Жүктелуде...
 

Склеродермия

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-10-05 11:00 - (158 Оқылымдар)

Склеродермия – бұл сирек кездесетін ауру. Терінің белгілі бір аумағы, буындар және қантамырлар зақымдалып, талшықты дәнекер тінге айналады.

Скарлатина (жәншау)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:59 - (600 Оқылымдар)

Скарлатина (жәншау) – ауруы көбінесе тамақтың стрептококкты қабынуын өткерген 2-10-жас аралығындағы балаларда кездесетін ауру. Скарлатинаның себебі әртүрлі стрептококкты бактериялардан бөлінген улардың әсерінен болады.

Созылмалы шаршау синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:51 - (266 Оқылымдар)

Созылмалы шаршау синдромы - бұл адамның басылмайтын, ауыр шаршағыштық жағдайы. Бұл күнделікті тұрмыстық әрекеттерге де едәуір кедергі келтіреді. Шаршау синдромы физикалық жүктеменің нәтижесінен бола бермейді. Себебі бұлай шаршай беру демалғаннан басылмайды.

Созылмалы шаршау синдромының себебі әлі белгісіз.

Мықын-асықты жіліктік байлам синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:49 - (122 Оқылымдар)

Мықын-асықты жіліктік байлам синдромы – деп санның сыртқы бетімен өтетін байламды айтады. Ол фиброзды тіннен тұрады. Мықын-асықты жіліктік байламы тізені және жамбас буынын шығып кетпеуі үшін мықтап ұстап тұрады. Кейбір жағдайларда байлам шамадан тыс дамып, мықын сүйегі мен тізенің ішкі жағын қысып, үгітіп тастауы мүмкін. Әрбір бүгілу кезінде тізе мен сан сүйектері бір-бірімен үйкеленеді. Бұл жағдай көбінесе жүгірумен айналысатындар да, велошабандоздарда, аэробиканың кейбір түрлерімен айналысатындарда кездеседі.

Қайталанбалы қозғалыс синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:47 - (788 Оқылымдар)

Қайталанбалы қозғалыс синдромы - деп ісік немесе түсінікіз сезімталдық ауруының әсерінен бір қимылды бірнеше рет қайталап жіберу жағдайын айтады. Алайда мамандар бұл терминді диагноз дәрежесінде қолдануға келіспейді.

Бір қозғалыстың бірнеше рет қайталануынан, ісік немесе тіндердің тозуы болуы мүмкін.

Қайталанбалы қозғалыс синдромының себебі тұрмыстан не болмаса жұмыстан, әлде белсенді демалыстың ( аз физикалық әрекет жасайтын демалыс түрлері)әсерінен де туындауы мүмкін.

Есірткі және ішімдіктен бастарту синдромы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-10-05 10:46 - (143 Оқылымдар)

Бастарту синдромы - әдетке айналған алкогольді немесе есірткіні пайдалануды тоқтатудан кейін пайда болатын жағымсыз физикалық немесе психикалық өзгеріс. Мұның симптомдары бірнеше күнге созылуы мүмкін және жүpек айну, құсу, шаршағыштық, мазасыздану, бір орнында отыра алмау, қобалжушылық сияқты жағдайлар орын алады.

Бастарту синдромының симптомдары алкогольді немесе есірткіні шамадан тыс қолданғанның әсерінен пайда болады.

Мальабсорбция синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:44 - (441 Оқылымдар)

Мальабсорбция синдромы – асқазан-ішек жолдарындағы қанға қоректі заттарды, дәрумендерді, минералды заттарды сіңіру қабілетінің бұзылысы.

Шынтақтық канал синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:44 - (153 Оқылымдар)

Шынтақтық канал синдромы– білекте шынтақ жүйке тамырының қысылуынан пайда болады. Бұл жүйке тамыры шынашақ жақта орналасқан.

Қолға артық күш түскеннен ісініп, сондай-ақ шынтақ жүйке тамырыңның айналасындағы тіндер қалыңдауы мүмкін. Жүйке түйіннің ісінуі шынтақ жүйке тамырына әсер етуі де мүмкін. Шынтақтық канал синдромы велошабандоздарда көп кездесіп жатады.

Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:41 - (119 Оқылымдар)

Анатомиялық қуыстардың жабық синдромы - деп, бұлшықеттердің, жүйке жүйесінің, қан тамырлардың және сүйектердің жабық кеңістікте (аноматикалық куыста) ісініп, бірақ сол ісікке лайықты түрде керіле алмай қалған жағдайын айтады. Ісіктің қан тамырларға және жүйке жүйесіне, күре тамырға түсетін қысымы қатты ауыртады, бұлшықеттер мен жүйке жүйесіндегі қанайналымды баяулатып, сол тіндердің қайтымсыз бұзылысына соқтырады

Ішектердің қабыну синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:40 - (149 Оқылымдар)

Бұл не? Ішектердің қабыну синдромы – екі негізгі ауруды қамтиды: тоқ ішекті зақымдайтын спецификалық емес жаралы колит және Крон ауруы. Крон ауруы – ауыз қуысынан бастап анусқа дейінгі барлық асқорыту жолдарына таралады. Оның басқа аурулардан айырмашылығы – ішектің шырышты қабатында гранулем-конгломерат лимфоциттары деп аталатын факторымен сипатталады. Бұл тек Крон ауруына тән.

Тілді таңдау