No title specified

translator жұма наурыз 27, 2020

кардиологи аспирин

Егер сіз егде жастағы адам болсаңыз және жүрек ұстамасы мен инсульт қаупін төмендеткіңіз келсе, Сіз аспирин – ацетилсалицил қышқылын күнделікті қабылдауға міндетті емессіз.

Америкалық кардиологтар қауымдастығы мен жүрек ауруларына шалдыққан жандардың ассоциациясы - қатерлі топқа жатпайтындар мен жүрек аурулары бар ересек адамдарға мұндай терапия жүргізудің қажеті жоқ деп санайды. Қазіргі таңда дәрігерлер жүрек-қан тамырлары аурауларының қауіп факторларын яғни гипертониялық ауруды, қант диабетін және қандағы холестериннің жоғары деңгейін тиімді емдей бастады. Бұл аурулардың алдын-алу үшін аспиринді қолданудың қажеті жоқ.

Жетекші Америкалық кардиологтардың пікірінше, холестерин деңгейін төмендетуде, қан құрамындағы қант деңгейін реттеу кезінде, белгілі бір қиындықтар туындаған жағдайда ғана, науқасқа аспиринді алдын-алу шарасы ретінде және қан кету қаупі жоқ жағдайларда ғана тағайындалады.

Жақында жүргізілген ғылыми зерттеулерге сүйенсек, аспиринді күнделікті төмен дозада қабылдау егде жастағы сау адам үшін бос ақша жұмсау деп саналады екен. Ал денсаулығы нашар жағдайда аспиринді қолданса, науқастың қан кету мен мерзімінен бұрын өлім қаупін арттырады. АҚШ кардиологтары бұл қауіп – жасы келген адамның бүйрек, қант диабеті мен жоғары артериялық қысым аурулары болған жағдайда екі есе артады деп санайды.

Егер науқаста жара ауралары немесе қан кетулері бұрын болған жағдайда, науқаста асқазан-ішек жолында жара, қан аздық болса, онда мұндай препараттарды кунделікті қабылдау қауіпті. Сонымен қатар, егер адам қабынуға қарсы стероидты емес немесе гормональды, және қан сұйылтататын препараттарды қолданса, онда ол да қан кетуге қауіп төндіруі мүмкін.

Дәрігерлер жоғарыда аталған дәрі-дәрмектерді жүрек-қантамыр аурулары анықталмаған науқастарға сақтықпен тағайындауы қажет.

Бұл топтағы адамдарға салауытты өмір салтын ұстау және қан қысымы мен холестерин деңгейін бақылау маңыздырақ. Жас науқастарға келетін болсақ, ғалымдардың пікірінше, аспирин және жоғарыда аталған дәрілермен ем жүргізбес бұрын оларға салауатты өмір салтын ұстануды ескертуі қажет. Яғни темекі шегуден және басқа да қауіп факторларынан бас тартуды ұсынады.

Алайда науқаста инсульт, инфаркт, жүрекке ашық ота жасалған болса немесе тамырына стент қойылса, бұл дәрі-дәрмектер шынайы көмек құралы болып табылады. Дегенмен, мұндай жағдайларда да жеке емдеу тәсілдерін қолданып, мүмкін болатын асқынулардың қаупін бағалаған жөн.

Сонымен қатар, Жаңа ғылыми деректерге суйенсек артериялық қысымды төмедету үшін қан қысымын төмендететін дәрі-дәрмектерді таңертең қабылдаудың орнына ұйықтар алдында кешкі уақытта қабылдау ұсынылады. Ғалымдардың пайымдауынша инсульттің, миокард инфарктының алдын-алу үшін дәрі-дәрмектерді таңертеңгі уақытта қабылдаумен салыстырғанда кешкі уақытта қабылдау - артериялық қысымды барынша тиімді төмендететінін көрсетті. Сонымен қатар, осындай тәртіппен дәрі-дәрмектерді қабылдау, жүрек қан тамырларын стенттеу операциялары қажеттілігін төмендетіп отыр.

Мұндай деректер, испандық дәрігерлердің Еуропалық жүрек журналындағы мақалаларынан алынған. Олар науқастарға дәрі-дәрмектерді таңертеңгі уақытта қабылдау жақсы есте қалатындықтан, таңертең қабылдау режимі жиі ұсынылатын күнделікті тәжірибені айтарлықтай өзгертеді. Авторлардың зерттеуі нәтижесінде түнгі ұйқы кезінде орташа артериялық қысым деңгейі жүрек-қан тамырлары асқынулары қаупінің ең маңызды индикаторы деп санайды. Алайда, бұл нәтижелерді растау үшін қосымша ғылыми зерттеулер қажет болуы мүмкін.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.vitalem.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=104