Кекіру көбінесе, ауа жұтып алғаннан болады. Көп ауа жұтып алғаннан кейін, тым тойып қалғандай немесе іш шертиіп кеткендей сезімдер туындайды.
Қатты тойып алғаннан немесе асқазанның асты қорытпауының себебінен болатын кекіру, жайдан-жай жиі бола бермейді. Оған себеп болатын мынадай да қауіпті жағдайлар бар:
• Ойық жара да аурсыну сезімдерін тудырады;
• Асқазан немесе ас қорыту жүйесінің обыры. Жүрек айну, тәбеттің төмендеуі және ішкен ас сіңбей, асқазан толып тұрғандай сезімде болу;
• Асқазан - ішек жолдарының тітіркенуінен кекіру мен қыжыл пайда болады. Әсіресе, жатқанда немесе еңкейгенде қатты мазалайды;
• Өт қабының ауруы ішіңіздің жоғарғы оң жақ бөлігін ауыртып, кейде, ауырсыну белгілері арқа мен иыққа қарай таралуы мүмкін.
• Қыжыл. Іштің жоғарғы бөлігінде немесе кеудеде пайда болып, газдың түзілуін, тоқтық сезімін, ауырсыну немесе асқазанның ашыған сезімдерін тудырады. Бұл белгілер кекірікті тудыруы да, тудырмауы да екі талай.
• Безерлік болуы мүмкін. Безерлік – тосын жағдайда қорытылмайтын материалдарды(қатты заттар, шаш т.с.с ) ауызға салып, жұтып жібергенде, асқазан жолдарының бітеліп қалауын айтады (асқазанның кедергілі бітеліп қалуы).
Егер көп кекіре беретін болсаңыз, дәрігерге хабарласыңыз. Қатты тойғаннан немесе ас қортуыңыз дұрыс болмағаннан ба, жоқ басқа ма анықтап алыңыз. Мүмкін үйде-ақ емделіп, жазылып кетерсіз.
Тегтер:
кекіру
ас қорытпау
қыжыл
асқазанның ойық жарасы
аш ішек ойық жарасы
ішек ісігі
өңеш ісігі
асқазан-өңеш рефлюксі
Кекіру
Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:46 - (78 Оқылымдар)Кекіру көбінесе, ауа жұтып алғаннан болады. Көп ауа жұтып алғаннан кейін, тым тойып қалғандай немесе іш шертиіп кеткендей сезімдер туындайды.