Жүктелуде...
 

«Бұршақ, ет немесе ақуыз» азық-түлік тобындағы өнімдердің денсаулыққа пайдасы өте зор

«Бұршақ, ет немесе ақуыз» азық-түлік тобындағы өнімдердің денсаулыққа пайдасы өте зор

translator Сейсенбі қазан 1, 2019


01 10 2019

«Бұршақ, ет немесе ақуыз» азық-түлік тобы «Пайдалы таммақтану» ұстанымы бойынша төртінші орынды иеленеді. Бұл топтарға жануарлардан алынатын ақуыз өнімдері – ет, құс, балық, жұмыртқа, сондай-ақ өсімдіктен алынатын ақуыз өнімдері – бұршақ, дән және жаңғақтар жатады. Ет, құс, балық, құрғақ бұршақ, асбұршақ, жұмыртқа, жаңғақ және күнбағыс сияқтылар қоректік заттардың негізгі қайнар көзі болып табылады, олардың құрамында В дәруменінің тобы бар (олар: ниацин, тиамин, рибофлавин, В6 дәрумені), Е дәрумені (темір, цинк және магний) бар.

• Ақуыздар сүйек, бұлшық ет, сіңір, тері және қанның түзілуіне қажетті бірден бір зат болып табылады. Олар сондай-ақ ферменттердің, гормондардың және дәрумендердің түзілуіне атсалысатын компонент болып саналады. Сонымен қатар, ақуыздар көмірсулар мен майлардың да нәрлілігінің негізгі көзі болып табылады.
• В дәрумендер тобы зат алмасу процесінде зор рөл атқарады, энергия шығаруға қатысады, қан жасушаларының жүйке жүйесінің түзілуіне атсалысады.
• Е дәрумені антиоксидант болып табылады, яғни ол А дәруменін қанықпаған май қышқылының тотығуынан қорғайды.
• Темір ағзада қандағы оттегі алмасуы үшін пайдаланылады. Көптеген қыздар мен әйелдер бала көтеру жасында темір жетіспеушілік анемиясымен қиналады. Оларға гемодік емес темір деп аталатын еттің, сондай-ақ, бірқатар өсімдіктердің құрамында болатын гемдік емес темірді С дәруменімен қосып не болмаса С дәруменнің көп мөлшердегі құрамын пайдалана отырып қолдану керек. Себебі С дәрумені гемдік емес темірдің сіңуіне көмектеседі.
• Магний сүйектің қалыптасуына, сондай-ақ, бұлшық еттердегі энергияның шығуына көмектеседі.
• Цинк иммундық жүйеның биохимиялық реакциясына қатысады, сонымен қатар, ағзаны инфекциядан қорғайды.



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.