Жүктелуде...
 

Теріскен

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 04:20 - (350 Оқылымдар)

Теріскен – қабақтың шетінде пайда болатын, ауырсынатын, қызыл төмпешік. Түрі безеуге ұқсайды.

Теріскен кірпіктің тамырына (фолликул) бактерия түскенде пайда болады. Бұл қабақтың май бездерінің бітелуіне және жұқпалануына апарады. Ауру жеңіл жайсыздық пайда болуымен сипатталады, бірақ, әдетте, емделіп, жазылады.

Терінің құрғақтығы және оны ылғалдандыру құралдары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 04:15 - (139 Оқылымдар)

Терінің құрғақтығы терідегі судың және майдың мол мөлшері жоғалғанда пайда болады. Терінің құрғақтығы әр жастағы адамдарда кездеседі.

Терең көктамырдың тромбозы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 04:07 - (167 Оқылымдар)

Терең көктамырдың тромбозы (ТКТ) – дененің терең көктамырында тромбылардың (қан ұйындысы) түзілуімен сипатталатын ауру. Бұл тромбылар әдетте, аяқтың көктамырларында шоғырланады. ТКТ кең таралған ауру екендігіне қарамастан, ол аса қауіпті. Егер тромбы ажырап, қан ағымымен жылжитын болса, өкпедегі қантамырларын бітеуі мүмкін. Бұл бітелу өкпе эмболиясы аталады, ол өлім-жітімге апаруы ықтимал.

Тендинит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 04:05 - (231 Оқылымдар)

Тендинит – сіңірдің ішіндегі және маңындағы қабыну, шаршаудан болатын қарапайым бұлшық еттің ауырсынуы секілді ауырсынуға апарады. Бірақ, қарапайым бұлшық еттің ауырсынуы – уақытша болса, тендинит тұрақты, ауырсынуы басылмайды. Алайда, егер сіңірді сол ауруды туындатқан ырғақпен жұмыс істететін болсаңыз, оны жеңу қиынға түседі. Бұл барлығына қатысты – әлемдік дәрежедегі марафонды жүгіретіндер мен терезе жуушылардан бастап хатшыларға дейін. Дегенмен, тендиниттің көрінісін азайтуға және күрделі асқынуының алдын алуға болады.

Тағамдық улану

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 11:31 - (192 Оқылымдар)

Тағамдық улану бактериялармен, вирустармен немесе уыттармен залалданған өнімдерді тұтынғанда пайда болады. Көпшілік жағдайда тағамдық улануды келесі бактериялар туындатады: алтын түсті стафилококк (Staphylococcus aureus) және ішек таяқшасы (Escherichia coli).

Тағамдық аллергия

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-01 11:27 - (256 Оқылымдар)

Адамдардың 25 % өздерінде белгілі бір тағам өнімдеріне аллергия бар деп ойласа, зерттеулер балалаpдың 6% және ересектердің 2% ғана тағамдық аллергияға шалдыққандығын растайды.

Сыртқы құлақ инфекциясы («Жүзушінің құлағы»)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-01 11:19 - (388 Оқылымдар)

Сыртқы құлақ инфекциясы немесе сыртқы отит — құлақтың сыртқы бөлімінің қабыну ауруы.
Сыртқы отит – кең таралған ауру. Ауру әсіресе, жүзушілердің және ұдайы судың әсеріне ұшырайтын адамдардың арасында кең таралған. Ауруға барлық жас топтары ұшырайды, бірақ, балaларда жиі кездеседі.

Сыртқы отит жіті немесе созылмалы болуы мүмкін.

Орналасуына қарай отит диффузды (таралған) және шектелген болады.

Шектелген сыртқы отит шиқан (шаш фоликулының және оны қоршаған тіннің іріңді қабынуы) түрінде пайда болады, ол есту каналының сыртында да (құлақ қалқанында, құлақ түбі терісінде), ішінде де болады. Шектелген сыртқы отиттің жиі себебі – алтын түсті стафилококк (іріңді-қабыну инфекцияларының қоздырғышы).

Диффузды сыртқы отитте қабыну құлақ қалқанын, бүкіл есту каналын, дыбыс жарғағын қамтиды, құлақ маңындағы теріні де жиі қамтиды.

Суық тию

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 11:12 - (152 Оқылымдар)

Суық тию мұрынның ағуымен, бітуімен, түшкірудің пайда болуымен сипатталады. Сондай-ақ, тамақтың ауырсынуы, жөтел, бас ауруы немесе басқа симптомдар болуы мүмкін.

Стенокардия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:56 - (953 Оқылымдар)

Стенокардия – жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) түрлерінің бірі, жүрек бұлшық етіне қанның жеткіліксіз түсуі нәтижесінде дамиды және кеудедегі жайсыздық сезімімен немесе ауырсынумен сипатталады.