Жүктелуде...
 

ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ЗАЛАЛСЫЗ БОЛУЫ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-03 11:32 - (1470 Оқылымдар)

Тағам өнімдері адам организміне зиянды бактериялармен, вирустармен, паразиттермен, уыттармен, сондай-ақ химиялық заттармен ластануы мүмкін. Мұндай өнімдерді тұтынудан сақтану керек. Залалданған азық-түліктерді пайдалануға байланысты сырқаттардың сыр беруі асқазан-ішек жолы белгілерінен (іш өту, жүректің айнуы, құсу, іштің құрысуы және сусыздану) бастап сал және менингит секілді ауыр ахуалдарға дейін ауытқиды. Ластанған тағамды пайдаланудан туындайтын аурулардың қаупін азайтуға мүмкіндік беретін қарапайым шаралар бар. Оларды дәрігерлер мен мамандардың көмегіне жүгінбей, үй жағдайында қолдануға болады.

НӘРЛІ ТАМАҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-03 02:33 - (2959 Оқылымдар)

Автокөліктің қозғалысқа келтіруші бөліктері секілді адамның бұлшық еттері де отынды - қуат көзін қажет етеді. Адамда бұл қуат көздері — ішілетін тағам, сондай-ақ май мен глюкоза түріндегі организмнің қуат қорлары.
Қуаттан өзге организм тамақпен бірге өсу, даму, сондай-ақ денсаулықты сақтау үшін қажетті ақуыздар, дәрумендер, минералдық заттар секілді көптеген заттарды қабылдайды.
Адам күн сайын 2 кг шамасында тағам қабылдайды. Бұл өмір бойы біздің асқазан-ішек жолымызбен жүріп, организмімізге түсетін тағамдық заттар шамамен жетпіс тонна болады деген сөз. «Ас адамның арқауы» дегенді жиі айтамыз. Сондықтан денсаулық пен ұзак өмір үшін сапалы және тиімді тамақтану маңызды.

СУ -ТІРШІЛІК КӨЗІ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-02-27 10:35 - (14065 Оқылымдар)

Адам денесінің шамамен үштен екі бөлігі судан тұратындығы белгілі. Және де бастың ми жасушаларының 85 пайызы — су. Тіпті адам сүйегінің де 25 пайызы судан түрады. Адам корексіз бес-жеті апта өмір сүре алады. Ал сусыз бір аптадан артық тіршілік ете алмаймыз. Тәндегі су үнемі қозғалыста болып, жанарып тұруы тиіс.

2-БӨЛІМ. ДЕНСАУЛЫҚ ФОРМУЛАСЫ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-02-24 08:51 - (1151 Оқылымдар)

Махаббат және бақыт ұғымдарын бір мағынамен түсіндіру қаншалықты қиын болса, денсаулыққа бір сөзбен анықтама беру де соншалықты ауыр. Денсаулық - көп қырлы, көбіне түйсінуге келмейтін, және сонымен бірге нәзік, көмескі нәрсе. Оны оп-оңай жоғалтып алуға және бүған өмір бойы өкінумен өтуге болады.

ЖАКСЫ ОРТА - ЖАН АЗЫҒЫ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-02-18 14:52 - (1353 Оқылымдар)

Кез-келген жаста адамның әлеуметтік ортасы мен денсаулығы арасында байланыс болады. Әр түрлі сипаттағы әлеуметтік қолдау денсаулыққа жағымды әсер етеді және жасқа байланысты ауру қаупін төмендетеді.

ДЕНСАУЛЫҚ - ӨМІР ӨЗЕГІНІҢ НЕГІЗІ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-01-15 06:49 - (1917 Оқылымдар)

Денсаулыкты күту үшін орындауды талап ететін көптеген шарттар бар. Оның алды колды карапайым жуудан бастап егілу және обырдың алдын алуға дейін жалғасып жатыр. Аурудың алдын алудан өзге оны ерте аныктау да маңызды. Сыркаттың ыктимал белгілерін білу мұнда өте маңызды рөл атқарады.
Төменде салауатты өмірдіңнегізгі принциптері ұсынылған. Дене белсенділігі, дұрыс тамақтану, стрестермен күресу және салауатты өмірдің баска да шарттары туралы бұдан кейінгі тараулардан оки аласыздар.

ӨМІР ӨЗЕГІ ПИРАМИДАСЫ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-01-15 06:13 - (2019 Оқылымдар)

Біздің бәріміз деніміз сау, күшті, қуатты, акылды, дана болғымыз келеді, сонымен бірге сырт келбетіміздін тартымды, жас болғанын калаймыз, достарымызбен және жакындарымызбен еркін карымкатынас жасап, рухани жайлылык сезінгіміз келеді. Баскаша айтканда, бәріміз де жаксы өмір сүруді калаймыз. Дене жайлылығына, ішкі жан дүниенің байи түсуіне, коршаған ортаны аялап сактауға және өмірде жемісті болуға көмектесетін салауатты өмір аркылы өмір са-пасына кол жеткізуге болады. Қолыңыздағы кітап осыған арналған.

АЛҒЫ СӨЗ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-01-11 05:47 - (1534 Оқылымдар)

Ғалымдар «һоmо sаріеns» деп ат қойып, айдар таққан саналы адам пайда болғаннан бері адамзат баласын «қайткенде денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүруге болады» деген сұрақ толғандырумен келеді. Дәл осы тақырыптағы тасқа қашалып, қышқа бедерленген, теріге таңбаланып, папирусқа түскен, қағазға жазылып, баспаға басылған, тіпті электронды ақпарат құралдарына шықкан зерттеулер мен зерделеулерде есеп жоқ десе де болғандай.

ӨМІР ӨЗЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ ҰЗАҚ ҒҰМЫР КЕПІЛІ

Автор: System Administrator - Жарияланды 2019-01-10 05:02 - (975 Оқылымдар)

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ
1- бөлім. ӨМІР ӨЗЕГІ
ӨМІР ӨЗЕГІ ПИРАМИДАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ - ӨМІР ӨЗЕГІНІҢ НЕГІЗІ
ЖАҚСЫ ОРТА - ЖАН АЗЫҒЫ

  • 1
  • 2 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау