Жүктелуде...
 

Балалардың тісін тіс дәрігеріне қашан көрсеткен жөн?

Балаларды тісін тіс дәрігеріне қашан көрсеткен жөн?

translator дүйсенбі қаңтар 18, 2021


WhatsApp Image 2021 01 15 At 11.43.41

Балалардың алғашқы дүниеге келген күнінен бастап ата аналардың, әсіресе, жас ата-аналардың не істеп, қашан және қандай дәрігер мамандарға апару керектігін біле бермейтіні де анық.

Жас нәресте дүниеге келгеннен бастап, бала босану клиникасында нәрестелерді бірнеше мамандар қарап, Апгар шкаласын пайдалана отырып, нәресте жағдайын бақылауға алады. Өсу барысында өмірдің бірінші жылында балалары бар ата-аналар бірқатар дәрігерлерге баруы керек. Дәрігерге бару жоспарын өзіңіздің қабылдауда болған (тіркеуде тұрған) дәрігер педиатр маманымен және медбикенің көмегімен жүзеге асырған жөн. Басқа қосымша дәрігер мамандарға барудың негізгі мақсаты - өсу мен даму қарқынын бағалау, сондай-ақ жіті ауруларды болдырмау.

Нәрестелердің физиологиялық даму қарқыны аса ерекшіліктермен жүретіні естеріңізде болсын, әсіресе, балалардың жүрек соғысының жиілігі немесе аузынан сілекей ағуы немесе тіс шығар алдында болатын дене қызуының көтерілуі мен іш өтуі кездеседі. Бірақ осы жағдайлардың басқа да ауруларда кездесетін көріністер болғандықтан, дәрігер мамандармен бірлесіп отырып бақылаған дұрыс.

Сіздерге міндетті түрде бару керек мамандар тізбегін ұсынамыз: педиатр, лор (құлақ, мұрын, тамақ), хирург, ортопед, окулист, сондай-ақ тіс дәрігері.

Бірақ, кейде ата-аналар стоматолог, тіс мамандарына балаларының тісін қаратуды ұмытатыны немесе көңілге алмайтыны белгілі. Тістердің адам өмірінде және денсаулықты нығайтуда басты орын алатындығы жайында бәрі біледі. Балалардың өсу кезеңінің 6-8-ші айларынан бастап алғашқы тістері жарып шыға бастайды. Балаларда алғашқы тістерінің шығуы кезінде кездесетін қиындықтар жас ата-аналардың көңіліне үрей келтіретіні анық. Нәрестенің алғашқы тістерінің шығуы кезінде, баланың мазасызданып жылауы, дене қызуының көтерілуі, ішінің өтуі, аузынан сілкей суының ағуы жиі кездеседі.

Жаңа туған дәрігерлерді тексеру кезінде, ең алдымен, тілдің қалыңдығына көңіл аударады.

Тіс дәрігеріне алғашқы бару

Тістің қызыл иекті жарып шығуы өте күрделі процесс. Жас нәрестелерде әр түрлі қиындық кезеңдермен жүреді. Менің екі баламда екі түрлі жағдайда өтті.

Алғашқы ұлымда төртінші айынан бастап шығып, тек қана сілекейдің көп бөлінуімен өтті. Әрине, біріншіден сілекейдің бөлінуі басында патология сияқты сезіліп, педиатр мамандарымен ақылдаса шешім қабылдап отырдық. Сонымен қатар, дене қызуы көтерілуі немесе ішінің ауруы болған емес.

Ал екінші баламызда, қатты алаңдадық десек болады.

Қазіргі таңдағы коронавирус індетімен бірге көтерілген дене қызуы және ішінің өтуі, энтеровирус ауруларымен салыстырып, тағы да педиатр мамандарымен ақылдаса шешім қабылдап отырдық.

Сонымен қатар, стоматолог маманына екі баламызды да қаратып отырдық.

Бірінші бес жастағы баламызға түсіндіріп, көрнекі ретінде көрсетіп, екінші баламызды қараттық. Екеуі де стоматолог маманынан риза болып шықты. Үлкен ұлымыз қуанғаны сонша, стоматолог маманын құшақтап алды. Риза болып, «Мама, стоматолог аға менің тісімді жақсы қарады», - дейді. Алда әлі, кариес емдететін кезеңдер тұрғанын қайдан білсін?! Оны да жеке видео көрсетіп, жеткіземіз.

Әрине, стоматолог маманына баратынын есі кірген балаларға түсіндіріп айтып отырған дұрыс, алғашқы барғаннан қорқатын болса, балалар үшін үлкен психологиялық травма болмақ.

Ал кішкене нәрестелерге оралатын болсақ, жоғарыда айтқандай, келесі симптомдар жиі байқалады: балалардың мазасызданып жылауы, тамақ іше алмауы, көңіл-күйінің бірден бұзылуы, қызыл иекте жарып келе жатқан тістердің сыздап ауру сезімін беруіне байланысты. Сонымен қатар іші өтіп, дене қызуы көтерілуі мүмкін.
Бірақ бұл процесс баланың физиологиялық өсуін айқындайды. Қандай жағдайда да педиатр немесе тіс дәрігері бақылауында болған дұрыс. Ол мамандар сіздерге керекті иекке арналған жақпа майларды, сонымен қатар қашан және қалай, қандай тіс пастасымен тістерін тазалау керектігі жайлы толық мағлұмат бере алады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта стоматит, тіс кисталары жиі кездеседі — бұл маманмен кеңесуді талап едеді. Алдын алу шараларын жасау үшін, тіс дәрігеріне қаратып оыру керек.

Егер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұсыныстарына жүгінетін болсақ, онда балаларды 9-12 айда тіс дәрігеріне қаратқан дұрыс. Бірақ бұл ұсыныс, балалардың басқа да ауыз қуысында патологиялық үрдістер болмаса ғана жасалуы тиіс.

Тіс дәрігері не нәрсеге назар аударады?

Ең алдымен, жұтылу актісі қалыптасқан жақ-бет аймағын дамыту үшін ата-аналарға бірқатар сұрақтар қойылады. Ауыз қуысын тексеру де міндетті: тістердің саны, олардың пайда болу ерекшеліктері.

Шыққан тістердің санын ғана емес, олардың жағдайын да бағалау керек. Мысалы, жасанды тамақтандыратын балаларда кариес пен қабыну ауруларының даму қаупі жиі кездесетінін ескерген дұрыс. Соңғы ақпараттарға сәйкес, кариестің дебюті 1-1, 5 жылға келеді. Ата-аналар мен стоматологтар бірлесе отырып, кариестердің пайда болуының алдын-алу шараларын қолдана алады. Әр балаға жоспар жеке түрде жасалады. Баланың тамақтану ерекшеліктері, туылуы және денсаулық жағдайына тікелей байланысты.

Бірақ бастысы – гигиена, тістерді тазарту алғашқы тістен басталуы керек. Ата-аналар арнайы тіс щеткасын қолдануы керек. Бірақ тіс пастасын қолдану бөлек мәселе. Стоматолог маманы, тіс пастасын бағаға емес, оның сапасына қарай таңдауға көмектеседі.

Сонымен қатар, ескеретін іс, балаңыздың тамақ іскеннен кейін ауыз қуысын жылы сумен шайқауы, кариес пайда болу себептерін төмендетеді.

Сәуле Нұрақыш, дәрігер, медицина ғылымының магистрі