Коронавирус адам ағзасында қалай пайда болды?

translator жексенбі сәуір 12, 2020

вирусы

Коронавирустар адамзатпен бірге 55 миллион жылдан бері бар, ал біздің планетамызда шамамен 4 миллиард жылдай өмір сүріп келеді. Олардың мінсіз таратушылары – жарқанаттар болып табылады. Олар біз сияқты омыртқалы бола тұра, ұшуға бейім және еріксіз короновирустарды таратуда. Соңғысы тіпті өз кезегінде мутацияға тез бейімді, яғни генетикалық өзгерістерге икемді.

Жағдайдың осылай ушығуының нәтижесінде табиғатта түр аралық кедергіден өтіп, адам ағзасына жұғатын коронавирустың көптеген түрлері ауық-ауық пайда болады.Бұл ретте олар өте агрессивті болып, ауру тудыртып, көбіне өлімге әкеп соқтырады.

Алайда адам ағзасында аман қалу үшін мұндай вирустар мутациялануы керек. Осы мақсатта олар осыған дейін біздің ағзамызда бейбіт өмір сүріп келетін коронавирустардың басқа түрлерінен генетикалық материалдың кейбір фрагменттерін алады.

Мұндай жолмен бұрын-соңды болмаған пандемияны тудырған қазіргі коронавирус сияқты төзімді және өте жойқын «химера» пайда болады.

Біздің әрқайсымыз осы инфекцияны таратпау жолында күресіп жатқан дәрігерлерге көмектесуіміз керек. Ол үшін жиі және дұрыстап қарапайым сабынмен қолымызды жуып, қарым-қатынасты шама-шарқынша шектеп, жақындарымызға көмектесіп, және сонымен қатар өзіңізден де коронавирус анықталуы мүмкін деген қауіппен өте сақ жүрген абзал.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, қауіпсіздік шараларын сақтаңыз!

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.vitalem.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=109