Жүктелуде...
 

COVID-19 пандемиясының екінші толқыны кезінде денсаулықты қалай сақтау қажеттігі жайлы кеңестер

COVID-19 пандемиясының екінші толқыны кезінде денсаулықты қалай сақтау қажеттігі жайлы кеңестер

translator Сәрсенбі желтоқсан 16, 2020


Vtoraya Volna

Әлемнің көптеген елдерінде COVID-19 пандемиясының кезекті толқыны басталды. Бұл салқынның түсуіне байланысты, сонымен қатар адамдардың таза ауада жүргеннен гөрі жабық орындарда көп болуы да коронавирустың жұқтыру қаупінің артуына әкеп соғуда.

Онымен қоса, «пандемиялық шаршау» да қосылды. Өкінішке орай, мұның салдарынан адамдардың көпшілігі маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты эпидемияға қарсы шараларды елемеуге бейімделіп алған. Ауа температурасы төмендеген сайын коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары болады. Мұндай жағдайда не істеуіміз керек?

Маска тағудың, әлеуметтік арақашықтықтың және қолды жуудың маңыздылығы туралы естуден әбден шаршаған боларсыз. Дегенмен, бұл қазіргі уақытта инфекциядан және коронавирустың таралуынан қорғанудың ең тиімді шаралары болып табылады.

Алайда, көптеген адамдар сақтық шараларын қолданбай, адамдармен тығыз байланыста болып, маска тағып жүру талаптарын елемей келеді. Осы жазда коронавирусты жұқтыру жағдайының көбеюі көбінесе қауіпсіздік шаралары сақталмаған түрлі жиындармен, кештермен және мерейтойлармен байланысты болған еді.

Мына қыс айларында, әсіресе қаңтар мен ақпан айлары эпидемиялық ахуал нашарлауы мүмкін. Салқын түсе бастағаннан бастап адамдар желдетілмейтін жабық орындарда көбірек байланыста болады. Дәл осы кезде коронавирустар ауада көп жиналып, адамдарға жұғу қарқыны басымдырақ келеді.

Бұл дегеніміз, алдағы айларда отбасымен, жақын адамдарымызбен ғана кездесумен шектеліп, басқа адамдармен кездесулерді едәуір азайту қажет деген сөз. Сондықтан, мына қыста эпидемиядан аман қалуды ойлаған жөн.

Тіпті, егер сіз тек отбасы мүшелерімен ғана аралассаңыз да, бұл сіздің толық қауіпсіздікте екеніңізді білдірмейді. Сіздің жақындарыңыз басқа адамдармен байланыста болып, олардан инфекция жұқтырып, инфекцияны үйге әкелуі мүмкін. Коронавирустың зұлымдығы, оны жұқтырған адамдар аурудың симптомдарын бірден сезбейді, бірақ айналасындағыларға үлкен қауіп төндіреді, вирусты өздері таратқандарын білмей де қалады.

Егер туыстарыңыз немесе достарыңызбен араласқыңыз келсе, коронавирусқа қарсы ПТР-тестілеуден өткеніңіз дұрыс.
Алайда, ПТР-тестінің теріс нәтижесі вирустың ағзада болмауына 100 пайыздық кепілдік бермейтінін әрдайым есте ұстаған жөн. Белгілі бір адамдарда тест жалған теріс нәтижені көрсетуі мүмкін.

Бұдан басқа, шынымен теріс нәтиже болса да, тестілеу мен басқа адамдармен қарым-қатынас құру кезінде инфекцияны жұқтырып алуға болады. Сондықтан, ПТР-тестінің нәтижесіне қарамастан әрқашанда сақтық шараларын сақтау маңызды.

COVID-19 эпидемиясының өршуі адамдардың айтарлықтай көпшілігінде коронавирустық инфекцияны жұқтыруы мүмкін екенін білдіреді. Көптеген адамдар үшін бұл толық қалпына келумен аяқталмайды және де аурудан айыққаннан соң да мәселелер туындайды. Мұны ковидтен кейінгі синдром деп атайды. Сондықтан, қарапайым сақтық шараларын ұстай отырып, ұзақ мерзімде болуы мүмкін денсаулықтың күрделі асқынуларынан аулақ болуға болады.

Әлемде пандемияның екінші толқыны күшейіп келеді. Бұл елімізді де айналып өтпеді, барлығымыз жіті дайын болғанынымыз маңызды, әсіресе психологиялық тұрғыдан. Көптеген адамдар бұл жағдай жаман көңіл-күйді, тіпті депрессияны тудырады. Осындай кезде қолдау көрсететін жақын адамдардың бар екенін әрқашан естен шығармаған жөн.

Жақсы жаңалықтар да жетерлік. Жақында Pfizer мен Moderna компаниялары өздерінің коронавирусқа қарсы вакцинасының 95 пайызға тиімді екенін жариялады. Басқа да белгілі өндірушілер де өз вакциналарының қолдануға жақындап қалғанын айтуда. Менің ойымша, осы тиімді вакциналардың арқасында індеттің беті келер жылдың ортасы мен аяғында сейілетін сыңайы бар.

Сол себептен аз ғана уақыт қалды. Бәрімізге аздап шыдамды, сабырлы болуға шақырамын. Әсіресе мына қыста сақтық шараларын сақтап, маска тағып жүріңіздер, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыздар.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.