Жүктелуде...
 

28 шілде – Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні

* ДСҰ мәліметтері бойынша, шамамен 350 миллион адам вирустық гепатиттің қандай да бір түрінен зардап шегеді. * Бауыр аурулары шамамен бір жарым миллион адамның өмірін қияды – ВИЧ-инфекциясынан, малярия мен туберкулезден де жоғары көрсеткіш. * Инфекция жұқтырғандардың шамамен 80 пайызы өздерінің қауіпті вирусты тасымалдап жүргендерін білмейді. Сондықтан бауыр аурулары туралы хабардар болу бүгінгі күні аса маңызды болып отыр.

28 шілде – Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні

System Administrator сәрсенбі шілде 29, 2021



Изображение 1



АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН – 28 шілде, 2021 – Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні жыл сайын 28 шілдеде вирустық гепатит – денсаулыққа бірқатар қауіпті зардап әкелетін бауырдың қабынуы туралы ақпараттарды көбірек тарату үшін аталып өтеді.

ДСҰ мәліметтері бойынша, Жер бетінде қазіргі кезде вирустық гепатиттің қандай да бір түрімен 350 миллион адам ауырады. Олардың көпшілігі негізінен В гепатитімен ауыратындар. Соңғы зерттеулер бойынша дәл осы В гепатитімен 257 миллион адам ауырады, жыл сайын одан 900 мың адам қаза табады. С гепатитімен ауыратын науқастар да үлкен пайызды құрап отыр, ол 71 миллион адамнан анықталған. Аурудың қалай өрбитіні де нашар болжамдарға әкеледі, гепатит вирусының бірнеше түрлерін қатар жұқтырғандар да болады. Мысалы, B және С, B және D.

Республикалық Денсаулық сақтауды дамыту Орталығының статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2019 жылы әр 100 мың тұрғынның арасында 35,1 мың адам вирустық гепатитпен ауырған. Бауырдың тағы бір білінбейтін ауруы – алкогольдік емес стеатоз немесе бауырдың алкогольді емес майлыбасу ауруының (БАЕМА) қарқынды көбеюі де алаңдатады. Гепатологтардың айтуынша, Қазақстан Респуликасында халықтың 40%-дан астамы осы ауруға ұшыраған, ол бүкіл әлем бойынша бауырды алмастырудың (әсіресе әйелдер арасында) екінші орындағы әрі жылдам өршіп бара жатқан себебіне айналып отыр.

Қазіргі әлемде ауыр вирустық гепатиттерді қосқанда түрлі жастағы халықтың өкілдері гепатитпен жиі ауырып, ол жыл сайын бір жарым миллион адамның өмірін жалмап отыр — бұл ВИЧ-инфекция, малярия және туберкулез сияқты ауруларданда жоғары көрсеткіш. Өкінішке қарай, бауыр ауруының қосымша қаупі бар, өйткені аурудың бастапқы кезеңінде ешқандай белгілер байқалмауы мүмкін. Соның кесірінен ауруға шалдыққандардың шамамен 80 пайызы өздерінің қауіпті вирусты тасымалдаушы екенін білмейді . Сондықтан бауыр аурулары туралы хабардар болу, алдын алу және уақытында медициналық көмекке жүгіну қазіргі кезде басты міндеттердің біріне айналды.

Жыл сайын Дүниежүзілік гепатитпен күрес күнінде Санофи білім беру бастамалары мен әлеуметтік жобаларды іске асырады, олар бауыр аурулары туралы көбірек ақпарат таратып, қоғамның назарын аударуға бағытталған.

«Біздің компаниямыздың мақсаты “to serve healthier fullier lives”. Біз барынша көбірек адамды сау әрі қуатты өмір сүру мүмкіндігімен қамтамасыз етуге тырысамыз. Қазіргі кезде медицинаның дамығанына және қолжетімділігіне қарамастан, бауыр аурулары адамдардың өмірінің сапасын төмендетіп жатыр. Оның шешімі бауыр аурулары туралы көбірек ақпаратты білу деңгейін көтерудің, уақытылы дәрігерге қаралудың және тұрақты түрде алдын-алу тексерістерінен өту әдетін қалыптастырудың қажеттілігінде жатыр, ал қолжетімді алдын-алу және емдік дәрілік құралдарды/шараларды қолдану бауыр қызметін мұқият қалыпқа келтіруге, оның регенерациясына және жалпы денсаулыққа оңтайлы әсер етуіне мүмкіндік береді”, - дейді Қуаныш Оспанов, денсаулыққа арналған нұсқаулықсыз препараттар мен тауарлар Орталық Азия Санофи бөлімінің басшысы.

Санофи компаниясының білім беру бастамаларының бірі pechen-kz.com порталы, онда бауыр ауруының белгілері, анықталуы және емделуі туралы білуге болады.