Жүктелуде...
 

Увеит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 09:19 - (270 Оқылымдар)

Увеит –көз ұясының тамырлы қабықшасының (көздің ортаңғы қабатының) тітіркенуімен және ісінуімен сипатталатын ауру. Көз ұясының тамырлы қабықшасы торқабықтың қанмен қамтамасыз етілуінің негізгі бөлігін қамтамасыз етеді.

Үштармақты нервтің невралгиясы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 12:10 - (164 Оқылымдар)

Үштармақты нервтің невралгиясы – жүйке жүйесінің ауруы, бұл кезде беттің кейбір бөлігінде қарқынды, электр тоғының соққысы секілді қатты бататын ауру пайда болады.

Үрейлену (мазасыздану) бұзылысы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 12:03 - (140 Оқылымдар)

Үрейлену (мазасыздану) бұзылысы – психикалық бұзылыс, белгілі бір нысандармен немесе жағдаймен байланысты емес, ұдайы үрейлену (мазасыздану) сезімімен сипатталады.

Уретрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 11:51 - (417 Оқылымдар)

Уретрит – несеп шығару каналы – үрпінің ісінуі және тітіркенуі (қабынуы). Үрпі (несеп шығару каналы) – организмнен несеп шығарылатын түтік.

Ұлғайған аденоидтар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 11:45 - (131 Оқылымдар)

Аденоидтар – мұрын мен көмейдің артқы қабырғасының арасындағы тыныс алу жолдарында орналасқан лимфалық тіндердің жинақталуы. Олар бадамшабезге ұқсас.

Ұлғайған аденоидтар – осы лимфалық тіннің ісінуі.

Тыныс алу жүйесінің аурулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 11:42 - (189 Оқылымдар)

Тыныс алу – күрделі үрдіс. Егер жарақат, ауру немесе басқа фаакторлар осы үрдістің кез келген бөлігіне әсер етсе, тыныс алуда мәселелер пайда болады.
Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үлестері аталатын үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Демді ішке тарту кезінде өкпе оттегіге толады, оттегі жасушалар мен тіндерге негізгі қызметін орындау үшін қажет. Дем шығару кезінде өкпе көмір қышқыл газын сыртқа шығарады, ол организмдегі заттек алмасуының өнімдері.

Тыныс алу жолдарында тұрып қалған немесе жұтып қойған заттар

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 11:40 - (147 Оқылымдар)

Егер бала қандай да бір үшкір емес және қауіпсіз затты жұтып қойса, және ол көмейінде тұрып қалмаса, ол нәжіспен бірге өздігінше шығуы мүмкін.

Өздігінше шығуын күткен кезде баланы мұқият қадағалаңыз және егер құсу, сілемей ағуы басталса, тамақтан бас тартса, қызу, жөтел, демін тартқанда шулы тыныс алу немесе ысқыратын дыбыс пайда болса, дәрігерді шақырыңыз. Және егер екі күнде зат нәжіспен шықпаса да дәрігерге көріну қажет (затты нәжістен іздеу үшін сүзгілеу қажет).

Түсік (өздігінен түсік тастау)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 11:30 - (450 Оқылымдар)

Өздігінен түсік тастау - жүктіліктің 20-шы аптасына дейін ұрықты өздігінен жоғалту. (Жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін бұл мезгілінен бұрын босану саналады).

Тұмау

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 11:26 - (913 Оқылымдар)

Тұмау (инфлюэнца) – жоғарғы тыныс алу жолдарының вирустық ауруы, кенеттен пайда болады, ысыну, дененің аурысынуы, бас ауыруы, тез шаршау, тәбетті жоғалту, құрғақ жөтел, көмейдегі ауырсыну мен құрғақтық секілді симптомдармен қосарланады. Тұмаудың суық тиюден айырмашылығы бар; тұмауда симптомдар, әдетте, күштірек, қарапайым суық тиюге қарағанда жұмыстан немесе мектептен бірнеше күн қалуға тура келеді.

Көптеген адамдар мәселесіз сауығады, бірақ, кейде ауру бактериалдық инфекцияның дамуына апаруы мүмкін, мысалы, құлақ инфекциясы, мұрын қуысының инфекциясы немесе бронхит. Үйде дұрыс емдеу осындай инфекциялардың алдын алуға көмектеседі.

Тілді таңдау