Жүктелуде...
 

Вегетариандық: оның ғылыми түрде дәлелденген пайдасы

Сәнге айналған вегетариандық идеясы және сондай-ақ аскетикалық вегандық ет жейтіндер мен шөп жейтіндер арасында қызу пікірталас туғызуда. Кімдікі дұрыс және адам ет жеуді мүлдем тоқтатса, ол ағзаға қалай әсер етеді? Осы тақырыпқа байланысты көптеген зерттеулер нәтижесінде бірнеше ерекше маңызды өзгерістер туындады, соны айтып берейік.

Вегетариандықтың ғылыми түрде дәлелденген пайдасы

translator сәрсенбі тамыз 8, 2019


05 08 2019

Сәнге айналған вегетариандық идеясы және сондай-ақ аскетикалық вегандық ет жейтіндер мен шөп жейтіндер арасында қызу пікірталас туғызуда. Кімдікі дұрыс және адам ет жеуді мүлдем тоқтатса оның ағзасына қалай әсер етеді? Осы тақырыпқа байланысты көптеген зерттеулер нәтижесінде бірнеше ерекше маңызды өзгерістер туындады, соны айтып берейік.

Холестерин деңгейі

Адам тек өсімдік тағамдарын пайдалана бастаған кезде қанындағы холестерин деңгейі 35% төмендейді. Тиісінше, жүрек-тамыр аурулары мен инсульт қаупі азаяды. Бірақ, еттен алынатын ақуыз жүректің жұмысы мен жасушалардың құрылысы үшін қажет болып табылады.
Қорытынды: адам жануарлардан алынатын ет өнімдерінен толық бас тартса, жүрек бұлшықеттері әлсірейді және қартаю процесін күшейтеді.

Қатерлі ісікке шалдығу қаупі

ДДСҰ-ның атап көрсетуінше, ысталған тағамдар, әсіресе ет ішек қатерлі ісігін тудыруы мүмкін екен. Оларды үнемі қолдану қатерлі ісік ауруының қаупін 18% -ға арттырады. Бұл аурумен ауыратындардың арасында вегетарианшылар аз. Өсімдік тағамдарында сіңірілмейтін талшықтар бар, олар ішек қатерлі ісігінің алдын алады. Алайда, вегетарианшылар онкологиялық аурудың басқа түрлеріне шалдығып жатады.

Қабыну процестері

Қызыл ет адам ағзасындағы созылмалы қабынуды күшейтеді. Өсімдіктерге негізделген диета қабыну процесін табиғи түрде азайтады.

Ішек микрофлорасының құрамы

Ғалымдар вегетарианшылардың ішектерінің микрофлорасы ет жейтіндердің микрофлорасынан қарағанда өзгеше бір ерекшеленетінін дәлелдеді. Талшық қорғаныс бактерияларының дамуына кедергі келтіретін көрінеді. Оның ішінде сапрофиттік бактериялар.

Соңғы зерттеулерге сәйкес, аталмыш диета диабеттің, семіздіктің және атеросклероздың алдын алуға көмектеседі екен. Бірақ талшыққа бай тағамдарсыз да болмайды. Өйткені, олар патогендік бактериялармен тиімді күреседі.
Екінші типті қант диабеті қаупі

Қызыл еттің көп бөлігін жеу сіздің II типті қант диабетімен ауыру қаупін 48% арттырады. Керісінше, көптеген дәнді дақылдары бар өсімдік негізіндегі диетаға ауысу бұл мүмкіндікті азайтады. Бұл организмді қант диабетінен қорғайтын көмірсулар.

Салмақ

Ағзаның ет өнімдерінен алатын артық ақуызы май түрінде сақталады. Джордж Вашингтон университетінің мамандарының зерттеуі бойынша, еттен күрт бас тартқан адамдар айына 4-5 кг жоғалтатынын айтады. Алайда ресейлік ғалымдар бұл тұжырыммен келіспейді. Олар тек вегетарианшылар мен шикі тамақтанушылар салмағын жоғалтады деп санайды. Бірақ өздеріне жарма, нан жеуге мүмкіндік беретін вегетарианшылар тіпті салмағын арттыра алады.

Геннің қызметі

Жақында жүргізілген бір зерттеуде өсімдіктерімен бірге организмнен алынатын қоректік заттар, антиоксиданттар гендердің жұмысына әсер етеді. Олар зақымдалған ДНҚ-ны «қалпына келтіреді», оның тұрақтылығын сақтайды. Адам ақырындап баяу қартаяды.

Алайда зерттеушілер ересектердің денесін тексеру кезінде барлық осы оң өзгерістерді атап өтті. Вегетариандық тамақтану әдісін балаларға пайдаланса, қалыпты дамуына нұқсан келтіреді. Вегетарианшылардың отбасында өсетін, сонымен қатар тек өсімдік тағамдарын жейтін балаларда суық тию мен вирустық инфекциялар көбірек болады.



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.