Жүктелуде...
 

Вакцина жасау технологиялары

Вакцина жасау технологиялары

translator дүйсенбі қаңтар 4, 2021


Vakciny 1

Өткен мақалада біз матрицалық РНҚ негізінде жасалған Pfizer, BioNTech және Moderna компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналарын қарастырдық. Бұл мақалада коронавирусқа қарсы вакцина жасаудың өзге де технологияларын кеңірек қарастыратын боламыз.

Инактивті вирусты қолданатын вакцина – нақтылы және ең жетілген вакцина болып табылады. Бұл технологияны полиомиелитке және де тұмаудың кейбір түрлеріне қарсы вакциналар өндірісіне кеңінен пайдалынады. Бұл жерде коронавирустың өзі вакцина үшін қолданылады. Жоғары температураның, радиация және химикаттар көмегімен коронавирус инактивтендіріледі (залалсыздандырылады), бірақ иммундық жауап қайтаруға қабілетін сақтап қалады.

Қазір нарықта қытайлық Sinovac компаниясы жасаған инактивацияланған вакцина қолданылады. Қазақстандық вакциналардың бірі дәл осы технологияны қолданып жасалуда және өндіріске берілмек. Чумаков атындағы ғылыми орталық та осындай вакцинаны жасау үстінде.

Инактивацияланған вакциналардың артықшылығы – оның жасау технологиясы белгілі және дәлелденген, ал вакцинаның өзі науқастар үшін қауіпсіз. Оны тіпті иммундық қорғанысы әлсіз адамдарға да қолдануға болады.

Сонымен бірге, бұл өте қымбат технология, ол өндіріс қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қажет етеді. Әңгіме мынада, инактивацияға дейін медициналық қызметкерлер жанды коронавируспен байланысты болады. Сонымен қоса, инактивацияланған вакцинаны қолдану жеткілікті иммундық реакцияны ынталандырыру үшін бірнеше рет егуді қажет етуі мүмкін.

Ресейлік «Спутник» вакцинасы және Оксфорд университетінің ғалымдары мен Astra Zeneca компаниясы жасап шығарған вакцинаның арасында қандай ортақ нәрсе бар? Олар векторлық технология деп аталатын жолмен жасалған.

Векторлық вакциналар жасау үшін арнайы вирустар пайдаланылады. Оларды қажетті иммундық жауап тудыратын ақуыз молекулаларын – антигендерді өндіру және жеткізу қабілетіне ие болатындай етіп генетикалық құрылымын өзгертеді. Яғни, мұндай вирус жеткізуші құрал ретінде қолданылады. Сондықтан оны векторлық деп атайды.

Әдетте вектор ретінде салқын тигеннен болатын ауруларды тудыратын аденовирустар қолданылады. Сондай-ақ, шешек пен басқа да векторлық вирустар пайдаланылады. Олар көп мөлшерде коронавирустық антигендерді жеткізу үшін жасушаларымызға жұғады. Бұл ретте, векторлық вирустар ауруды тудырмауы керек.

Векторлық вакциналардың артықшылығы неде? Олар коронавирустық антигеннің көп мөлшерін қажетті жерге дәл жеткізе алады.

Олардың кемшілігі – көптеген адамдар бастапқыда вектордың өзіне қарсы иммундық қорғанысқа ие. Бұл, әсіресе бұрын салқын тиіп ауырғандарға қатысты. Осыған байланысты векторлық вирус біздің жасушаларымызды зақымдауға қауқарсыз және коронавирустық антигенді жеткізе алмайды. Мінекей, Оксфорд вакцинасының тиімділігі 70 пайыз ғана болатындығының бір себебі осы.

Вакцина жасаудағы үміт ұялатып отырғаны – бұл вирустар мүлдем жоқ вакциналарды жасау технологиясы шығар, онда тек вирустың компоненті ғана пайдалынады. Мысалы, тікенді ақуыз, оның көмегімен адам ағзасына коронавирус енгізіледі. Мұндай молекуланы немесе оның компонентін рекомбинатты технологияның көмегімен жинақтауға болады. Содан кейін оны жасушаға жеткізіп, иммундық реакцияны тудыру үшін микроскопиялық нанокапсулаға салады.

Қазіргі уақытта рекомбинатты вакцинаны американдық Novavax компаниясы сынап көруде. Осыған қатысты Queensland университетінің австралиялық ғалымдары, сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық университетінің мамандары да жұмыс жасауда.

Қазақстандық әзірлеудің бірегейлігі мен артықшылығы – вакцинаны мұрынға тамшылау көмегімен енгізуге болатындығында. Бұл тек ыңғайлы және ауыртпалықсыз емес, сонымен қатар коронавирус бастапқыдағы адам ағзасына енетін жерде – мұрын қуысында иммундық қорғаныс құруға мүмкіндік береді. Осылайша, адам өзін ғана сақтап қоймай, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмауға септік етеді.

Осылайша, COVID-19-ға қарсы вакциналармен жұмыс жасау кезінде ғалымдар төрт негізгі технологияны қолданады: матрицалық РНҚ, векторлық вакцина, инактивацияланған вирус және вирустың рекомбинантты антигені. Олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Алайда, болашақта халықтың барлық топтарын, оның ішінде егде жастағы адамдарды, балаларды, жүкті әйелдерді, сондай-ақ созылмалы аурулары бар және иммундық қорғанысы әлсірегендерді қорғауды қамтамасыз ету үшін әртүрлі вакциналарды қолдану қажет болуы мүмкін.

Технологияны таңдау кезінде оны өнеркәсіптік өндіріс үшін жедел масштабтау мүмкіндігінің болуы аса маңызды. Технологияның икемділігі айтарлықтай рөл атқарады, яғни вирус генотиптерінің өзгерулеріне бейімделу қабілеттілігі. Бұл жағдайлардың маңыздылығын Ұлыбританиядан келген коронавирустың мутацияға бейім болып қана қоймай, сонымен-ақ жұқпалы түрге ауысуы көрсетіп отыр.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.