Жүктілік кезінде қандай жағдайлар орын алады
Жарияланды 2018-11-19 05:21 - (60422 Оқылымдар) -Ұрықтану кезінде эмбрион жатырдың ішкі қабырғасына жабысады және ол жерде көлемі ақырындап үлкейіп, даму процессін бастайды. Акушерлік-гинекологияда ұрықтың нақты уақытын анықтау қиын, сондықтан эмбиронның жасын білу үшін соңғы етеккір келген күннен бастап, ұрық болып қалыптасқан алғашқы күнді есептеу арқылы тұжырымдама жасалынады. Жүктілік уақытын «гестанционды кезең» деп аталатын жолмен есептейді. Етеккірлік циклдің алғашқы 10 күні «аналық жасушаның жетілуі» (ovulytsiy ) деп аталады. Бұл уақытта аналық жасуша аналық безден фаллопиев түтігі бойымен жіберіледі, ол жерде аталық жасушамен (еркектің шәуетінің құрамында болатын ұрықтанатын жасуша) тоғысады, содан ұрық пайда болады, оны ұрықтану деп атайды. Ұрықтану кезінде аталық жасуша аналық жасушамен шағылысып ұрықтық тұқым түзеді, оны ұрықтанған жасуша (zigota) деп атайды. Бұл кезде ата-аналық (жұмыртқа) және әкесінің (ұрықтың) генетикалық материалдың (хромосомалардың) бірігеді: ұрықтың генетикалық материалы, ол ана мен әкесінің бірдей хромосомалары болып табылады. Сонымен қатар, зигота ары қарай екі клеткаға бөлінеді, содан кейін төрт, сегіз, он алты және т.б. жасушаларға бөліп отырады.