Жүктелуде...
 

Коронавирусқа қарсы тиімді вакцина жайлы

Бостондағы Moderna компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы Pfizer және BioNTech әзірлеген вакцинадан асып түсетін нәтиже көрсетті. Moderna вакцинасының тиімділігі 94 пайызды құрайды.

Коронавирусқа қарсы тиімді вакцина жайлы

translator жексенбі қараша 22, 2020


Vakcina

Бостондағы Moderna компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы Pfizer және BioNTech әзірлеген вакцинадан асып түсетін нәтиже көрсетті. Moderna вакцинасының тиімділігі 94 пайызды құрайды (90% басқа вакцинамен салыстырғанда).

Ең бастысы Moderna вакцинасын -20 градусқа дейін сақтауға болатын болса, Pfizer/BioNTech вакцинасы -70 градустан төмен терең мұздатуды қажет етеді. Демек, Moderna вакцинасын тұтынушыларға жеткізу әлдеқайда жеңіл деген сөз. Бұл өте маңызды, себебі тасымалдау мен сақтау үлкен рөл атқарады.

Ozhss 0

Екі вакцина да матрицалық РНҚ-ның ең заманауи технологиясына негізделіп жасалған. Ол тек антиденелерді қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар жасушалық иммундық реакцияны да ынталандыруы мүмкін.

Бұл нәтижелер көптеген сарапшылардың күткенінен де әлдеқайда асып түсті. Ғалымдар COVID-19-ды жеңу жолында тағы да бір маңызды қадам жасаған сияқты.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.