Пародонттық абсцесс
Жарияланды 2018-08-01 05:21 - (146 Оқылымдар) -Пародонттық абсцесс – тіс пен қызыл иектің арасындағы кеңістікте ірің толған қуыс (қалта тәрізді ошақ), бактериалдық инфекцияның түсуінен қызыл иектің іріңді қабынуының нәтижесінде түзіледі.
Пародонттық абсцесс алдымен нақты бір тістің астында орналасады, ісініп, қызарған, домалақ пішінді түзіліс түрінде болады. Тіске тигенде пародонттық абсцесс күшті ауырсыну береді. Пародонттық абсцесс асқынғанда үлкен өлшемге жетіп, бет пішінін өзгертуі мүмкін.