Жүктелуде...
 

Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады

Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады

translator дүйсенбі қаңтар 28, 2019


память

Бүгінгі күні біздің өмір салтымыз өзгерді, және ол біздің тек нені қалай жеп жатанымызға , сондай-ақ қалай өмір сүріп, не ойланамызға байлаға байлнысты емес, одан да бөлек бір кейіпте. Бүгінде әрқайсымыздың өміріміз жасандылыққа толы, біз дұрыс тамақтанбаймыз, қжетінше қозғалмаймыз, жақсы ұйықтамаймыз осылардың өзі біздің ақыл-ойымыз бен денсаулығымыз үшін өте кереғар болып саналады. Жад тиімділігін қалай арттыруға болады? Біз жұмыс кезінде тым көп стресстік жағдайларды сезінеміз және тапсырмаларды дұрыс орындау үшін біз нақты ой мен сенімді есте сақтауға тиіспіз. Бүгін біз бірнеше маңызды кеңестерді талқылаймыз, содан кейін сіз сана мен жадтың тиімділігін шоғырландыруды жақсарта алуыңыз мүмкін.

1. Ақылды толықтыратын тағам

Бадам, көкжидек, жаңғақ, балық, жұмыртқа сияқты салауатты, ақыл-ес үшін пайдалы болып табылатын тағамдарды жеңіз.

2. Бір уақытта бір объектіге назар аударыңыз

Бүгінде бәрі асығыс. Біз жұмысымызды мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтағымыз келеді, сондықтан біз жұмысты бітіруге көп күш шығындап жатамыз, бұл біздің өнімділігімізге әсер етеді. Бір мезгілде көптеген тапсырмаларды орындау стрессті күшейтеді және концентрацияны азайтады. Сондықтан, тапсырмаларды шектеңіз, бір уақытта бір нәрсені жасап, тиянақты аяқтауға тырысыңыз, ойыңызды шашыратпаңыз.

3. Ұйқының ұзақтығын қадағалаңыз

Күн сайын 7-8 сағат ұйықтау қажет. Ұйықтау біздің көңілімізге тыныштық ұялауға септігін тигізеді, мидың нейрондарын қалпына келтіреді және күнде жинақталған ақпараттың түсініктердің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйқы ден қою фокусын қалыптастырады, концентрацияны жақсартады және күнделікті энергияны қамтамасыз етеді, бұл сіздің өнімді жұмыс істеуіңізге мүмкіндік береді. Ал, ұйқының бұзылуы ойлау қабілетінің төмендеуіне, соның ішінде концентрацияның төмендеуіне және есте сақтаудың нашарлауына алып келеді.

4. Физикалық жаттығу

Жаттығулар жасау көптеген артықшылықтар береді. Егер үнемі жаттығулар жасасаңыз, ол сізге көп жағынан көмектеседі. Жаттығулар да күні бойы энергияны қамтамасыз етеді. Қан ағынын жақсартып, ойды шоғырлануды арттырады, физикалық жағыңыздан күшейтеді және салмақты төмендетуге және күйзелістерді жеңілдетуге ықпал етеді.

5. Миға арналған жаттығулар

Ақыл-ойды қуаттандыру - мидың сиқырлы түрде өзгеруіне себеп болады. Мысалы, жұмбақтарды шешіп, кітап оқып, шет тілін үйренуге ден қойып, фортепьяно ойнауға бейімделіп немесе жаңа ойлар туындататын нәрсені жасауға тырысыңыз. Бұл сіздің өнімділігіңізді арттырады және жаңаша, бұрын белгісіз болып жүрген білім береді.


Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.

Тегтер
Денсаулық
Медицина