Жүктелуде...
 

Коронавирус. Тазалық - денсаулық кепілі

COVID 19 вирусы қазіргі таңда бар елдің бойына қорқыныш үйіргені анық, жаппай таралуымен бірнеше елді қамтып сондықтан да, қазіргі таңның ПАНДЕМИЯсы болып отыр. Сондықтан да келесі пайдалы кеңестерге құлақ асқан жөн.

Коронавирус. Тазалық - денсаулық кепілі

translator жексенбі наурыз 15, 2020


E447829f 527a 4b79 A518 A3ca9c0b9091

COVID 19 вирусы қазіргі таңда бар елдің бойына қорқыныш үйіргені анық, жаппай таралуымен бірнеше елді қамтып сондықтан да, қазіргі таңның ПАНДЕМИЯсы болып отыр.

Қандай шаралар қолдану қажет:

1. Психологиялық тұрғыдан тұрақтылық – САБЫР, қатты уайымдасаңыз иммунитетіңіз төмендейді (барлық аурулар иммунитеттің төмендеген кезінде пайда болады);

2. Қолыңызды жиі жуыңыз, қалтаңызда кіші-гірім спрей антисептик спрей жүрсін, жиі қолыңызды тазартып тұрыңыз;

3. Қол алысып амандасуды шектеңіз, қазір бәрі түсінеді;

4. Үйіңізді, сіздің жиі болатын жұмыс орындардың ауасын жиі желдетіп отырыңыз;

5. Қандайда вирус денеге түскенде өзіне ыңғайлы белоктармен қатынасқа түсіп, жұғу қаупі артады. Міне, қазіргі зерттеу жүргізіп жатқан ғалымдар, зертханалар тұжырымы бойынша COVID 19 вирусы, адам ағзасындағы ACE2 белогы арқылы байланысқа түседі екен. Яғни, бұл белок барлық адамдарда кездеседі, көбінесе егда жастағы қарт адамдарда белоктың жасалуы жыл сайын артып отырады (бұл белок қан тамыр, жүрек және тыныс алу жүйелерінің жүмыс жасауымен жіті байланыста болады). Сондықтан да, қарапайым тұмау жас балалар мен жүкті аналарға жоғары қауіп төндірсе, COVID 19 вирусы балалар мен жүкті аналар арқылы тасмалданып, егде жастағы адамдарға жұғу қаупі жоғары, сондықтан жақындарыңызды қорғаңыздар;

6. Осы аралықта біздің цифрлық технологияларымызды жаппай қолдануға болады. Оқу үрдістерін студенттер, магистранттар және докторанттарды онлайн режимде білім алумен жалғастырса, ендігі кезек әр адамның жеке басы мен жанұясына байланысты:
• көп адам қатынаста жүретін сауда үйлеріне бармай ОНЛАЙН тапсырыс берген жөн. Қазіргі таңда көп компаниялар тапсырысыңызды ақысыз жеткізіп беру шараларын бастады;
• той және жиындарға атысуды шегерген жөн;
• Жұмыстарыңызды мейілінше дистанционды түрде атқаруға тырысыңыз.

7. Фитнес залдарға баруды қоя тұрып, фитнеске баратын уақытыңызды шегеріңіз (замарозка), физикалық жатығуларыңызды үйде жасаңыз;

8. Диета (арықтау) жайында ұмытып құнарлы әрі антибактериальды (сүт,пияз, сарымсақ) тағамдарды қолданыңыз;

9. ЕГЕР, дене қызуыңыз жиі көтеріліп (тұрақсыз температура), құрғақ жөтел пайда болып, тыныс алуыңыз қиындап, ентігу байқасаңыз бірден жедел жәрдем шақырыңыз. COVID 19 вирусы тыныс алу жолдарына түсіп, өкпе тінін зақымдап (созылмалы өкпе, тыныс алу жолдарының аурулары бар адамдар да бірден тыныс алу жетіспеушілігіне тап болады) өкпенің тыныс алуға арарналған қуыс алвеолаларын бітейді. Сондықтан да жоғарыда көрсетілген симптомдар пайда болады;

10. Ауыз қуысын күнделікті екі реттен жуып, ауыз қуысын шаюға арналған ерітінділермен немесе сода ерітіндісімен шайған дұрыс;

Осы сәтте «тазалық – денсаулық кепілі» орында деп ойлаймын!!! Жаныңыз да, тәніңіз де таза болсын! Тек жақсы ойлармен, берілген ұсыныстарды қолданып, өзіңізде жанұяңызды да аялап, мәпелеңіз! Қарсы тұру біздің қолымыздан келеді!!!

Әрқашан аман болыңыздар, сүйікті жандарыңызды қорғап, мәпелеңіздер!


Авторы: Нұрақыш Сәуле