Жүктелуде...
 

Иықтың адгезивті капсулиті

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 04:54 - (106 Оқылымдар)

Иықтың адгезивті капсулиті - адам иығын қандай да бір бағытта ауырсынбай қозғалта алмайтын ауру. Дәрігерлер кейде бұл ауруды «иықтың қатып қалуы» деп атайды, себебі, иықтың буыны бұрылу икемділігін жоғалтады, оны қозғалту қиынға түседі.

Ішектің түйнелісі (бітелуі)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-24 04:41 - (258 Оқылымдар)

Өңеш, асқазан, аш және тоқ ішек, бауыp, өтқабы және ұйқыбезі тағамның қоректік бөліктерін энергияға айналдырады және қоректік емес бөліктерін қалдықтарға ыдыратады, қалдықтар организмнен сыртқа шығарылады. Ішектің түйнелісі – ішектің бойымен тағамның өтуінің толықтай немесе ішінара тоқтауы.

Ішек инфекциялары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 04:34 - (238 Оқылымдар)

Бактериялық гастроэнтерит – бактериялардан туындаған асқазан мен ұлтабардың қабынуы.

Жіңішке ішек ас қорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі – ұзындығы 6 метрге дейін жетеді! Ол асқазанды жуан (тоқ) ішекпен жалғастырады, көптеген қатпарлары бар (іш қуысында орналасуы үшін). Тұтынатын тағамның көпшілік бөлігі жіңішке ішекте қорытылады. Ол үш бөліктен тұрады: ұлтабар, мықынішек, аш ішек.

Іш өтуі мен құсудан болатын сусыздануды емдеуде қайта суландыру үшін ішілетін ерітінділер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-23 11:37 - (141 Оқылымдар)

Қайта суландыру үшін ішілетін ерітінділер – құсу мен іш өтуі кезінде жоғалтылатын сұйықтық пен қоректік заттектерді толықтырудың оңтайлы құралы.

Инсульт және миға қан құйылуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-23 11:18 - (182 Оқылымдар)

Ми – жұмсақ, кеуекті тін массасы. Ол бассүйекпен және мидың қабығы аталатын үш жұқа мембраналармен қорғалған. «Ми-жұлын сарысуы» аталатын сұйықтық миды қоршайды. Сұйықтық мидың қабығы арасындағы кеңістікте және қарынша аталатын мидың өзінің қуыстарында болады.

Холецистит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-23 03:51 - (193 Оқылымдар)

Созылмалы холецистит – ұзақ уақыт бойы сақталатын өт қабының ісінуі және тітіркенуі.

Іш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.

Бауыр - адам организміндегі ең үлкен ағза. Ол іштің оң жақ қабырға аумағында орналасқан. Бауыр екі бөліктен тұрады – үлкен өлшемді оң бөлігі және кіші сол бөлігі. Бауыр бірқатар маңызды қызметті атқарады. Ол қаннан зиянды заттектерді сыртқа шығарады. Сондай-ақ, бауыр асты қорытуға көмектесетін ферменттер мен өтті өндіреді. Бауыр тағамдық заттектерді зат алмасуында, организмнің өсуі мен дамуында қатысатын ұсақ қосылыстарға дейін ыдыратады. Бауыр қанды екі қантамыры арқылы алады. Негізгі тамыр – бауырдың қақпа венасы. Екіншісі – бауыр артериясы.

Өт қабы бауырдың астында орналасқан шағын қапшық тәрізді ағза. Ол бауырда өндірілетін өтке толады. Өт ішекке майларды қорытуға көмектеседі.

Гормондық бұзылыстар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-23 03:41 - (229 Оқылымдар)

Эндокриндік жүйе негізгі сегіз безден тұрады. Бұл бездер гормондарды өндіреді. Гормондар – бүкіл организмнің жұмысына әсер ететін химиялық заттектер.