«Пластикалық ойыншықтар мен косметикалар сәбилердің сөйлеу аспектілерінің тежелуіне әсер етеді» дейді ғалымдар

translator дүйсенбі қаңтар 21, 2019

9 мақала

Соңғы уақыттағы зерттеулер бойынша, егер де жүкті әйелдер ерте кезеңінде немесе кейінгі уақыттарда фталат деп аталатын өте кең таралған химиялық заттың әсеріне ұшыраған болса, олардың болашақ сәбилерінің сөйлеуі кешеуілдейді екен.

Фталаттар көптеген өнімдердің сан-алуан түрлерінің құрамында болады, олар аэрозольді орауыштағы тырнаққа және шашқа арналған лактарда, еденге арналған винильді жапқыштардың құрамдарында да болатын көрінеді. Пластификаторлар ретінде олар материалдарды өте шыдамды етіп тұрады; еріткіштер ретінде (еріткіштер) олар басқа заттарды ажыратуға мүмкіндік береді.

Жаңа зерттеулер барысында ғалымдар қай баланың анасы дибутилфталаттың (ДБП) және бутилбензилфталатының жоғары деңгейдегі әсеріне ұшыраған болса, олардың балалары шамамен 3 жасына дейін сөйлей алмайды екен, яғни балалардың 30 пайыздан астамы осындай деген сөз. Аталмыш химиялық заттар ескі винилдік еден жапқыштарында, косметикалық өнімдерде және пластикалық ойыншықтарда кездеседі екен.

DBP және BBP аналардағы жүктіліктің бастапқы кезеңінде тестостерон деңгейін төмендетеді. Бұл балалардың зияткерлік дамуына қалай әсер етуі мүмкін. Бұған дейінгі бақыланған зерттеулер бойынша фталаттар мен өсімнің тежелуінің арасындағы байланыс, IQ және ерлердің жыныс мүшелерінің дамымауы арасындағы байланыстан төмен болған. Олар күнделікті өмірде жиі кездесетін болғандықтан біз олардың әсеріне жиі ұшырап жатамыз.

Көптеген өнімдерде DBP және BBP-дың пайдаланылуына тыйым салынады, бірақ олардың ұзақ өмірлік циклдары бар. Мысалы, винилді еденді 20-30 жыл бойы қолдануға жарамды, яғни адамдар олардың әсеріне ұзақ уақыт бойы еріксіз түрде ұшырап отырады. Сонымен қатар, фталаттар көбінесе жабық жерлердегі ауада, шаңда, тамақ пен суда кездеседі, өйткені олар ауаға еркін таралады.

Бұл химиялық заттарға ұрынудан сақтану үшін - алатын затыңызды фталаттың жоқтығын көрсететін жапсырмамен алу керек немесе затбелгідегі ингредиенттер тізімін мұқият оқып шығу қажет. Алайда, бұл химиялық заттармен байланысты мүлдем тоқтатудың бірден бір жолы емес.

Өнімдер мен олардың құрамындағы химиялық заттар туралы ақпаратты нақты алу қиындық тудырып жатады. Сондықтан жақсартылған таңбалау жүйесі қажет. Бірқатар елдерде тыйым салынған фталаттар басқа химиялық заттармен алмастырылды, дегенмен олардың да адам денсаулығына тигізер әсері мәз емес.

Кейбір өндірушілер, «қаскөй заң бұзушылар» қатарынан шықты. Алайда, кейбір жағдайларда, олардың әрекеттері аз ғана өзгерістермен шектелді, бірақ соңғы өнімдер әлі де қауіпті гормоналды белсенділікті сақтап тұр.

Жоғарыда аталған зерттеу Швеция мен Америка Құрама Штаттарында ұзақ мерзімді зерттеулер арқылы жүзеге асты, Швецияда 1000-ға жуық аналар, ал Құрама Штаттарда 370 адам қатысып олардың балалары тексерілді. Ата-аналардан балаларының 30-дан 37 айға дейін қанша сөз айтқаны сұралды. 50 немесе одан да аз сөздерді түсінген балалар тіл дамуы тежелген деп саналды.

Зерттеушілер балалардың сөйлеудегі кідірісі 10 пайызында, көбінесе, қыздардан гөрі ер балалаарда кездесетінін айтты. Зерттеу деректеріне сәйкес жүктіліктің 10-аптасында аналардан жиналған несеп үлгілері фталаттың әсер етуі мен сөйлеу дамуының кешігуі арасындағы байланысты анықтады.

Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.

Тегтер

Денсаулық Медицина


Permalink: http://mail.vitalem.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=10