12 айлық жастан асқан балалардың тұншығуында және қақалуында алғашқы жәрдем көрсету
Жарияланды 2018-07-11 03:42 - (116 Оқылымдар) -Баланың өмірін құтқару қажеттігінен аулақ боларсыз деген ойдамыз, бірақ, бұл жалпы өмірде орын алуы мүмкін жағдай. Балалар қауіпті жағдайға жиі ұшырайды. Олар тамаққа қақалады, велосипедтен немесе түрлі қондырғылардан құлайды, қараусыз суға да ұмтылады.
Бұл сатылы нұсқаулық тұншығуда және қақалуда көрсетілетін алғашқы жәрдем көрсетудің негіздерін түсіндіреді. Сәбилер мен балаларға алғашқы жедел жәрдем көрсетудің дұрыс әдістемесін үйрену үшін бірнеше сағат бөліңіз. Бұл әрекеттерді орындау әдістемесі баланың жасына қарай ерекшеленеді, дұрыс орындамау балаға зиян келтіруі мүмкін.