар)

Айналшық сызаты – бұл айналма бұлшық еттің бойымен жағалай пайда болған жіңішке сызық, яғни, ол көтен ішектің тарылып, жиырылып тұратын (сфинктер) сыртқы бөлігінің аздап жыртылуы десе де болады. Мұндай жыртылулар, іш қатқан кезде аналдық жасушаларының зақымдануынан, немесе артқы тесік қысқышына шамадан тыс күш түсіп кеткенде пайда болады.

Тістің шытынауы (зақымдануы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:35 - (175 Оқылымдар)

Тістегі сызат тістің төменгі бөлігінен жоғары бөлігіне дейін жіңішке, кішкентай жарықшақ секілді көрінеді. Оны анықтап қарамасаң көрінбейді де, тіпті ол рентген түсірілімдерінен де байқалмай қалады. Кейде тіпті, қай тістің ауырып тұрғанын білу қиынға соғады (ауруы төменнен жоғары қарай бара жатыр ма, әлде, жоғарыдан төмен қарай бара жатыр ма).

Траншеялық табан

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:34 - (746 Оқылымдар)

Траншеялық табан – бірнеше күн бойы төменгі температураның әсерінен, суық температурада пайда болатын (бірақ қату температурада емес) жарақат. Аурудың аты Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жауынгерлер ылғалды траншеяда тұруының себебінен пайда болған.

Алдыңғы айқыш байламының жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:32 - (148 Оқылымдар)

Алдыңғы айқыш байламының жарақаты – деп ортаңғы жілікті асықты жілікпен байланыстыратын байламның жарақатын айтамыз. Алдыңғы айқыш байламының жарақаты уақыт өте келе бүгілуге және тізенің әлсіздігіне апаруы мүмкін.

Алдыңғы айқыш байламының жарақаты кезінде байламның жартылай немесе толық жыртылуы мүмкін, яғни бөліну – ортаңғы жіліктің асықты жіліктен бөлінуі және бөлінумен бірге жүретін сынық – сүйектің басқа сүйектерден бөлінуімен қатар байламның жыртылуы. Жарақат кезінде тек байлам ғана емес, сонымен қатар мениск (тізенің тағы бір байламы) және сүйектің шеттерін жабатын шеміршетерде зақымдалуы мүмкін.

Тырнақтардың жарақаттануы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:31 - (704 Оқылымдар)

Тырнақтардың жарақаттануы – жиі қатты соққыдан немесе қысылып қалудан боалады. Бұл жарақат ауыр дертке жатпайды, бірақ ауырсыну пайда болады.

Тырнақтың астынан қат кетуден туындаған пульсацияны және ауысынуды тырнақтың астынан дренаждау арқылы азайтуға болады. Егер бұны уйде жасауға сенімсіз немесе ыңғайсыз болса, дәрігерге жүгініңіз.

Ішкі бүйірлік байламдардың жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:30 - (130 Оқылымдар)

Ішкі бүйірлік байламдардың жарақаты – айналмалы қозғалыс жасағанда, бүгілу кезінде немесе жылдам бағытты ауыстырғанда, яғни фиксирленген қалып жағдайында соққы тигенде пайда болады.

Акромио-бұғаналық буынның жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:29 - (102 Оқылымдар)

Акромио-бұғаналық буынның жарақаты – иықпен құлағаннан пайда болады.

Соған байланысты үш түрлі жарақат түрлері бар.

Акромио-бұғана буынының (иық аумағының) жарақаты

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:27 - (150 Оқылымдар)

Акромио-бұғана буынының жарақаты – бұғананың жоғарғы ұшы жауырын ұшынан шығып, буынның жыртылуынан болады. Бұл жарақат көбінесе иықтан соққы алғанда, иықпен құлағанда немесе қолдың білезігін созып алғанда пайда болады.

Жарақаттың әсерінен терінің бозарып, көгеруі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:26 - (180 Оқылымдар)

Жарақат алған жерден немесе одан төмен жерде терінің бозаруы немесе көгеруі – қантамыр қысылғанда немесе тікелей жарақат алған кезде пайда болады. Жарақатқа себеп болатын жайттар – оқ жарақаты немесе үшкір заттардың денеге қадалуынан болған жарақат, буынның шығуы және созылуы, күйіктер, сынықтар, езіліп-шаншылу, жыланның шағуы, медициналық процедура, операциялар болып табылады.

Токсоплазмоз

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-10-05 11:24 - (121 Оқылымдар)

Токсоплазмоз – бұл адамдар, құстар мен жануарлар жиі шалдығатын, көбінесе білінбей қалатын немесе симптомдары әлсіз білінетін, тұмауға (дене температурасының 37 С көтерілуі, лимфатикалық түйіндерінің үлкейуі, 50% жағдайда көкбауыpдың үлкеюі) ұқсас ауру. Алайда бұл инфекция ұрықтың дамуына (анасы жұқтырған болса) және иммунды жүйесі әлсіз адамдарға қатты ауыр тиеді.