Жүктелуде...
 

Етеккір алды синдромы (еас)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 08:10 - (181 Оқылымдар)

Етеккір алды синдромы (ЕАС) – бұл етеккір басталуына дейін 14 күндей бұрын сезілетін симптомдар тобы. Симптомдар, әдетте, етеккір басталғаннан кейін жойылады.

Әйелдердің көпшілігі етеккір алдында жеңіл жайсыздық сезінеді. Бірақ, ЕАС кезінде ашушаңдық, депрессия немесе жайсыздық сезілуі мүмкін, олармен үйде немесе жұмыста отырғанда күресуге тура келеді. ЕАС кейбір симптомдары төменде келтірілген. Әр айларда симптомдар нашарлауы немесе жақсаруы да мүмкін.

Естудің жасқа байланысты өзгерістері

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-19 07:50 - (126 Оқылымдар)

Жасқа байланысты естуді жоғалту немесе пресбиакузис – егде жаста пайда болатын естудің біртіндеп, баяу төмендеуі.

Есекжем (күлдіректену) – терінің аллергиялық серпіні

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 07:40 - (378 Оқылымдар)

Есекжем –терінің дәріге, тамаққа және басқа заттектерге аллергиялық серпіні. Есекжем бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Есекжем көтеріңкі, қызыл, қышитын, түрлі пішінді және өлшемді, шеттері айқын және ортасы солғын келетін күлдіреумен көрінеді.

Ересектердегі қызбаны емдеу

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-19 07:14 - (141 Оқылымдар)

Қызба - қандай да бір ауруға жауап ретінде дене температурасының артуы.

Дене температуры 37,2 - 37,5 ° С-тан асқанда ересектердегі қызба туралы айтылады.

Ересектердегі диарея (іштің өтуі), құсу және сусызданудың алдын алу

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 07:02 - (231 Оқылымдар)

Іштің өтуі мен құсу қауіпті болуы мүмкін, себебі, организмнің сусыздануына апарады. Организм сұйықтықтың үлкен мөлшерін жоғалтқанда сусыздану дамиды. Егде жастағы адамдарда сусыздану тез дамиды, бірақ, сусыздану кез келген жаста пайда болуы мүмкін.

Ересектердегі аппендицит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 06:53 - (143 Оқылымдар)

Аппендицит – құрт тәрізді өсіндінің (аппендикстің) ісінуі және қабынуы. Аппендикс - тоқ ішектің шағын өсіндісі.

Аппендикс – бұл бүйеннің аш ішекпен байланысқан жерінде болатын, пішіні жағынан саусақ тәрізді шағын қосалқысы.

Аппендицит - шұғыл операциялық араласуды өткізудің жиі кездесетін себебі. Ауру аппендикстің саңылауы нәжіспен, бөгде затпен немесе, сирек жағдайда, ісікпен бітелуінде пайда болуы мүмкін.

Эрекция мәселелері

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 06:35 - (226 Оқылымдар)

Эрекция мәселесі – ер адамның жыныстық белсенділікті қанағаттандыру үшін жеткілікті эрекцияны қолдауға қабілетінің болмауымен сипатталатын жағдай. Эрекция мүлде болмауы немесе жыныстық қатынас кезінде жоғалтылуы мүмкін.

Егер бұл жағдай ұзақ уақыт бойы сақталса, эрекциялық бұзылыс аталады.

Эпилепсия

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-19 06:16 - (205 Оқылымдар)

Эпилепсия – құрысу ұстамаларымен (бұлшық еттің еріксіз жиырылуы) қосарланатын мидың белсенділігінің бұзылысы. Ауруға қайталанатын ұстамалар тән.

Эпидидимит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-19 05:55 - (371 Оқылымдар)

Эпидидимит – бұл аталық бездің қосалқысының, аталық безді ұрық шығатын жолмен қосатын түтіктің ісінуі (қабынуы).

Аталық бездерде ерлердің гормондары және шәует өндіріледі. Бұл ұманың (пенистің артында орналасқан тері-бұлшық еттік түзіліс) ішіндегі екі жұмыртқа тәрізді ағзалар.

Тілді таңдау