Жүктелуде...
 

Монитор экранының алдында ұзақ отыру балалардың көзіне қаншалықты әcер етеді

Монитор экранының алдында ұзақ отыру балалардың көзіне қаншалықты әcер етеді

translator дүйсенбі қаңтар 28, 2019


монитор и ребенок

Балалар гаджет экранының алдында қанша көп уақыт отырған cайын, олардың көзіне зиян тие ма екен деген алаңдаушылық туады. Офтальмологтар – көрудің нашарлауын арнайы және хирургиялық жолмен емдейтін мамандандырылған дәрігерлер экранның алдында көп отырғаннан көптеген балалардың көздері құрғап, көздеріне айтарлықтай күш түcетінін айтады. Дегенмен электрондық құрылғылар көрудің ашарлауына себеп бола ма? Балаңыз оқуға арналған көзілдірікті немесе компьютер көзілдірігін пайдалануы керек пе? Осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатында, көптеген ата-аналар балаларын осы айда мектепке жібереді (содан гаджет экрандарының алдында және кітап оқуға қаншалықты уақыт жұмсайтынын қадағалады), офтальмологтар ата-аналарға балаларының денсаулығына байланысты саналы ақпарат алып тұруына көмек берді.

Миопия деп аталатын әлемдік эпидемия бар, сондай-ақ, ол баршаға алыстан көре алмаушылық ауруы ретінде танымал. Көптеген елдерде соңғы 50 жылда миопияның жиілігі екі есе өсті. Азияда жасөспірімдер мен ересектердің 90 пайызы миопиядан зардап шегуде. Осылайша бір түсініксіз жаттар орын алуда. Ғалымдар бұның не екенін әлі нақтылай алмауда.

Жаңа зерттеулер қосымша дәлелдеме ретінде, алысты көре алмаушылық көбінесе жұмысқа байланысты болатынын, көзге көп күш түсетінін айтып дабыл қағуда; бұған тек гаджет экрандары, дәстүрлі кітап оқудың да қатысы бар. Сонымен қатар, зерттеулер бойынша, адам балалық кезінде ашық аспан астында, кең далада қанша жүрсе, сол миопияның дамып кетуін тежейтін көрінеді. Миопияның дамуына адамдардың көпшілігінің смартфондарға жиі суретке түсуі немесе тым жарықтың тиетін әсері, бізге өзара әсер ететін цирагандық ырғақтардың байланысы бола ма, жоқ па, ол фактілер әлі де түсініксіз күйінде қалуда.

Ғалымдар бұл сұраққа нақты жауап іздеп жүргенімен, компьютердің көптеген пайдаланушылары көздің нашарлауын сезініп жүр. Гаджеттер мен компьютерлердің экрандарына қараған, балалар ересектерден мүлдем ерекшеленбейді. Олар да көздің құрғауы, шаршауы, бас аурулары секілді жағдайлар орын алып отырады. Бұл симптомдар әдеттегідей уақытша болып көрінгенімен, олар жиі және тұрақты түрде болып тұрады.

Бірақ, бұл оларға дереу компьютерлік көзілдірік тағайындау керек немесе көзіне қандайда бір зақым келді, сондықтан кітап оқу үшінде көзілдірік таққызу керек деген ұғым бермейді. Бұл сондай-ақ компьютер экрандарынддағы көгілдір жарық көзге зиян келтіреді дегенді де білдірмейді. Бірақ көзді күтімілдеп, аздап демалтып тұрған жөн. Біз компьютерлер мен басқа да сандық құрылғыларды пайдалану кезінде көзімізді көп жұма бермейміз. Ұзақ уақыт бойы хаттарды оқу, жазу немесе басқа да жұмыс жасау кезінде көзімізге айтарлықтай күш түседі. Офтальмологтар әрбір 20 минут сайын 20 секундтық үзіліс жасауды ұсынады.

Төменде, балаңыз электрондық құрылғыларды пайдаланғанда немесе кітап оқыған кезде көзіне түскен күшті жеңілдетуге арналған 10 кеңесті жазып қойдық:

• Үзіліс жасау үшін таймерді ескерту ретінде орнатыңыз.
• Электронды және қағаз кітаптарды кезек-кезек оқытыңыз, сондай-ақ, балаларға әр екі бөлімінде көзге арналған жаттығуларды (терезе арқылы немесе терезе арқылы) орындатуға болады.
• Бейне ойынындағы келесі деңгейді аяқтағаннан кейін, терезеге 20 секундқа қарап тұру ұсынылады.
• Кітаптағы әрбір екі-үш тарауды алдын-ала белгілеп, балаларға көзге арналған жаттығуларды жасатыңыз (жоғары және төмен). Электронды кітаптарға арнайы бетбелгі функциясын пайдаланыңыз.
• Компьютерді ашық ауада немесе жарқыраған бөлмелерде пайдаланбаңыз, өйткені экранда шағылысу стрессті тудыруы мүмкін.
• Компьютермен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін компьютер экранының жарықтығы мен контрастын реттеңіз.
• Компьютерде немесе кітап оқыған кезде дұрыс отыруын қадағалаңыз.
• Балаңызға сандық құрылғыны көзден тысқары ұстауды ескертіңіз; 45-тен 60 сантиметрге дейінгі қашықтық дұрыс болып саналады.
• Балаңызды көңіл-күйін мезгіл-мезгіл сергітіп тұрыңыз.
• Сандық құрылғыларды пайдаланғанда балаларға жыпылықтауын есіне салыңыз.

Балаларыңыз кейін көзі аурып, көзілдірік тақпас үшін, оған дұрыс әдеттерді қалыптастыруға көмек беріңіз. Өйткені сіз өзіңіз қанша талпынсаңыз да ұзақ уақыт бойы жүгірсеңіз аяқтарыңыз талып, тоқтап қалуыңыз мүмкін. Сол сияқты, егер сіз тым ұзақ уақыт оқып отырсаңыз және сіздің көзіңіз зақымдана бастаса – үзіліс жасаңыз.


Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.

Тегтер
Балалар
Денсаулық
Медицина